Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жат қылықтан жирен

03 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
«Жат қылықтан жирен» тақырыбындағы сыныптан тыс шара.
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақтың ел алдындағы абырой, беделі, қадір - қасиетінің жақсылығы
дәулетімен ғана емес, ұрпақтарының өнегелі өмірімен өлшенетіндігін, елдің елдігін көрсететін, жердің, елдің иесі өздері екендіктерін ұғындыру.
2. Жаман мен жақсының айырмасын ұғындыру.
3. Темекінің өз ағзасына, айналаға келтіретін зиянын ұғындыру.
4. Шылым шегушілерге ымырасыз болуға, салауаттылыққа, зиянды жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.
5. Білімдерін, дүниетанымдарын кеңейту.
6. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Сабақ өткізу әдісі: Пікір алысу сабағы.
Сабақ жабдығы: Кітап, газет - журнал материалдары, слайдтар, интерактивті тақта.

Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.
- Қазақтың ел алдындағы абырой - беделі, қадір - қасиетінің жақсылығы дәулетімен ғана емес, ұрпақтарының өнегелі өмірімен өлшенеді. Қазір біз ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырмыз. ХХІ ғасыр табалдырығын аттағанымызға да көп болған жоқ.
Бүгінгі жастар арасында темекі мен ішімдікке әуестенушілер көбейіп барады, ғасыр індетіне айналған есірткі де етек алып барады. Президенттің бағдарламасында жастарға айырықша сынның айтылуы осындайдан туындайтын жағдайлар.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулығын құртып оны уландыруға төзіммен қарау тиіс. Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын» деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрестің маңызын ашып айтқаны белгілі.
«Жаман әдет жұқпалы аурулардай». Сол жаман әдет - қылықтарды бойымызға жұқтырмау үшін күресе білуіміз керек. Үнді халқының тамаша бір мақалы бар, «Жақсы мен жаманның айырмасы сиыр мен жыланның айырмасындай, бірі шөпті сүтке айналдырса, ал екіншісі шөпті уға айналдырады» деген. Темекі де дәл сондай улаушы.

ІІ. Негізгі бөлім.
Темекінің шығу тарихы, зияны туралы.
1 - оқушы.
Темекінің әу бастағы отаны Америка екені баршамызға аян. Темекі алқа тұқымдастарына жататын өсімдік. Темекі өсімдігін Еуропаға 1583 жылы Христофор Колумб әкелген. Темекі хош иісіне байланысты ең алғаш сәндік өсімдік ретінде аулаларда, саябақтарда өсірілді. Саяхатшылар темекі шеккен кезде бар нәрсені ұмытып, масаң сезім кешкендерін сезген. Сөйтіп темекі шегуді үндістерден үйренеді де, кейіннен бүкіл Еуропаға тарайды. Бұл күндері темекі жыл сайын сан мыңдаған адамдардың өмірін мерзімінен бұрын қиып түсетін аса қауіпті дертке айналды. Темекінің бір талында 1 мг никотин, 1, 5 мг аммиак, 15 мг шайыр, 20 мг көміртегі оксидтері, эфир майы, саниль қышқылы, азот болады. Темекі түтінінде күйенің миллиондаған бөлшектері болады. Күніне 20 тал темекі тартқан адам 20 жыл ішінде өкпесіне түтінмен бірге 6 кг күйе шөктіреді екен.
2 - оқушы.
Темекі түтінінде радиоактивті полонии бар екені анықталды. Оны темекі өсімдіктерінің тамырлары топырақтағы фосфатты тыңайтқыштардан алады. Темекі түтініндегі никотин болса, жүрек қан тамырларын тарылтады. Темекінің 1 талын тартқан адам 0, 4 - 3, 5 мг улы никотин қабылдайды. Темекі құрамындағы ең зардабы ауыры никотин уы. Оның бұлай аталуына алғаш Францияға темекіні алып келген француздың Португалиядағы елшісі Жан Никоның есімі себеп болған.
Темекі құрамындағы улы заттардың ағзаға тигізетін әсері, одан таралатын аурулар.
3 - оқушы.
Адам алғаш рет темекі тартқанда одан уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол - аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Сөйтіп қорғаныштық қасиеті нашарлайды. Оған микробтар оңай енеді, суық тиіп т. б. тез ауырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Өкпе, рак ауруларына шалдықтырады, өкпедегі рак ауруларының 97 пайызы шылым шегетіндер., газ алмасу бұзылады, өкпеде ауру туғызатын микробтарға, яғни туберкулез таяқшаларының көбеюіне жағдай туады.
4 - оқушы.
Темекі түтінінде радиоактивті заттар да болады. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам мөлшерден артық 3, 5 сәулеленуге ұшырайды. Әр темекіде 15 - ке жуық әр түрлі концерогендік заттар кездеседі. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1л қара май жинайды. Үнемі темекі тартқан адамның организмі үнемі никотинді қажет етіп тұрады.
Статистикалық мәліметтер не дейді?
5 - оқушы.
Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80 %- ы темекі тартатындар, тартпайтындарға қарағанда тартатындар арасында ұйқы безінің қатерлі ісігімен ауыратындар 2 - 5 есе жоғары. 70 %- ға жуығы өлім - жітімге бейім болады.

