Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұтықпасы бар балалардың күн тәртібін үйде дұрыс ұйымдастыру

15 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Жамбыл облысы Байзақ ауданы
Сарыкемер ауылы «Балапан»
балабақшасының әдіскері А. Килибаева

Тұтықпасы бар балалардың күн тәртібін үйде дұрыс ұйымдастыра білу
Дұрыс ұйымдастырылған үйдегі күн тәртібі – баланың тұтықпасын түзетуге үлкен мүмкіндік береді. Күн тәртібі бойынша баланың өмір сүру образын түсіну қажет: оқу, демалу, ұйықтау, тамақтану т. б. Мұнын бәрі баланың тұтықпасын жоюға және нерв жүйесін қалыптастыруға бағытталады.
Мектеп жасындағы баланы логопедиялық сабаққа жіберер кезде, ата-аналар міндетті түрде баланы сабақтан қалдырмай және оның қосымша үйде күнделікті дайындалуын қадағалау.
Мектеп жасындағы балалар үшін міндетті түрде күн тәртібін нақты жоспарлап қою керек, әсіресе бастауыш сынып оқушыларына.

Алайда жақсы күн тәртібін ұйымдастырып қойып, оны қолданбайтындар да бар. Бұл бала үшін өте қиын. Себебі: бала өз уақытын үнемдей алмайды, бос уақыты бекерге өткізеді. Ал, өзіне керекті іспен айналыспайды. Күн тәртібі ең алдымен баланың өзінің уақытын тиімді жұмсауға және өзін - өзі басқаруға тәрбиелейді. Бұл біздің жұмысымызда маңызды болып табылады. Күн тәртібін ұйымдастыруда төмендегілерді міндетті түрде ескерген жөн:

1. Логопедиялық сабаққа баратын уақытты ескеруі, оқушы күніне екі сағат өз бетімен сөйлеу тілі бойынша жұмыс жүргізуі, дегенмен екі сағат қатарынан емес, бір –екі жаттығудан жасау. Логопедтің сабағына барған күні үйде бір сағат жұмыс жасаса жетеді.

2. Бала бір уақытта тамақтану керек. Кешкі асты ұйықтар алдында бір-екі сағат бұрын ішкені абзал. Тамақтану бойынша дәрігердің берген кеңесін міндетті түрде ескеру керек.

3. Міндетті түрде бала күнде серуендеуге шығуы қажет. Таза ауада жүру баланың көңіл – күйін жақсартып, физикалық жағынан жақсы дамуына ықпал етеді.

4. Күн тәртібіндегі маңыздысы бұл – баланың ұйықтау уақыты. Яғни бастауыш сынып оқушылары 9-10 сағаттай ұйықтап дем алулары керек. Сонымен қатар, түскі ұйқыда қажет. Ал жоғарғы сынып оқушылары үшін 8-9 сағат ұйықтап дем алу жеткілікті.
Баланы бір уақытта ұйықтап, бір уақытта тұруға үйрету маңызды. Ұйқы тыныш болуы үшін, ұйықтар алдында құмар ойындар, қорқынышты ертегі немесе әңгіме естуі, теледидарды көру сияқты нәрселерді тию керек.
Күн тәртібін ескеру тұтықпасы бар балалар үшін маңызды. Себебі: балалардың бос уақыты көп болса, олар тиым салынған жайттарды жасайды. Ата – аналар әрдайым баланы қадағалап отыру керек. Әсіресе, балалар демалысқа шыққан кезде. Олар көбіне үйде дайындалып, ата- анасының басшылығымен жүргені абзал.

Логопедиялық сабақтар басталады...
Тұтықпаны емдеу жанжақты жүргізілу керек. Мұнда, барлық емдеу түрлері қамтылады: психоневрологтың ұсынысы, сөйлеу тілік сабақтар, логопед жүргізген, күн тәртібінің жоғарыда айтылған міндеттерді ескеріліп құрылуы.
Ең алдымен логопедтің қабылдауына бармастан бұрын, психоневролог дәрігерге қаралуы керек.
Баланың анамнезін жинау қажет, ата-анасымен сұхбаттасу барысында. Дәрігер баланың анамнезін жинаған соң емделу курсын жазып береді.

