Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


12-тамыз – Халықаралық жастар күнi, Мен жастарға сенемін!

11 тамыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мен жастарға сенемін! 12-тамыз – Халықаралық жастар күнi

І Жүргізуші:
Менде сөйлер сөз болса –
Өзің берген сөзің ғой!
Менде көрер көз болса –
Өзің берген көзің ғой!
Толқығанда сезім – ой,
Әппақ арым, тілегім.
Туған елім өзің ғой –
Арқа сүйер тірегім!

ІІ Жүргізуші: Туған елім, өзіңнің,
Жазираңды кездірдің.
Жайма – шуақ кезімнің,
Рахатын сездірдің!
Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін –
Лүпілдеген жүрегім!

І Жүргізуші: Армысыздар, тәуелсіз елдің жадыраған жастары! Еліміздің болашағы жастардың қолында, еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады.

ІІ Жүргізуші: Елбасы, Н. Назарбаев, жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деп пайымдаған. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында.
І Жүргізуші: Бірде Әл - Фараби бабамыздан бір әмірші өз елінің болашағы туралы сұрағанда, сен алдымыен жастарыңды көрсет, сонда мемлекетіңнің болашағын барлау қиынға соқпайды деген екен.

ІІ Жүргізуші: Расымен де, қай кезеңде болмасын болашақтың қожасы жастар. М. Жұмабаев атамыз жырлағандай: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн! Жігерлі қыз жігіттер, Елдің ертеңі, мемлекетіміздің тірегі.
І Жүргізуші: Олай болса Жастарды тәуелсіздік туының астына біріктіруді мақсат етіп отырған «Мен жастарға сенемін!» атты жиынымызға қош келдіңіздер!

ІІ Жүргізуші: Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Бұл - тарих заңы. солай емес пе?

І Жүргізуші: Әрине, Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Олай болса ауылымыздың ырысы мен табысының мол болуына, аянбай еңбек етіп жүрген ауыл әкімі мен Нұр Отан партиясының аудандық өкілін ортаға шақырып, сөз кезегін берсек. Қазақ биі «Қамажай» орындайтын № 184 мектеп қыздарынан құралған «Шашу» би тобы.
ІІ Жүргізуші: Қасиетті хадис: “Отанды сүю иманнан - дүр”, дейді. Елін сүю, Отанын қорғау қашаннан ер жігіттің парызы болған Патриотизм - Отанға деген іңкәрлік, өз халқыңның табыстарына, жеріңнің игілігіне қуана білу болса. “Отаншыл сезім жас ұрпақ бойына қайдан беріледі?

І Жүргізуші: Әрине, ешкімге де елін, жерін, Отанын зорлықпен немесе жалынып - жалбарынып сүйгізе алмайсың. Елжандылық, туған жерге деген құрмет - әркімнің дербес парызы, ар - ұятының ісі. Ол ана құрсағын жарып шыққан пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны тағы да ақиқат. Патриотизм - санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әркімнің өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде болатын, үздіксіз тәрбиенің жемісі.

ІІ Жүргізуші: Олай болса Жас ұрпаққа аянбай тәрбие беріп, «Болашақ – жастардың қолында, біз - жастарға сенеміз!» деп үміт артқан ауылымыздың құрметті азаматтары «Молдахан ата» мешітінің имамы Өтеген атаға сөз кезегі беріледі. № 184 негізгі мектебінің домбыра үйірме мүшелері «Жастар» күйімен І Жүргізуші: Қазақтың даңқты қолбасшысы, 1941 - 1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысында ерен ерлігімен есімі шығып, аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы өткен ғасырда «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген. Дөп айтылған қанатты сөз. Бұл қағида бүгінде әрбір азаматқа, әр ұжымға қатысты қағида болуға тиіс екендігі дау тудырмайды. ІІ Жүргізуші: Тәртіп бар жерде сапалы жұмыс болатыны айтпаса да түсінікті. Тәрбие, тәртіп туралы тағы қандай нақыл сөздер білесің? І Жүргізуші: Тәрбиелі – тәртіптің құлы Тәртіпті – елдің ұлы. Тәртіп – тән үшін, Ынтымақ – жан үшін керек. - деген бар

ІІ Жүргізуші: Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс,
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.(Ғабиден Мұстафин)
Сонымен қатар,
Тәртіпті бала сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді,- деп бабаларымыз бекер айтпаған сияқты. Мен бұл әңгімен бекер қозғағам жоқ. Сөз кезегін №168 орта мектебінің АӘД пәнінің мұғалімі Башаров Нұрлан ағайға беріледі. Ән Ортада Мәулен Рақымжан «Қазағым менің»

І Жүргізуші:«Қазақстан - 2050» стратегиясын оқыдың ба?

