Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдістемелік нұсқау хат 2026-2027 жыл

15 тамыз 2026, Сенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Кіріспе
Жаңартылған конституциялық нормалар мен құндылықтарды білім беру практикасына енгізу 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) тікелей талаптарына сүйенеді.

Конституцияның 33 - бабының 1 - тармағына сәйкес мемлекет азаматтарға мемлекеттік мекемелерде ақысыз және міндетті бастауыш және негізгі орта білім алуға кепілдік береді. Ал осы баптың 4 - тармағына сәйкес білім беруұйымдарының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бұдан әрі – МЖМБС) сәйкес жүзеге асырылады.

Осы жоғары құқықтық нормаларды орындау мақсатында МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары (бұдан әрі – ҮОЖ) және барлық пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ҮОБ) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Білім беру мазмұнын конституциялық нормалармен сәйкестендірудің негізгі бағыттары жүйеленді

«Конституция негіздері» және «Заң мен Тәртіп» курстарын тарих және құқық негіздері мұғалімдері, ал «Жеке қауіпсіздік» курсын педагог-психолог бейнематериалдарды пайдалана отырып, тренинг форматында жүргізеді.

Қазіргі білім беру жүйесін дамытудың маңызды шарттарының бірі – сапалы, сенімді және қолжетімді цифрлық деректердің болуы. Бүгінгі таңда білім беру саласындағы деректердің едәуір бөлігі цифрлық форматқа көшірілді, дегенмен олардың толықтығына, өзектілігіне және келісілдігіне байланысты жекелеген мәселелер сақталып отыр.

Сапалы деректер тек құжаттама жүргізу үшін ғана емес, білім беру процестерін талдау және негізделген басқарушылық әрі педагогтік шешімдер қабылдау үшін де қажет. Мысалы, үлгерім, сабаққа қатысу және білім беру нәтижелері туралы өзекті мәліметтер білім алушылардың қиындықтарын уақтылы анықтауға, олардың білім алу қажеттіліктерін айқындауға және қажетті педагогтік қолдауды жоспарлауға мүмкіндік береді. Цифрлық деректердің сапасы көбінесе олардың әрбір сабақта қалыптасу сапасына байланысты.

Оқытудың әрбір нәтижесі, баға, білім алушының оқу қызметін бақылау, тапсырмалардың орындалуы және анықталған қиындықтар туралы ақпарат кейіннен білім беру нәтижелерін талдау және педагогтік шешімдер қабылдау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Цифрлық деректерді тек есепті ақпарат ретінде ғана емес, педагогтік талдау құралы ретінде де қарастырған жөн: олар білімдегі олқылықтарды анықтауға, оқу жетістіктерінің динамикасын бақылауға, білім алушылардың жеке білім алу қажеттіліктерін айқындауға және оқытудың мазмұны мен әдістерін уақтылы түзетуге көмектеседі.

Әдістемелік нұсқау хат 2026-2027 жыл pdf версиясын жүктеп алу​​​
15
0
  • 0
0 дауыс

Жаңалықтар
Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері 2026-2027 оқу жылы
Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері 2026-2027 оқу жылы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026–2027 оқу жылына бөлінген мемлекеттік білім беру гранттарының нәтижесін жариялады.
Әдістемелік нұсқау хат 2024-2025 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат 2024-2025 оқу жылы
Оқу - тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілер 2024 - 2025 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі,
Әдістемелік нұсқау хат 2020-2021 жыл
Әдістемелік нұсқау хат 2020-2021 жыл
1 - 4 - сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру деңгейінің стандарты, 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен
Әдістемелік нұсқау хат. 2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат. 2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019 - 2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат 2018 - 2019 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат 2018 - 2019 оқу жылы
2018-2019 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×