Дәрігер баланы медициналық жағына тексерсе, логопед педагогикалық жағынан тексереді. Логопед жалпы балада тұтықпаның қай кезде пайда болғаны, қандай жағдайда, яғни жалпы сөйлеу тілін жанжақты қарастырады. Логопед тек баланың сөйлеу тілін қарастыра қоймай, сонымен бірге жеке ерекшеліктерін де жан-жақты қарастырады.

Тұтықпа балалармен сабақ топтық түрде өтеді. Бір топта 5-7 бала болады. Сабақ аптасына 3 рет 1 сағаттан болады. Логопедиялық сабақтың курсы 3-4 айға жоспарланған.
Тұтықпасы бар бала мектепте...
Мектеп – баланың мінез-құлқының, тәртібінің, жүйке жүйесінің жағдайының қалыптасуына әсер ететін сыртқы орта. Тұтықпасы бар бала
мектепке барған кезде оның сөйлеу тілі ары қарай өршуі мүмкін. Тұтықпа баланың жасы өскен сайын күрделене түседі.
Мектеп жасындағы балалардың жүйке жүйесі жұқарып, ызақор, ашуланшақ болып кетеді. Себебі: олар өсе келе өз кемістіктерін түсіне бастағанда, «мен неге бұлай сөйлеймін?»- деген сияқты сұрақтар туындайды.
Сыныптастары әрдайым оның кемістігін айтып күлуі мүмкін, ал мұнын бәрі баланың жүйке жүйесіне әсер тигізеді.
Тек қана достарымен қарым – қатынасқа түсуде қиналып қана қоймай, сонымен бірге сабағында да үлгермеушілік байқалуы мүмкін.
Ата-аналар балаға әрқашан көңіл бөліп, үйде жылы қарым – қатынас орнатқаны жөн.
Тұтықпа жайлы арнайы әдебиеттерді қарастырып, соған сәйкес жұмыстарды жүргізу.
Сөйлеу тіл ережесі
Әрдайым әңгімелесу барысында сөйлесіп жатқан адамының жүзіне қара. Бұл сенің бойында сенімділік пен батылдықты сездіреді. Есіңе сақта, қай жерден болмасаң да, асықпай, баяу, сабырлы сөйле.
Сөйлеп тұрғанында басынды төмен салбыратпа, артық қимылдар жасама. Басынды жоғары көтеріп, өзіне сенімді бол! Жауап беруге асықпа, ең алдымен іштей айтып ал.
Сөйлер алдында тыныс алып, бірден сөйле. Тыныс шығарғанда сөйле. Дауысты дыбыстарды қатты жарқын айт. Дауысты дыбыстарды оңай, қысымсыз айт. 3-4 сөзден құралған жай сөйлемдерді, бір тыныспен айт. Сөйлемдер арасында міндетті түрде үзіліс жаса.
Күрделі сөйлемдерде ойша екпін жасап, арасында тыныс ал. Нақты, мәнерлі, жарқын сөйле.
Бұл ережені айтқан әрине оңай, дегенмен балаларға мұны орындау өте қиынға соғады. Бала сөйлеу тіл ережесін мәңгі есіңде қалатындай етіп жаттап алғаны жөн.
Алғашқы 10-12 күндерде логопед «үндемеу тәртібін» өткізуді ұсынады. Үндемеу тәртібі бұл маңызды. Ата-аналар мұны үйде де жүргізу керек. Яғни екі апта көлемінде баланы сөйлетпеуге тырысу жайлы.
Тыныс алу, артикуляция және дауыссыз дыбыстар бойынша жұмыс
Топтық сабақтарда міндетті түрде тыныс алу жаттығулар жүргізіледі. Логопед түсіндіреді сөйлеу барысында қалай тыныс алу керектігі жайлы. Сөйлеу кезінде тыныс алу бұл жай тыныс алудан ерекше.
Бала сөйлер алдында тыныс алуды ұмытпауы керек; тыныс алғанда ішіміз көтеріліп, тыныс шығарғанда төмен түседі. Тыныс алуда кеудені тым жоғары көтермеу, тыныс шығарғанда төмен түсірмеу керек. Бала тыныс
алған соң бірден сөйлеу керек. Тыныс алып, тыныс шығарған уақытта 2-3 сек. үзіліс жасау.
Әдемі, сүбелі сөйлеу үшін нақты, мәнерлі болуы қажет. Логопед осыны міндетке ала отырып, балалармен күнделікті артикуляциялық жаттығулар жүргізеді. Үйлеріне барған кезде айнаның алдында өздері жаттығуды орындауын тапсырады.