ІІ Жүргізуші: Әрине Елбасымыз: Мен сөзімді әсіресе жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге - жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деген сөздері маған әрдайым күш қуат сыйлайды. Баяндама «Қазақстан - 2050 стратегиясындағы жастардың рөлі»Қожакент ауылдық аппарат маманы Сапиев Олжас

І Жүргізуші: Құрметті бүгінгі жиынға қатысушы жастар! Осында қонақ етіп шақырылып отырған «Нұр Отан» ХДП - ның, «Жас Отан» жастар қанаты өкілдеріне арналған сұрақтарыңыз болса қоюға рұқсат. (Оқушылар мен ауыл жастарының сұрақтары қойылып жауап алынады)

І Жүргізуші:«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» туралы естігенің барма? ІІ Жүргізуші: Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Бұл ұйым қоғамдық ұйым болып табылады. "Нұр Отан" ХДП XIII съезінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін "Жас ұлан" бірыңғай балалар ұйымының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай 2011 ж. 6 шілдеде "Елорда күніне" орай "Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестік құрылды.

І Жүргізуші: Өте жақсы! Алайда бұл ұйымға кімдер мүше бола алады?

ІІ Жүргізуші: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін - өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан әрбір оқушы «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі бола алады. Сен білсең Қызылорда облысының өзінде игі істерге бастамашы болып жүрген Жас Ұландықтардың саны 60 000 нан асты. Жыл сайын облыстық, аудандық деңгейде іс - шаралар өткізіп тұрады. «Мың рет естігенше бір реткөр»демей ме дана халқымыз. Олай болса № 184 негізгі мектебінің «Жас Ұлан» ұйымы белсенді оқушыларын ортаға шақырайық.

Айтмахан: Тәуелсіздік. (Авторы: Қ. Сарин)
Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік, қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!...
Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті -
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе - ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшенді!?

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Қожакент ауылы № 184 негізгі мектебі
Физика пәнінің мұғалімі Маханова Айдана Рысбекқызы
12-тамыз – Халықаралық жастар күнi, Мен жастарға сенемін! жүктеу
11 514
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Оқу мақсаты: 7. Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау 7. А5. Диалогқа қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші - тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру
Жастар жылы іс - шарасына сценарииі
Жастар жылы іс - шарасына сценарииі
Все мы прекрасно знаем что 2019 год является Жастар жылы, которая подразумевает собой единые цели, единые интересы, единую судьбу и единую страну. Данная идея возлагает на молодежь огромную надежду и ответственность за будущее страны.
Жас педагогтардың кәсіби әлеуметтенуіне ықпал етуші факторлар
Жас педагогтардың кәсіби әлеуметтенуіне ықпал етуші факторлар
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші - жастар.
Ел болашағы жалынды жастар
Ел болашағы жалынды жастар
Осы тақырыпты алған себебім, болашаққа деген үмітім зор екенімді білдіреді, қазіргі уақытта өмір сүргенімді мақтан етемін. Тәуелсіз Қазақстанның кішкентай ғана тұрғынымын, ұлтым башқұрт болғанымен қазақ тілін меңгеруге жетік, білуге бар ынтамды
Ата  Заңым – айбыным
Ата Заңым – айбыным
Ел тәуелсіздігімнің кепілі, келешегімнің кепілі – Конституция күніне орай
Өрлей бер өркениетке, өсер елім!
Өрлей бер өркениетке, өсер елім!
Тәрбие сағатының тақырыбы: Өрлей бер өркениетке, өсер елім!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×