Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кәсіптік білімдегі дуальдық оқыту жүйесі негізінде кәсіби маман даярлап, сұранысын арттыру - заман талабы.

22 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
КӘСІПТІК БІЛІМДЕГІ ДУАЛЬДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ НЕГІЗІНДЕ КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАП, СҰРАНЫСЫН АРТТЫРУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ.

Президент Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясында кәсіптік білімді дамытудың маңыздылығын айқындай келе, білім саласына қатаң тапсырма жүктеген болатын: «Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын. Кәсіби - техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді және жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми - зерттеушілік бөлімшелерін құрып дамытуы қажет» делінген. Осы негізде кадрларды дайындаудың мамандандырылған жүйесін жасауда ғылыми техникалық прогрестің қазіргі деңгейін ескере отырып, білім беру саласына қойылатын жоғары халықаралық талаптарды да қанағаттандыру мақсатында еліміздің әрбір аймақтарында кәсіптік - техникалық білім беру саласына жаңа жүйе — дуальды оқыту әдісі енгізіліп, осыған орай, қазіргі қоғамға ақпараттық - коммуникациялық технологияларды, оның ішінде, дуалдық оқыту жүйесін ендіру осы салада нақты біліктілігі мен мамандығы бар кадрларға деген сұранысты арттырады деп болжам жасалуда.
Дуалды жүйенің негізі — оқушыны оқу орны мен өндірісте қатар оқыту, дуальды оқыту әдісі әлемнің көптеген елдерінде мысалы; Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция, Англия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекеттерде табысты жұмыс істеуде.
«Қазақстан Республикасында дуалдық оқыту жүйесін енгізу» жобасының сарапшысы Герберт Мюллер өзінің Қызылорда қаласына сапары барысында кәсіптік - техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізу аясында орталықтың қызметімен танысты. Герберт Мюллер біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарының тыңдаушыларымен кездесіп, оқу үдерісінің ерекшеліктеріне және оның нәтижелеріне қызығушылық білдірді. Неміс сарапшысы орталықта оқытудың жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті. Мюллердің айтуынша неміс елі бұл тәжірибені 90 - жылдардан жүзеге асырып келеді екен, мақсаты өндіріспен тығыз байланыста болған жастар кәсіби тәжірибелі маман болып қалыптасып жұмыссыз қалмайтынын айтып берді. Әсіресе, оқытуға қажеттілікті талдау негізінде оқытуды жоспарлауға ерекше көңіл бөлді, жалпы білім орталықтың тәжірибесі халықаралық іс - тәжірибеге сәйкес келетінін атап өтіп, колледжіміздің алға қойған мақсатының жүзеге асуына тілектесін білдірді. Мюллердің пікірі бойынша, өңірдегі мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуінің тетігі бірқатар жобаларды, соның ішінде дуальды білім беру саласындағы жобаларды дамыту үшін негіз болып табылады деді.
Әріптесіміз Германиядағы мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және оқыту жүйесі туралы, мемлекеттік қызметшілерді іріктеу рәсімі мамандығы бойынша еңбек өтілі бар жоғары білімді тұлғаларға бағдарланғанын айтып, лауазымының ерекшелігіне қарай әрбір үміткер қабылдау емтихандарын тапсырады және қабылдау кезінде әңгімелесуден өтеді, бұл ретте емтиханнан өтуге бір ғана мүмкіндік беріледі. Егер тестілеуден өтпесе, онда азамат мемлекеттік лауазымға үміткер бола алмайды алайда, мұндай қатал талаптардың болуына қарамастан, әкімшілік лауазымға конкурс жоғары. Мемлекеттік қызметшілер құрамына бюджеттік сала қызметкерлері де жатқызылатын атап өту қажет, бұл ретте Германия елінде оқытушының еңбегі абыройлы болып табылады және жоғары ақы төленеді деді.
Әрбір білікті маман қайта оқытудан өтуге міндетті, оны қаржыландыру әртүрлі көздерден жүзеге асырылатынын айтып, дуальдық білім беру жүйесін іске асырудың ерекшелігіне Қазақстанда енгізіліп отырған немістік үлгінің негізгі қағидаларының бірі – өндірістегі тәлімгер мен кәсіптік оқыту шеберінің бірлесіп оқыту үлгісіне тоқталды. Қызықты диалогтың соңында Герберт Мюллер оқытушылардың бірге ынтымақтасудың және одан әрі бірлесіп жұмыс істеудің мүмкіндіктерін талқылады.
Халықаралық негіздегі курс оқытушылармен бірге оқытылып теориялық біліммен тәжірибелік білімнің нәтижелілігін презентация, бейнероликтер түрінде өндірістегі жетістіктері жылға бөлінген статистикалық диаграммамен көрсетіліп, курста толық оқытылған оқытушылар төмендегідей сертификатқа ие болды.

Осы орайда тағы да айтып кететін бір маңызды шаралардың бірі. Қызылорда облыстық білім басқармасының оқу орталығының бастамасымен дәстүрлі түрде ұйымдасырылатын «Кәсіптік білім және бизнес» Әріптестер сұхбаты тақырыбындағы облыстың форумында колледж басшыларымен оқытушыларының өзара тәжірибе алмасуға негізделген теориялық тәжірибелік баяндамалар жасалып, облыстық шығармашылық байқаулар ұйымдастырылу үрдіске айналған.

