Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңселі елдің - ертеңі

31 қаңтар 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты.
Тақырыбы: Еңселі елдің - ертеңі
Мақсаты: Ел болашағына болжаммен қарап, келешекке көз жүгірте отырып жас буынды адамгершілікке, ұлтжандылыққа, Отанды, ата - ананы қастерлеуге, табиғатты аялап, әлемдегі бар сұлулықты бойларына сіңіре білуге, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп, жауапкершілікті сезініп, білім, ғылым жолында еңбектене білуге, салауатты өмір салтын сақтай отырып, өз ойларын еркін жеткізіп, ана тілімізді құрметтеп, ұжымда ұйымшылдық танытып, сыйластықты бойларына сіңірген, білімді, білікті ұрпақты тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, өлең шумақтары, мақал - мәтелдер айту, пікірталас, ән, би.
Көрнекіліктер: тақырып, слайд, суреттер.

Сабақтың барысы: Мұғалім сөзі; Құрметті оқушылар! Осынау ұлан - байтақ жерімізді ата - бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен, «Аруақ!» - деп атқа қонып, маңдай терімен, қасық қаны қалғанша, қарайып қара жерге тамғанша, елімізге, жерімізге көз жүгіртіп, қол сұққан жауларымызбен арпалысып, міне біздердің егемен ел атануымызға үлкен үмітпен қарап, тұғырлы ел болуымызды армандап, тәуелсіздігімізді алып беріп, тыныш, бейбіт елде өмір сүруге мүмкіндіктер бере отырып, осы жерімізді, Отанымызды біздерге аманат етіп қалдырып кеткенін ұмытпайық. Ертеңімізді тарихымызбен ұштастырып, өзімізге берілген аманатты келешек ұрпаққа «Аманат»- деп тапсырайық.
Ендеше тәрбие сағатын бастауларыңызға рұқсат!

(хормен: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер, ата - аналар, ұлағатты ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Еңселі елдің - ертеңі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
«Мен 2030 - жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін.»- деп Елбасымыз өзінің «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында болашақты болжай отырып, Қазақстан халқының мәртебесін асқақтатуды көздеген. Алайда бұл үшін бәріміз бір үйдің баласындай, бір шаңырақ астында ынтымағы жарасқан, Отанымыз бір - ел болуымыз керек.
Отан! «Отан - отбасынан басталады» - деп бекер айтылмаған. Отбасы мүшелерін табиғаттың көркем бейнесіне теңеген. Әке - асқар тау, Ана - қайнар бұлақ болса, Баланы жағасындағы құраққа теңеген. Ірге тасы берік қаланып, түтіні түзу шыққан отбасының тәрбиесі де берік, әрі түзу болатынын жасырмайық. «Әке көрген - оқ жонар, шеше көрген - тон пішер»- деп ұлдарын ұсталыққа, қыздарын шеберлікке баулыған. Соның ішінде «қызға қырық үйден тыйым»- деп қыз тәрбиесіне де қатаң мән берген. Сонымен бірге «Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі»- деп қызды табиғаттың сұлу бейнесіне теңеп, ал табиғатты қызды қалай аяласа, табиғатты да солай аялау керектігін ескерген. Ал, ақын - жазушыларымыз табиғатты да, Отанды да, Ата - ананыда, қылықты қыздарымызды да өз жырларына қосқан.
Ендеше жүректен жыр төккен, ақындықты ту еткен жастарымызға кезек берейік.

(Оқушылар кезекпен - кезек өз шығармашылығынан Отан, Туған жер, Әке, Ана, Отбасы туралы өлең шумақтарын оқиды, содан кейін алдын ала жаттауға берілген ақын жазушыларымыздың өлеңдерін жатқа оқиды)
1 - Оқушы: «Туған өлкем»
Жүрегімнен күмбірлеген күй ақты
Арнасынан аққан өзен сияқты.
Арынды күй махабатты шертеді
Туған жерге, Отаныма шуақты.
Жаныма ыстық мөлдіреген бұлағым,
Адалдықтың тәрізді ол тұрағы,
Асқар тауым, жазық далам, арманым,
Туған өлкем - жерұйығым, жұмағым.
Бала кезден артықсың сен мекенім
Сені ғана ардақтаумен өтемін.
Жылдан - жылға арта берсін берекең,
Асқақтай бер жарқын болсын ертеңің!
2 273
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы білім бере отырып, ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы жақсы екендігін ұғындыру; Наурыз мейрамын сипаттау арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
Халқымызда «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» деген мақал бар. Бұның өзі өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты имандылыққа, мейірім - қайырымдылыққа тәрбиелеу.
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Еңселі елдің - ертеңі
Еңселі елдің - ертеңі
Мақсаты: Ел болашағына болжаммен қарап, келешекке көз жүгірте отырып жас буынды адамгершілікке, ұлтжандылыққа, Отанды, ата - ананы қастерлеуге, табиғатты аялап, әлемдегі бар сұлулықты бойларына сіңіре білу.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Тәуелсіз елдің патриотымын!
Тәуелсіз елдің патриотымын!
«Пай, пай, пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер! Ғашықтар бір - бірін өпкен жер, Сарылып сал – сері кеткен жер.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×