Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гимназияда жастарымыз дарынды

27 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Тақырыбы: "Гимназияда жастарымыз дарынды"

Мақсаты: Дарынды балаларға арналған гимназияның өнерлі жастарының басын бір сахнада тоғыстырып, қабілеттерінің ашылуына, жан - жақты қырынан танылуына ықпал ету, мүмкіндік жасау, оқушылардың бойына сахналық мәдениетті қалыптастыру.

І - жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар, құрметті оқушылар және ауыл тұрғындары! Бүгінгі №1 мектеп - гимназиясының құрылғанына 1 жыл толуына орай мектеп - гимназия оқушыларының жалынды жүрегінен шыққан «Гимназияда жастарымыз дарынды» атты мерекелік кешімізге
(екі жүргізуші қосылып):
қош келдіңіздер!

ІІ - жүргізуші: Бірі үшін бәрі бірдей қиналған,
Кішіге ізет, үлкендерді сыйлаған.
Осындай гимназиямыз бар біздің,
Өнерлілер, дарындылар жиналған.

І - жүргізуші: Кірсеңіз есігіне гимназияның,
Өзгеше бір әлемде жүргендейсіз.
Мекені бұл дарындардың, даралардың,
Көп нәрсені ойға тұтып білгендейсіз.

ІІ - жүргізуші: Арман шіркін асқарларға жетелейді,
Бәрімізді бір арнаға әкеледі.
Армандаған мектебіне келіп бүгін,
Талай дарын өз өнерін көрсетеді.

І - жүргізуші: Барлығында бір арман, жалғыз үміт,
Ешбірінің бойында болмас күдік.
Зор сеніммен келіп отыр бүгін міне,
Таңмен бірге оянар күліп жүріп.

ІІ - жүргізуші: Самғасын бейбіт құсы көгімізде,
Жат елдік тиіспесін жерімізге.
Туымыз желбіресін мәңгілікке
Ер есімі сақталсын ел есінде.

І - жүргізуші: Тек сіздерге арнаймыз нәзік үнді,
Жанып тұрған оттаймыз біз жалынды.
Әнші де бар, биші де бар, ақын да бар,
Гимназияда жастарымыз дарынды.

ІІ - жүргізуші: Болдым ғашық, туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем, арманым сен аңсаған
Жақын жүрсем, мен төріңде рахаттың,
Өз отаным - өзім туған босағам.
Жергілікті композитор Жәкула Нұрғалиевтің әні «Туған жер». Орындайтын: жас әншіміз Абат Сымбат.

І - жүргізуші: ия, расымен де бұл дарынды жастардың ордасы. Біздің мектеп - гимназиямыз өнерлілерді тәрбиелеп отырған мектеп. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, «Қазақстанның болашағы – дарынды жастар». Мектебіміздің ашылғанына көп болмаса да, өз өнерімізді алдарыңызға паш ету біздің қолымыздан келеді.

ІІ - жүргізуші: Аз ғана уақыт ішінде бір - бірімізге бауыр басып қалдық. Сол бауырмашылдықтан біздің арамызда бірлік, сыйластық бар. Бізді осындай бір үйдің балаларындай еткен ең бірінші жаратқанның ісі болса, екінші бұл сіздердің арқаларыңыз, аяулы ұстаздар!
Ән: «Ұстазым менің». Орындайтын: 10 - сынып оқушысы Әзиева Назерке, 9 - сынып оқушысы Айтжанов Ілияс.

І - жүргізуші: Осындай әнді естігенде ұстаздарымызға деген махаббат оттай лаулап жанады емес пе?

ІІ - жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың. Каникул кездерінде достарымызбен қатар ұстаздарымызды қатты сағынып жүруші едік қой.

І - жүргізуші: Оларды тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Одан да мектебіміздің ақын жанды қыздарымыздың бірі, республикалық Мұқағали оқуларының жүлдегері, «Алтын белгіге» үміткер Қайыржан Назеркені ортаға шақырамыз. «Мектепке арнау»

ІІ - жүргізуші: Аудандық оқушылар арасында өткізілген айтыстың жүлдегері, 11 сынып оқушысы Көптілеуов Қуандықтың орындауында «Сағыныш» әні.

