Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайталау сабақтарын жүргізу әдістемесі (әдістеме)

07 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Қарағанды қаласы, Абай ауданы, Топар кенті
Абай атындағы мектеп-гимназиясының
математика пәні мұғалімі Касмедина Б.А

Баяндама
Тақырыбы «Қайталау сабақтарын жүргізу әдістемесі»

Оқушылардың білім-білік дағдысын дамыту барысында сабақтың әр түрлі типтерін қолданамыз. Сабақты талапқа сай өткізудің бірнеше методикалық әдістері бар. Осы әдістерге сай сабақты мынадай типтерге бөлуге болады:
• Жаңа сабақ
• Білімін жетілдіру
• Қайталау сабағы
• Аралас сабақ
• Бағалау сабағы
Соның ішінде қайталау сабағы оқушының білімін тарау бойынша саралап тексеру үшін және жеке-жеке білімін бағалау үшін қолданылады.
Қайталау сабағын өткізерде алдын ала жоспар жасап, оның мақсатын көрсетіп сол тарауға немесе тақырыпқа негіздеп сұрақтар мен есептер дайындау қажет. Сұрақтар мен есептерді деңгейлік тапсырма түрінде алу қолайлы.
Қайталау сабағында сабақты өтудің бес түрі қолданылады.
• Ауызша сұрақтар
• Өзіндік жұмыс
• Практикалық жұмыс
• Бақылау жұмысы, тест, сынақ алу
• Іскерлік ойындарын ұйымдастыру.
Өткен тақырыпты қайталап, пысықтау кезінде осы өткен тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап беру, есептер шығарту, 20-25 минутқа арналған өзіндік жұмыс алынуы тиіс.
Қазіргі уақытта оқушылардың білім-білік дағдысын қалыптастыру, дамыту барысында түрлі әдістемелік әдістер қолданылады.
Саралап деңгейлеп оқыту әдісі математиканы оқытуда жиі қолданылады. Бұл әдіс оқушылардың жеке шығармашылықпен жұмыс жасауына және ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Оқу тәрбие үрдісіндегі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу білім беру мазмұнымен тығыз байланысты. Саралап деңгейлеу әдісінің ерекшелігі де осында. Оқушының нақты қабілетін анықтап беруге және оның қандай деңгейде білімі бар екенін нақты көрсетіп береді.
Бұл баяндамада қайталау сабақтарын ойын арқылы жүргізуді қарастырамын.
Сабақ – әрбір мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Сабақты ыңғайына қарай түрлендіріп өткізсе, сабақтың мазмұнын аша түседі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділіктерін арттырады. Ойынға педагогикалық басшылық жасау дегеніміз-оқушылардың ұйымшылдық, шығармашылық дербес қызметтерін алмастырмастан, балалардың ұжыммен қарым-қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады.
Математикалық ойындар-сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. «Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деп В.Ф.сухомлинский айтқанындай ойын ақылды, ойды, тапқырлықты, алғырлықты дамытады.
Мақсаты: Математика сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттері:
- математика сабақтарында ойын элементтерімен танысу;
- математика бағдарламасына сараптама жасап, ойын сәттерін енгізетін тақырыптарды анықтау;
- оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына, қалыптасуына жағдай туғызу;
- өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыру;
- оқушылардың пәнге деген қызуғушылығының денгейін сезінуге, оны игеруде, өз мүмкіндігін болашақта бағалай білуіне көмек көрсету;
- оқушылардың қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру.
Егер математика сабағында:
- ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
- уақытты тиімді пайдаланса;
- тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе,
онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады.
Ойын элементтерін жиі пайдаланатын болсақ:
- сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады.
- оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады.
- ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді.
- оқушылардың математикалық қабілеттері айқындалады.
«Қарлы кесек» іскерлік ойыны.
1 нұсқа. Сынып оқушылары 5 адамнан бес топқа бөлінеді(4 топ 4 адамнан) Әр үстелдің белгісі бар: А, В, С, Д, Е .Әр топ осы үстелдердің біріне жайғасады. Ойынға қатысушы әр оқушының жеке нөмірі болады. А үстелінің қатысушылары А1 А2 А3 А4 А5 В үстелінің қатысушылары В1 В2 В3 В4 В5 және т.б. кете береді.
Ойынның 1-ші сатысы- топпен жұмыс жасау: Әр топқа тапсырма беріледі, оны алдын-ала белгіленген уақыт бойынша барлығы бірге орындайды.
Ойынның 2-ші сатысы-ұжымдық жұмыс жасау: Үстелдерден А, В;С, Д, Е белгілері алынып тасталынады, орнына сәйкесінше 1, 2, 3, 4, 5 нөмірлері қойылады. Қатысушылар келесі тәтіппен отырады: 1-ші үстелге барлық 1-ші нөмірлі қатысушылар А1 В1 С1 Д1 Е1 2-ші үстөлге барлық 2-ші нөмірлі т.с.с. жайғасады. Қайтадан 5 адамнан әр үстелге отырғызғаннан кейін, әрбіреуінде өзінің оқылған 5 әртүрлі тақырып бойынша сұрақтары болады. Өзара оқу басталады, әрбір оқушы 1 рет мұғалім 4 рет оқушы болады. Ұжымдық жұмысқа белгілі бір уақыт беріледі(уақыт алдын ала келісіледі).
Ойынның 3-ші сатысы-фронтальды (қарсы, маңдай алды) жұмыс жасау. А В С Д Е нөмірлері қалпына келтіріледі, оқушылар өздерінің алғашқы орындарына оралады. Мұғалім сұрауды бастайды № 1-ші тақырыпты сұрағанда кез келген топтың қатысушылары жауап бере алады, өйткені олар үстел сарапшылармен берілген тақырып бойынша кеңесіп, сондай-ақ жауаптардын дұрыстығын бағалайды.
4-ші саты: Сабақтың қорытындысы және рефлексия.