Мынадай жаттығулар:
1. Төменгі жақты еркін төмен қарай түсіру
2. Түтікше, езу
3. жоғарғы еріннің көтеріп, қызыл иекті және тісін көрсету
4. төменгі ерінің түсіру
Бұл жаттығулар ерінің және жақтың қимыл-қозғалысының дамуына әсер етеді.
Логопед әрбір дауысты дыбыстардың артикуляциясын айтып, түсіндіреді. Жаттығулар жасатып, оны күнделікті ата-аналары үйде жасауын қадағалап отыру керек. Мысалы, а дыбысын айтып үйренетін болса, ауызды кең ашып, даусын қатты шығарып айтуды ұсынады. А дыбысын айтар кезде аузын кең ашса, соңына қарай жұмады. Айтқан кезде дауыста дірілдің болуын қадағалау керек. Ең алдымен логопед жұмысты бір, екі дыбыстан бастап жүргізеді. Әрбір тыныс алғанда бір, екі дыбыстан айтып, кейін күрделене түседі.
Сөзбен жұмыс
Дауысты дыбыстардың артикуляциясын ажыратып, алған соң ол бойынша жұмыс жүргізілді. Енді сөз бойынша жұмысқа көшуге болады. Нақты және жарқын дауысты дыбыстарды айту қабілетін бекіту.
Сөз бойынша жұмыста ең алдымен дауысыз дыбыстар бойынша жүргізіледі. Тұтықпа балаларда көбінесе п, б, г, д, к, т осы аталған дауыссыз дыбыстар бұзылады.
1 -4 сынып оқушыларына арналған
1. Кезекші дыбыс
Жүргізуші кез-келген дыбысты айтады, ал қалғандары сол дыбыстан басталатын сөз айтады .
5-7 сынып оқушыларына арналған
1. Моншақ сөз.
Кез-келген қатысушы сөз айтады. Сол сөздің соңғы дыбысына келесі бір оқушы сөз ойлап тауып айтады. Осылайша ойын жалғаса береді.
8-10 сынып оқушыларына арналған
1. Кім көп
Оқушылардың біреуі буын айтады. Сол буынға қатысты етіп, сөз айтуы керек, басқа оқушылар.
Санау жаттығулары
Бұл жаттығудың түрі басқа қарағанда оңай. Себебі бұл кезде ойланбайсың не туралы сөйлеу керек деп.
Жаттығу санау арқылы өткізіледі. Дауысты дыбыстардан басталатын сандарды айтады, ең алдымен. Мысалы, 10-19 дейін тура, кері. Қосымша сөздермен айтқызса да болады.
Фраза бойынша жұмыс.
Балалар жеке сөздерді айтып үйренген соң логопед фраза бойынша жұмысқа көшеді. Фраза бойынша жұмыс өте маңызды. 2-4 сөздерден тұратын фразалар бойынша жүргізіледі. Фразалы жұмыста логикалық екпін және интонация өңделеді.
Фразамен жұмысты бір, екі сөзден бастау керек. Дауысты, дауысыз дыбыстардан тұратын. Дыбыстық жаттығулар жасаған кезде фразаларды міндетті түрде қайталау қажет. Сонымен бірге, үй тапсырмасын орындаудың алдында, ұйықтар алдында. Жай сөйлемді бір тыныспен айтады. Күрделі сөйлемді ойша үзіліс жасап айту, сөйлемнің мағынасына қарай бөліп айту. Үзіліс уақытын іштей үшке дейін санап тұрып жасау керек, алғашында. Сөйлеу кезіндегі үзілістің маңызы зор. Адам тыныс алып, артикуляциялық аппараттары дем алады. Үзіліс ойды жүйелеп алуға көмектеседі.
Фразамен жұмыста мақалды қолдану тиімді. Олар әрі мағыналы, әрі қысқа да нұсқа.
Бала үйде ең алдымен артикуляциялық жаттығулар жасап, содан кейін дыбыс жаттығуларын, дауыс жаттығуын, санау жаттығуларын кезектілігін сақтай отырып жасау міндетті. Таңертең міндетті түрде өзін-өзі сендіру тренингін өткізу керек. «Мен өзімді жақсы сезінемін. Мен әдемі, сүбелі сөйлеймін т. с. с». Таңертеңгі жаттығу 8-10 мин. созылады. Бала мектептен келген соң тынығып, жақсы тамақтанғаны жөн. Үй тапсырмасын орындаудың алдында 5 мин. тыныс жаттығуын жасау.