Біздің басты бағытымыз – әлеуметтік серіктестермен теория мен тәжірибені ұштастырып жұмыстар жасалуын және өндірістік машықтану кезінде озат іс тәжірибелі жаңа жабдықталған технологияны меңгерген болашақ маман ретінде өзінің туған жері мен елін сүйетін, білімді де білікті, ұтқыр ойлы ұрпақтар тәрбиелеп сапалы білім алып, отанға деген патриоттық сезімін, еліне деген сүйіспеншілігін, болашаққа деген нық сеніммен қадам басып өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын азамат тәрбиелеу.
Оқушылардың қызығушылығы мен мекемелердің сұранысына қарай жұмысқа деген ынтасын ептілігі мен ұқыптылығын арттыру. Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болса еңбек нарығында сұранысы жоғарылайды.
Сонымен бірге оқу орныны болсын мекемелерде де осы мамандыққа деген сұраныс көбейіп, халықтың жұмыссыздығы кемиді. Бұл біздің кәсіптік техникалық колледждердің, білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылатады деп сенеміз. Өндіріс орындарының сұранысы негізінде кәсіби деңгейі жоғары көп салалы маман даярлауда колледж қосымша жұмысшы мамандықтарды оқытуды қажет етеді. Көп салалы мамандықтарды даярлаудың, қосымша мамандықтарды игерудің негізгі түсінігі тәжірибедегі уақыттарын тиімді пайдалану өндіріс орындарымен келісілген оқу жоспары арқылы жүргізіледі.
Дуальды оқыту жүйесінің енгізілу жобасы
(2013 – 2016ж)

Осы құрылым бойынша тығыз жұмыстар барлық өңірде атқарылуда. Қазіргі кезде кәсіптік техникалық колледждер заманымызға сай жаңару мен даму үстінде. Бұның барлығы кәсіптік білім беруде оқытудың заманауи бағдарламалары мен оқыту әдістемелерін жаңғырту игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Дуальды оқытудың артықшылығы ең алдымен жас мамандардың жұмысқа орналасуының жоғарғы пайызын көрсетеді. Өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді.
Дуалды білім беру процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, оқушының шығармашылық іскерлік сапаларын, коммуникативтілігін, жұмысқа бейімділігін, рухани - адамгершілік мәдениетін және болашақ мамандардың сауаттылығын қалыптастырады. Дуалды білім беру жүйесі оқу үрдісінде кәсіптік техникалық колледждер базасында қалыптасып, жұмысшы маман ретінде өндіріске бейімделеді.
Осы мақсатты орындауда облысымызда әр саладағы мамандықтар бойынша оқытудың дуалдық жүйесін енгізу мақсатында мекемелермен меморандумға отырған. Сонымен бірге басқа мекемелер бойынша да қала орталығындағы іргелі мекеме базаларымен келісім шарттар жасалуда.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан, 2012.
2. Азгальдов Г. Г., Костин А. В. Интеллектуальная собственность, инновации и квалиметрия // Экономические стратегии, 2008.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы,
4. Кәсіби білім № 5. 2014ж Респуликалық педогогикалық - әдістемелік журнал
5. Техникалық және кәсіптік білім №3. 2013ж Ақпараттық әдістемелік журнал

И. Әбдікәрімов атындағы
Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы
Менликулов Нур Машарапович
2 788
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары
Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары
Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру.
Оқытуға дуалдық жүйені еңгізу тәжірибесінің қазіргі таңдағы нәтижесі.
Оқытуға дуалдық жүйені еңгізу тәжірибесінің қазіргі таңдағы нәтижесі.
Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген.
Инновациялық технологиялар
Инновациялық технологиялар
Өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар мамандар қажет десек, осы жолда орта кәсіптік білім беру – мемлекеттік саясаттың ауқымды да маңызды бағыты болып табылады.
Эссе. Ғылыми әдістемелік тұрғыдан педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру
Эссе. Ғылыми әдістемелік тұрғыдан педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру
Қызылорда облысы Қазалы ауданы. Музыка пәні мұғалімі Баян Алпысбай Игілікқызы
Куспанова Сауле Ұмбетқалиқызы
Куспанова Сауле Ұмбетқалиқызы
ТҮЙІНДЕМЕ Аты - жөні: Куспанова Сауле Ұмбетқалиқызы Мекен - жайы: Ақтөбе қаласы. Телефон: 56 - 69 - 33, 8 - 701 - 378 - 97 - 52 Туған жылы, күні: 12. 05. 1965 Туған жері: Орал облысы Жанұя жағдайы: жанұялы, үш баласы бар Білімі: жоғары, Қостанай
Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен мемлекеттік, жеке меншік, әріптестік қатынастардың ықпалдастығы
Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен мемлекеттік, жеке меншік, әріптестік қатынастардың ықпалдастығы
Қазақстанның әлеуметтік саясатында білімді дамыту мәселесі ерекше орын алып отыр. Білім берудегі мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен бағыттары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында айқындалған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×