І - жүргізуші: Біздің мектебімізді тек ақындылар мен әншілердің мекені деп танымаңыздар, құрметті көрермендер! Біздің мектеп - бар өнерді бойға жинаған мектеп.
Елге ырыс, жүректерге несібе,
Ілесуге жаңа өмірдің көшіне.
Күй шашылсын, би биленсін ортада,
Домбыраның үніменен көсіле.
№1 мектеп - гимназиясы бишілерінің орындауында «Қаражорға» биін қабыл алыңыздар.

ІІ - жүргізуші: Айтжанов Ілияс пен Көптілеуов Қуандықтың орындауында «Арман қала» әнін қабыл алыңыздар! Жамандықтан сақтандырған,

І - жүргізуші: Жақсы істі мақтан қылған.
Білім берген ұстаздарды,
Билерімен шаттандырған - деп,
жас бишілерімізді испан биімен ортаға шақырамыз.

ІІ - жүргізуші: - достым, қалай ойлайсың, біздің мектептен тағы да қандай өнерлі балалар шығады екен?

І - жүргізуші: - сен алаңдама, бізде тіпті КТК ойындарының жұлдыздары елдің езуінде күлкі ойнатып шығады.
Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар талантты дарытуға.
Серілер жігерленіп шықты сахнаға,
Сіздерменен әзілменен табыстыруға.
(Ортада КТК - ның жұлдыздары өнер көрсетеді).

ІІ - жүргізуші: Керемет кешімізде
Қыздарымыз билейді.
Толқындай айналғанда,
Аяқтары жерге тимейді.
Көңілімізді көтеру үшін ортаға мектебіміздің 11 сынып биші қыздарының орындауында классикалық би.

І - жүргізуші: Ән – махаббат, ән – сағыныш,
Ән – жұбаныш, ән – қуаныш,
Сырлы сазды әнімен бізді,
Тербетеді даламызды –
деп облыстық Абай - Шәкәрім оқуларының жүлдегері, 7 сынып оқушысы Қыздарбай Әйгерімді «Бесік басында» әнімен ортаға шақырамыз.

ІІ - жүргізуші: Тамашадан көрініс «Қыз сыны»

І - жүргізуші: Ән «Арулар – асыл жандар». Орындайтын мектебіміздің жас әншілері Нұрлыбекқызы Айкөркем және Қыздарбай Айгерім

ІІ - жүргізуші: - Иә, достым, біздің әншілеріміз ән айтқанда, бишілер мың бұралып билегенде көрерменін тамсандырады.

І - жүргізуші: - Сен білесің бе? Біздің жігіттер әзілмен ғана достарын таңғалдырмайды, олардың спорттық биден де ерекшеліктері басым.
Ортада мектебіміздің биші жігіттері, 8 сынып оқушыларын «брейк» биімен ортаға шығады, қарсы алыңыздар!

ІІ - жүргізуші: Өз қолыңда өмірің, өз тағдырың
Өз қолыңда биікке бір самғауың
Жас қаламгер ұсынады сіздерге,
Жүректен жарып шыққан өз арнауын, -
Дей отырып, мектебіміздің жас дарынды ақыны, аудандық олимпиаданың жүлдегері Қайыржан Назеркені қошеметпен қарсы алыңыздар! (Сен күтпедің...)

І - жүргізуші: Думан қызсын, көрсетсін ел өнерін,
Жатыр небір айтылып сөз де керім.
Ән бұлағы қайнарын қанып ішкен,
Көрсетсін оқушымыз өз өнерін.
Ән. «Бақыт деген». Орындайтын мектебіміздің жезтаңдай әншісі Аққойшиева Айдана.

ІІ - жүргізуші: Көтерелік көңілді біз таласа,
Бүгінгі күн ойын - с ауық жаңаша.
Құдайберген, Тоқсындардың жолымен,
Ұсынамыз сіздерге біз тамаша.
Тамашадан көрініс. «Қазақ солдаттары» Орындайтын мектебіміздің оқушылар алқасының өнерпаздары.

