Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Би қойылымдары мен жұмыстану арқылы балалардың танымдық қабілеттерін жетілдіру

22 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Би қойылымдары мен жұмыстану арқылы балалардың танымдық қабілеттерін жетілдіру
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие бүкіл қоғамдық, жалпы халықтық іс болып отыр, себебі қоғам өміріндегі өзгерістер – жан - жақты дамыған, білімді, парасатты адам тәрбиелеп, өсіруді талап етеді.

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл - ой қабілеттерін жан - жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың таным қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері мол. Баланың ақыл - ой ерекшеліктері жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, бірақ оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әртүрлі, сондықтан баланың танымдық қабілеттерін дамыту, оның бағыттарын анықтау ең алдымен оның жас және дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Сондықтан мен өз жұмысымда қызықты сахналық би қойылымдары арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағыттадым.

Мектеп жасына дейінгі балаларға сахналық билерді үйрету үшін қазіргі кезде көптеген би жетекшілері түрлі би қойып қызмет етуде. Бірақ орындалатын бидің астарын ашу, көрерменге мағынасын жеткізу үшін көп ізденіп, мол тер төгуі қажет ететіні белгілі. Жақсы, сапалы балалар биін қою, би қоюшының ой - өрісі мен эстетикалық, педагогикалық, психологиясына, тәлім - тәрбиесі мен біліміне байланысты.

Үлкенді, кішілі би қойылғанда басынан аяғына дейін әр - түрлі тәсілді жүйесі болады.
Біріншіден, би драматургиясы - ол бидің негізін қалайтын ой - өрісі. Бұл биде не көрсетіп, не айтқымыз келетінін нақ басып жеткізу.
Екіншіден, саз (музыка)- қандай да би қойылмасын, оның болашағы таңдап алынған сазды әуенге көп байланысты. Драмалық ойды ашуда сазды әуен негізгі роль атқарады.
Үшінші - қимыл (дене, қол, бет - пішін қимылы ) барлығы осы бір сөздің ішіне сыйып тұр. Енді ойымыз күрделене түсті, осы би қимылдары сазды әуенмен үндестік табуы өте қажет, Әуенін естіп отырып қимылды көргенде, драмалық ой - өрісі ашыла түсіп барлығы бір дүние іспеттес болуы хақ.

Төртінші - ол осы ойлаған драмалық ойымызды, сазды би қойылымдарымен үйлестіре отырып, сахна кеңістігінде дұрыс қозғалыс табу.
Төртінші - әр түрлі ракурстар. Осы сахналық қозғалыстардың (суреттердің) дұрыс көрініс табуы. Би қою тәсілінде, бидің басталуы - яғни көрермен бишінің қай уақытты, қай ел - жерді, қай халықты(киім үлгісіне, сазды әуеніне, сол халыққа тән би қимылымен сазды әуеніне байланысты) қай мезгілді, кімді көрсететінін түсінуі керек. Енді сахнаға шыққан би орындаушы балалар белгіленіп берілген сурет бойынша сахна кеңістігінде қимылдарды билей жөнеледі. Келесі сазды әуенмен би қимылдарының, ракурстарының шыңына жеткізу кезеңі. Бидің драматургиялық түйіні бидің аяғы. Бірақ осы түйіннің өзі, ой - өрісті дұрыс өргізіп әкеліп түйіндеуді керек етеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 725
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
«Білім еліне саяхат»
«Білім еліне саяхат»
Мақсаты: 1. Балалардың алған білімдерін бекіту, жетілдіру, толықтыру. Әр тапсырманы қызығушылықпен орындауға үйрету.
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудың жағдайлары
Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудың жағдайлары
БҚО, Орал қаласы, №49 "Ақ ниет" балабақшасы Айжан Султанқызы Убишева
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Ибраева К. М. қазақ тілі мұғалімі «Алтын сақа» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы
Мектепке дейінгі мекемелерде  баланың даму прогресін жетілдіру мүмкіндіктері
Мектепке дейінгі мекемелерде баланың даму прогресін жетілдіру мүмкіндіктері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақша тәрбиешісі Әбен Феруза
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×