Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдістемелік нұсқау хат. 2023-2024 оқу жылы

16 қазан 2023, Дүйсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Құрметті әріптестер! 
2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін  мектептеріндегі  оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың  ерекшеліктері туралы  осы әдістемелік нұсқау хат қолданыстағы заңнаманы ұстануға, бастауыш, негізгі  орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында әзірленді. 
Әдістемелік нұсқау хат  облыстық,  Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшыларына, жалпы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне, өңірлік әдістемелік орталықтардың/кабинеттердің әдіскерлеріне  арналған,  білім беру қызметін ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін  қалыптастыруға бағытталған  келесі нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдарды қамтиды:  
-  2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар; 
- бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен бастауыш білім беру пәндерінің бағдарламаларындағы өзгерістер; 
-  пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру  (оқу және жазу сауаттылығы, математикалық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық); 
пәндік, метапәндік және түйінді құзыреттерді дамыту; цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту; STEM/ЅТЕАМ технологияларды қолдану; құндылыққа бағдарланған оқытуды іске асыру; тұлғаға, іс-әрекетке бағдарланған   және инновациялық тәсілдерді іске асыру, оқу процесіне тиімді әдістер мен технологияларды енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар. 
Білім беру процесінде білім алушы басты назарда тұрады және барлық оқыту процесі оған қолайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталады.   
Бастауыш білім беруде «Цифрлық  сауаттылық»  пәнін   және «Көркем еңбек»   кіріктірілген  пәнінің орнына «Еңбекке  баулу»  мен   «Бейнелеу  өнері» пәндерін жеке оқыту жалғасады.  
Бастауыш  білім беру деңгейінде  тілдерді кезең-кезеңімен оқыту шеңберінде  оқыту қазақ тілінде жүргізілетін  2-сыныптан   «Орыс тілі»  пәнін оқыту басталады.  
«Шетел тілі» оқу пәні 1-2-сыныптарда оқытылмайды.   
Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысымен  бекітілген   Қазақстан  Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023  –   2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын   жүзеге асыру аясында негізгі орта білім беруде академиялық білімге, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, пәндік, метапәндік  дағдылар мен құзыреттерді дамытуға, STEM-тәсілі  негізінде оқытуға, тәрбиелік компонентті күшейтуге және  инклюзивті орта қалыптастыруға баса назар аударылатын болады. 
Жалпы орта білім беру деңгейінде   жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеуге және білім алушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Әдістемелік нұсқау хат жоба. 2023-2024 оқу жылы жүктеу

Әдістемелік нұсқау хат 2023-2024 жыл pdf версиясын жүктеп алу​​​
34 765
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдістемелік нұсқау хат 2022-2023 жыл
Әдістемелік нұсқау хат 2022-2023 жыл
Мектептерде білім алушылар үшін демалыс күндерінің жиыны - 192 күн ✓ 1 сыныптар үшін Үлгілік оқу жоспарындағы өзгерістер: - оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1 - сыныбында «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері, - қазақ тілінде оқытпайтын
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл
Жинақта Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мектепалды және 1-11-сыныптарында 2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі материалдар берілген.
Әдістемелік нұсқау хат 2020-2021 жыл
Әдістемелік нұсқау хат 2020-2021 жыл
1 - 4 - сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру деңгейінің стандарты, 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен
Әдістемелік нұсқау хат. 2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат. 2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019 - 2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат 2018 - 2019 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат 2018 - 2019 оқу жылы
2018-2019 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат
2017-2018 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хат
2017-2018 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хат
2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×