6 - оқушы.
Бүкіл дүние жүзінде 1 млрд адам темекі тартады. Темекі зардабынан адам күніне 10 мың немесе жылына 3, 5 млн адам қайтыс болады. Қазақстан Республикасында 3, 2 млн, яғни 33% адам темекі тартады, темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімінің 20%- ы. Қатерлі ісік ауруынан болатын өлімнің 30 %- ы, өкпе рагының 90 %- темекі зардабынан болады.
Есіңізде сақтаңыз.
7 - оқушы.
Темекіде 0, 8%- 4% никотин болады.
Салмағы 16 - 20 кг итке 1 тамшы никотин берсе сеспей қатады. Жылқыны сеспей қатыру үшін 7 - 8 тамшы никотин жеткілікті. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам бір жылда өкпесіне 1 қорап шайыр жинайды.
Темекі тартқаннан кейін ең алдымен ауыратын мүше – жүрек.
8 - оқушы.
Күрк - күрк көк жөтел,
Күркілдеген не жөтел
Жасыңнан шексең темекі,
Түбіңе сенің сол жетер.
Түтінмен ыстап өкпені
Никотин уын төккені
Жүректің ұстап талмасы
Мишықтың құрғап кеткені
Мүгедек ауру каллекі
Өмірге қатер төнеді
Салауатты өмір сүрейік
Шекпеңіз дейміз темекі.

ІІІ. Қорытынды бөлім.
1. Оқушылардың денсаулық туралы мақал - мәтел айтуы.
2. Мұғалімнің қысқаша қорытындысы.
15 230
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Өмір мәні... (суицид туралы)
Өмір мәні... (суицид туралы)
Оқушыларға өздері қоғамның болашағы екендігін, сол болашақтың тағдыры осы өздерінің қолдарында екендігін ұғындыру
Есірткі деген қасірет
Есірткі деген қасірет
Улайтұғын көп жастардың санасын, Ұмыттырар әке түгіл анасын. Жаман әдет, жат қылыққа үйір боп, Ей, жастарым қайда кетіп барасың?
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Салауаттылық – саулық негізі
Салауаттылық – саулық негізі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы № 2 Алға орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Нуртиякова Рысты Агадилевна
Тіршілік көзі-салауатты болашақ
Тіршілік көзі-салауатты болашақ
ШҚО, Семей қаласы, «№ 47 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш класс мұғалімі Оспанова Индира Алимханқызы
Ғасыр дерті
Ғасыр дерті
Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×