Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Автомобиль кузовы мен қаңқасы

06 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Әдістемелік көмек
Байқоңыр Космос коледжінің арнайы пән оқытушысы
Тлегенов Даурен Аманжолович

Сабақ тақырыбы: Автомобиль кузовы мен қаңқасы
Білімділік мақсаты: Тақырыпты өткен сабақтармен байланыстыра отырып, студенттердің білімін пысықтау, Автомобиль кузовы мен қаңқасы мен олардың қызметтерін және айырмашылықтарын ажырата білу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Модульдік технология бойынша сабақ барысын ойын арқылы, студентердің өзіндік ізденістерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, видео таспа, сұрақ жауап слайдтары.

Сабақ барысы:
* Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру: оқу құралдары
* Өткен сабақты пысықтау
Дифференциал - айналдырушы иінді күшті жетектегі екі білік арасында берілген қатынаста бөліп, олардың Әртүрлі бұрыштық жылдамдықпен айналып қозғалуын қамтамасыз ететін күштік берілістің механизмі.

Жаңа сабақ тақырыбы: Автомобиль кузовы мен қаңқасы
Кузов түрлер
Шанақ (Кузов) – Жолаушы мен жүкті тасымалдауға арналған көліктің құрамдас бөлігі. Шанақ көліктің рамасына бекітіледі. Рамасы жоқ шанақтардың түрлері де болады. Оларға көліктің қалған құрамдас бөліктері бекітіледі. Жеңіл көліктердің кең таралған шанақ түрлерін қарастырайық.
Минивэн – көліктің рөлі машинаның алдыңғы білігінің тура үстінде орналасқан, біркөлемді, жолаушыларды тасымалдауға арналған шанақ түрі. Бұл анықтамаға жапондық және корейлік көліктерді жатқызуға болады.

Кабриолет - жиналмалы төбесі бар шанақтың түрі. Жұмсақ жиналмалы тент пен шешілмелі бүйір терезелермен жабдықталады. Халықаралық классификацияға байланысты бұл көліктің бүйір терезелері түсірілмелі емес, шешілмелі.

Купе – екі немесе үш көлемді есіктері бар жолаушылар шанағы. Бір негізгі немесе бір негізгі және бір қосымша отырғыштар қатарымен жабдықталады.

Лимузин – жолаушылар шанағы, бірінші мен екінші қатарлардың арасында қорғаныс қалқасы болады. Германияда бұндай шанақты көліктерді Pullman деп атайды. Кейде лимузин деп құрамында 3 тен кем емес отырғыштар қатары болатын көлікті атайды.

Пикап – жолаушы мен жүкті тасымалдауға арналған шанақ түрі. Жүкті орнату платформасы ашық түрде орындалған. Көлік кабинасы мен жүк салғыш стационарлы қалқамен ажыратылған.

Родстер – ашық, екі орынды жолаушыларға арналған шанақ түрі. Алынбалы, жұмсақ төбесі болады.

Седан – үш көлемді, төрт есігі бар көлік шанағының кең таралған түрі. Шет елдерде басқа атауларға ие: АҚШ - Sedan, Англия – Saloon, Франция – Berline, Германия – Limousine, Италия – Berlina.

Универсал – үлкен көлемді жүкті тасымалдайтын орны бар жолаушылар шанағы. Артқы отырғыштар қатарын алып тастауға болады. Соның салдарынан жүк салғыштың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Екі көлемді, артқы есігі бар шанақтың жүк салғыш орны жолаушылар салонынан қалқамен қоршалмаған.

Фургон – шанағы жабық жүк көлігі. 2. Жүк пен жолаушыны тасымалдайтын көліктің шанағы. Жолаушы мен жүк орындары бір - бірінен қалқамен қоршалған. 80 - 90 жылдары қосымша отырғыштар мен бүйір тереземен жабдықталған көліктер үлкен сұранысқа ие болған. Басқа атаулары: Англия - Van, Германия - Kastenwagen, Франция - Fourgonette.

Хэтчбек – универсалға ұқсас шанақ түрі. Айырмашылығы еңкейтілген артқы есігінде, сондықтан жүк салғыштың көлемі де кішірек болады.
3 863
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауыл шаруашылығына арналған еңбек құралдары
Ауыл шаруашылығына арналған еңбек құралдары
Қарапайым еңбек құралдары, олардың маңызын түсіндіру; Тірек сызбаларын қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Интегралды қолданып есептер шығару
Интегралды қолданып есептер шығару
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №53 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Утенова Гулнар
Алгебрадан сабақ жоспары (11 сынып)
Алгебрадан сабақ жоспары (11 сынып)
Қызылорда облысы, №112 орта мектептің математика пән мұғалімі Сайдалиева Айзада
Қазақстанның көлік кешені
Қазақстанның көлік кешені
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің тарих және география пәні мұғалімі Кушекова Елена Насеновна
Қоректендіру жүйесі
Қоректендіру жүйесі
Арал көпсалалы колледж оқытушысы Бекманбетова Даметкен Анескановна
Химия пәнін арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдісім
Химия пәнін арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдісім
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №2 кәсіптік лицейінің химия, биология пәндері оқытушысы Ақбала Айназарова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×