2 нұсқа.
«Қарлы кесек»ойынын өз бетімен оқу материалдарында қолдануға болады (егер бір тақырыпқа енген бөлім өз бетімен жұмыс жасау туралы болса). Алынған ақпаратты бекіту кезінде (практикалық жұмыстардын орындалуы), жобаларды дайындау кезінде және т.б
«Бақытты сәт ойыны»
Құрал-жабдықтар:1. Шарлары бар кеспек немесе қап 2.секундомер 3. Жалпы бағалау парағы 4. Фишкалар 5.Үйге берілген сұрақтар ( әр командаға 2 ден) 6. Сайыс үшін тапсырмалар 7 жауап үлгілер.
Ойын барысы:
Сынып екі командаға бөлінеді, әр команданың капитаны мен аттары болады.
1 гейм. «Сергіту».
Әр командаға 10 -10-нан сұрақтан қойылып, пікірлесулеріне 5 мин беріледі. Команда уәкілі жауап береді, ал қарсы команда жауап үлгілерінің дұрыстығын қадағалайды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген және сандық көрсеткіштері көп команда жеңіске жетеді.

2 гейм «Кеспектегі қатырмалар»
Команда қатысушылары кеспектен нөмірленген шарларды алады. Жүргізуші әр нөмірге жұмбақ жасырады немесе сұрақ қояды. Пікірлескеннен кейін капитан командалары жауап береді.
3 гейм «Бәйге»
Жүргізушінің сұрағына жылдам (тез) жауап берген команда жеңіске жетеді. Егер жауап дайын болса, команда ту немесе қолдарын көтеріп белгі береді.

4 гейм « Сен маған, мен - саған»
Командалар бір-біріне екі-екіден сұрақтан қояды. (үй тапсырмасы)

5 гейм «Көш басшысымен жарыс»
Қатысушылардың барлығы сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапты көп берген команда жеңіске жетеді. Балалардың арасынан дұрыс жауапты көп жинаған (4-7) командаға қосымша балл 4-5 жауап «4 балл» 6-7 жауап «5» баллдан ала алады.
2, 3, 4, 5 гейімнің тапсырмаларын орындауға 1 минут беріледі. Егер жауап толық болса, онда осы үнемделген минутты команда басқа басқа сұрақты талқылауға қолдана алады. Әрбір дұрыс жауапқа команда фишка немесе бір балл алады.
«Аукцион»-іскерлік ойыны. Бұл ойын бір затты сатып алу немесе несие алу арқылы жүзеге асады. Әр топ банктен қажетті мөлшерде несие алып, ойын соңында оны белгелі бір пайызбен қайтаруы тиіс. Ойын барысында сұрақтарға жауап беру арқылы қажетті пайызды жинаулары керек.

Қорыта келе:
1. Математика сабағындағы ойын технологиясының пайдасы қазіргі кездегі математиканы терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.
2. Қызықты тапсырмалар мен жаттығулар түрлері білімді меңгерумен қатар, оқушылардың танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін арттырады.
3. Оқушылардың ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді. Соның әсерінен ойлау жүйесін дамытады.
4. Оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді, сабақтың сапасын жақсартады.
5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады.
13 342
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Күнделікті сабақ жоспары (алгебра 8 сынып)
Күнделікті сабақ жоспары (алгебра 8 сынып)
Дәреженің қасиеттерін есептер шығару барысында қолдана алу дағдыларын тексеру есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту
Квадрат теңдеулерді қайталау
Квадрат теңдеулерді қайталау
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қалиева Зейнегүл Борамбайқызы
ҰБТ дайындық жоспары
ҰБТ дайындық жоспары
ШҚО, Аягөз қаласы, «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ физика және информатика пәнінің мұғалімі Кунусова М.О.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×