Сөз бойынша жұмыс (10 мин. )
1. дауысты дыбыстардан бастау (басында, ортасында, аяғында ) керек.
2. санау жаттығулары 10мин.
3. сөздерді айту дауыссыз дыбыстардан бастап 5мин.
4. Фразаларды айту 20мин.
А) 2 -4 сөзден тұратын фразаларды үзіліссіз айту
Б) 2- 3 сөзді үзіліспен айту әрбір фразаны бірнеше рет қайталау
Мәнерлі сөйлеу тілі бойынша жұмыс
Бұл жұмыс бойынша сөйлеу тілінің техникалық жағына көңіл бөледі. Дұрыс сөйлеу тілінің элементтерін қадағалау. Сөйлеу темпі баяу болуы керек. Мәнерлі сөйлеу тілінің негізгі элементі:логикалық екпін, интонация, үзіліс болып табылады.
Мәнерлі сөйлеу тілі бойынша келесі жұмыс түрлері жүргізіледі:
1. Дыбыс жаттығулар (7-10мин. )
2. Санау жаттығулары (5 мин. )
3. Сөздерді айту (20 мин. )
4. Белсенді фразалар (10мин. )
5. Фразан үзіліспен, үзіліссіз айту
6. фразаны логикалық екпінмен айту (10 мин. )
7. логопедтің берген тақырыбы бойынша әңгіме құрау (10 мин. )
Қорыта келгенде, бұл жұмыс түрлері мектеп жасындағы балалардың тұтықпасын жоюға бағытталған. Ата аналар мен логопедтің тығыз қарым – қатынаста бола отыра жұмыс жүргізу керектігі жайлы тағыда толық көзіміз жетіп отыр. Жұмыс ең алдымен баланың күн тәртібін ұйымдастырудан басталып, сөйлеу тілінің кемістігі, оның пайда болу себептері мен белгілерін жанжақты қарастырып, мектеп жасындағы баламен қалай жұмыс жүргізу керектігін толық атап өткен. Оның үйіндегі жағдайы мен мектептегі, қоршаған ортадағы күйі, яғни толыққанды қарастырылған десек те болады.
20 715
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үйде жеке оқыту жоспары
Үйде жеке оқыту жоспары
Үйде жеке оқыту жоспары. Үйде жеке тегін оқыту педагогпен мектеп әкімшілігі бекіткен үйде жеке оқыту жоспары осы ережелерінің қосымшасына сәйкес және кесте бойынша атқарылады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған жеке бағдарламаны құрастыруда
Мектеп жасына дейінгі зейін жетіспеушілігі мен гипреактивтілік синдромы бар (гипер белсенді) балалардың ата - аналарына арналған кеңес
Мектеп жасына дейінгі зейін жетіспеушілігі мен гипреактивтілік синдромы бар (гипер белсенді) балалардың ата - аналарына арналған кеңес
БҚО, Орал қаласы, №30 «Гүлдер» бөбекжайының ІІ санатты педагог – психологы Бақтыгереева Жансая Самиғоллақызы
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Қарағанды қаласы, №68 МИББ кешенінің физика пәні мұғалімі Біләл Дина Төлеуханқызы
Психологтің кеңесі
Психологтің кеңесі
Дюсенова Мейрамгуль Бердыбековна
Мектеп жасындағы баланың жеке тұлғалығын қалыптастыру мен дамытудың негіздері
Мектеп жасындағы баланың жеке тұлғалығын қалыптастыру мен дамытудың негіздері
М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің педагогика пәні оқытушыс Даулетбаева Гүлзира
Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі
Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ермагамбетова Бакытгуль Токтаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×