Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сабақ процесінде оқушылардың дұрыс сөйлем құрай алу дағдысын қалыптастырудың маңыздылығы

06 ақпан 2023, Дүйсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Сабақ процесінде оқушылардың дұрыс сөйлем құрай алу дағдысын қалыптастырудың маңыздылығы
Мақаланың тақырыбы қоғам дамуының қай кезеңінде де өзекті болды, солай бола да беретін сияқты. Себебі сөйлем құрауға қашанда мән берілмейді. Ойымызды бірнеше рет «жаңағы», «ана не еді», «иии, қалай еді» т. с. с. қыстырмалармен «тұздықтап» отырамыз. Әйтеуір айтып шығамыз - ау... Осы мәселені ертерек көріп, ертерек жұмыстансақ. Яғни бұл келеңсіздіктен оқушыны мектеп қабырғасында арашалап алу – мұғалімнің маңызды міндеті болмақ. Осы орайда мұғалімге оқушыны сыни тұрғыдан ойланту көмекке келеді.
Сыни ойлантудың нәрі – сұрақ. Сұрақ қойылған соң оған жауап алынады. Мұғалімге сабақта сөйлеп тұрған баланың әр сөзі, сөз тіркесі, сөйлеміне жіті бақылау жасау керек болады. Дұрыс сөйлем құрауды өзіне қойылар талаптардың ең жоғарғы сапында көруі – баланың жедел түрде дұрыс сөйлем құрап дағдылануына жетелер бірден - бір сара жол. Бәріміз де келісеміз: қазір сабақтарда эссе көп жазылады. Сол эссені тыңдауда (оқушыға оқытқанда) сыңар жақ мазмұнға ғана көңіл бөлетініміз жасырын емес, ал сол эсседегі ойды жеткізуге қолданылған сөздің (сөйлемнің) сапасы, сұлулығы, бұдан шығатын шығарманың көркемдік ерекшелігі қайда қалады? Егер мұғалім эссені оқып тұрған баладан жазу кезінде сөйлемді қатесіз құрауды талап етіп отырса, оқушы сауатты жазуға дағдыланып кеткен болар еді. Бұл американдық педагог - ғалым Д. Дьюидің «Оқытушы назарын соңғы нәтижеге емес, оқыту процесіне көбірек назар аударулары тиісіне» саяды.
Сөзім жалаң болмас үшін СТО - ның бір стратегиясымен жобалап жұмыс жасап қарайық. Айталық, болжау стратегиясы. Бұл стратегия бойынша шығарманы мұғалім оқып бастайды, бала жорамалдап жалғастырады (шығарманы жалғастырудағы баланың тіл көркемдігіне назар аударамыз), мұғалім манағы тоқтаған жерінен әрі қарай жалғастырады, бала оны одан әрі жорамалдап жалғастырады. Осылай кезекпен шығарманы аяқтап шықтық делік. Енді осы стратегияның өн бойында қандай жұмыстар жасалу керек.
Ең алдымен мақаламыздың басында айтылған сыни ойлаудың мәйегі – сұрақ қойылу керек:
  • Неліктен оқиғаны осылай жалғастырдың?
Әрине, оқушы жауап береді (үзінділерді негізге ала отырып). Мұғалімнің бұл жердегі міндеті – жауап беріп тұрған баланың ойын дұрыс сөйлем құрап жеткізе алуын қадағалау болмақ. Айтылып жатқан ой дұрыс - ақ, ал сол ой қалай жеткізіліп жатыр? Сөйлем стилі дұрыс па? Сөздер өз орындарын дұрыс тауып жатыр ма? Артық - ауыс қыстырма сөздер бар ма (немесе көп қолданылып кетпеді ме)? Сөздерге қосымшалар қалай жалғанып жатыр? Бұның бәрі мұғалімнің жіті бақылауында болып, дер кезінде түзетіліп отырғаны дұрыс.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, сөйлемді әдемі құрап, ойларын бейнелі сөздерді орынды қолданып, дұрыс жеткізе алуды, әр әріпті, әр сөзді төгілтіп, үндестіріп, үйлестіріп орын - орнымен пайдалана алуды мақсат еткен баланың ойлану қабілеті де жоғары деңгейде дамиды: ол бала математика есептерін шығарып отырғаннан да көп ізденеді, көп ойланады. Сондықтан егер балаларымыздың зияткерлік қабілетін де дамытқымыз келсе, онда ол баланың дұрыс сөйлеу және жаза алу дағдысын қалыптастыруды жолға қойған дұрыс болады.
Байқайсыз ба..... Ұлы Абай өзінің 7 - қара сөзінде «Не көрсе соған талпынып, жалтыр - жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай - керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді, мұның бәрі – жан құмары: білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген» [1. 20 - бет] демей ме? Сонда адамзат баласы туа сала сыни ойлап бастайды екен ғой. Біздің міндет – сол туа бітетін құндылықты одан әрі дамытып, жандандырып, сөйлеу мәдениеті, шешен сөйлеу, көркем ойлау сияқты баға жетпес қымбат дүниелерімізді одан әрі мәнді де сәнді ету болмақ. Осы орайда Мағжан Жұмабаевтың «Ұста тәрбиеші баланың ойын жетектемесе, бала ұғымды, хүкмді теріс жасауға, хата ой шығаруға үйреніп кетеді» [2. 112 - бет] деген оң тұжырымын сабақ процесіндегі оқушылардың дұрыс сөйлем құрап, ойларын анық, нақты жеткізе алуына жағдай жасаумен байланыстырғым келіп отыр. Жағымды дағдылардың бала бойына ұстаз бен ата - ана, қоршаған орта тәлімінен мысқалдап сіңе беруі – оның болашағының жарқындығының себепкері. Болашағымыз жарқын болсын десек, балалық шақты білім нәрімен нұрландырайық.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Абай. Қара сөз. – Алматы. «Көшпенділер» баспасы. 2009 ж.
2. М. Жұмабаев. Педагогика. – Алматы. «Ана тілі» баспасы. 1992 ж.
3. З. Имжарова, А. Ахметова, Ж. Имжарова, А. Кушкимбаева. Сын тұрғысынан ойлау – білім үрдісінде. Оқу - әдістемелік құрал. – Ақтөбе, 2012.

Дүйсенбаева Ақзия Төренқызы,
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру
ұлттық орталығы" АҚФ
Маңғыстау облысы бойынша КДИ
директорының орынбасары
1 052
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сыныпқа арналған ҚМЖ жинағы
Бастауыш сыныпқа арналған ҚМЖ жинағы
2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап,
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер.
Қыстырма сөздер
Қыстырма сөздер
Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңтерін байқату, сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге, қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету. Қыстырма сөздерді орынды қолдана
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Ашық сабақ Тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік
Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Толқын ауылы, “Толқын орта мектебі” КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жайлыбекова Алия
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Атырау облысы, Жылыой ауданы, №1 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×