І - жүргізуші: Билесе биші ұл - қызымыз бұраңдайды,
Өшпей ұлттық өнер ұрандайды.
Ой балқып, көңіл шалқып арғымақтан,
Көрермен толқымай бір тұра алмайды
Шығыс биі. Орындайтын: Жеңісова Алтынгүл

ІІ - жүргізуші: Ән – арқашан самғайтұғын қанатым,
Ән – тәтті үн, жаным ләззат табатын.
Ән – даланың әншілері, бұлбұлы
Ән – даланың шат көңілді ұл - қызы –
Мектебіміздің әнші қыздары, аудандық «Сайра, тілім, самға» сайысының жүлдегері Жекенова Амангүл мен аудандық олимпиада жүлдегері Асауова Жұлдыздың орындауында «Гүлдәурен» әнін қабыл алыңыздар.

І - жүргізуші: Шуақ төгіп мейірлі көңілдері,
Ұйытқы болсын отырған көрермені.
Домбыра тартып, ән айтып, жыр жырлайтын,
Өнерсіз бала бұл мектепте кемде - кем - дей келе, ортаға 8 - сынып қыздарынан құралған «Томирис» бишілер тобын шақырамыз.

ІІ - жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде - бақыт, білім, берекем!
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр берсін. 8 оқушысы Кәдірбай Айшаттың орындауындағы «Бақыт іздеймін» әнін қабыл алыңыздар!

І - жүргізуші: Ажары атқан таңдай ару жастың,
Қасы бар қанатындай қарлығаштың.
Жанары жан біткенді елітіп өткен,
Өздеріңе арнап би билейді ұл - қыздарың.
Өзбек биі. Орындайтын мектебіміздің талантты бишісі, 10 - сынып оқушысы Айнұр.

ІІ - жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу,
Жүрген соң адам деген атақты алып.
Тамашадан көрініс «Қыз Жібек пен Төлеген». Сахнада «Оқушылар ұйымының» өнерпаздары.

І - жүргізуші: Әр жыл сайын қаруланып біліммен,
Алға дәйім мені бастап өсірдің.
Нәр аламын аяулы ұстаз үніңнен,

ІІ - жүргізуші: Мектебім алтын ұям нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін алып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауды,
Тұрады құшағымда сыңғыр қағып.
Ортамызға өздерінің өнерімен мектебіміздің әншілері Әзиева Назеркенің орындауында «Жан гүлім» әнін қабыл алыңыздар.

І - жүргізуші: Сенімі асқар, аптабы күн қыздар - ай,
Сәуле шашқан өмірге нұр қыздар - ай.
Көрік болған көгімде жұлдыздар - ай,
Құдіретпен жаралған жан қыздар - ай.
Мектебіміздің жас та дарынды бишілері, аудандық сайыс жүлдегерлерінен жиналған «Гүлдер - Ай» тобы ортамызда.

ІІ - жүргізуші: Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшар талай - талай азамат.

І - жүргізуші: Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жанымен сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастаусың ұлылықтың,
Мектебім, саған мәңгі басымды ием.

Бойларыңда от барлығын байқадым,
Жүректерде шоқ барын да байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Оқушылар шарықтаңдар әрдайым!

ІІ - жүргізуші: Гимназияға арнау. Орындайтын мектеп оқушылары.
(ән аяқталар кезде): Осымен бүгінгі №1 мектеп - гимназиясының құрылғанына 1 жыл толуына орай мектеп - гимназия оқушыларының жалынды жүрегінен шыққан «Гимназияда жастарымыз дарынды» мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Амандықта жүздескенше!
5 826
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып алаң интеллектуалдық ойыны
Ғажайып алаң интеллектуалдық ойыны
Білімді, жан - жақты болуға үйрету. Білуге үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Алғашқы қоңырау!
Алғашқы қоңырау!
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Әжібаева Гүлназ Айтжанқызы
Мектеп бітірушілер кеші
Мектеп бітірушілер кеші
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Алтынсарин орта мектебінің педагог – ұйымдастырушысы Шәудірбаева Гүлшат Иманғалиқызы
Бүлдіршін фестивалі
Бүлдіршін фестивалі
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Саликова Елмира Мергенбайқызы
Жарқын болашақ
Жарқын болашақ
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×