Информатика пәніне әдістемелік құрал
Бұл әдістемелік құралда информатика пәніне арналған Видео сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы берілген. Қиялды, абстрактілік ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады
КІРІСПЕ
Заманауи қоғамның негізгі бөлшегі – білімді ұрпақ. «Білімді ұрпақ» дегеніміз алдымызда жан - жақты білім нәрімен сусындатып отырған оқушы. Ал заманымыздың негізгі талабы – бүгінгі қоғамдағы ақпараттану желісінің негізгі құралы – компьютерді жетік меңгеру, ақпараттық - коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алу, ақпарат алмасудың негізгі көзі – Интернет желісін тиімді пайдалану болып табылуда. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
Бүгінгі таңда әрбір отбасының күнделікті өмірге қажетті техникалық құралдарының бірі – компьютер. Компьютерге аяғын апыл - тапыл басқан сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін қызығушылық танытуда. Ал мектеп жасындағы балалар үшін компьютерді жақсы меңгеру, яғни әртүрлі бағдарламада жұмыс тәжірибесін жанындағы құрбысынан асыра көрсете алса, өзі құралыптастарының алдында бала беделін одан да жоғары көтеретіні сөзсіз.
Информатика пәнінде қатып қалған стандарт болмайды, болуы да мүмкін емес. Себебі заман жаңарған сайын, компьютердің жаңа түрлері мен бағдарламалары көбейген сайын информатика сабағы да жаңаруда. Осыдан барып, информатика пәні мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Мұғалім заман талабына сай болуы үшін ізденушілігі күннен - күнге артуда.
Себебі мұғалім алдыңда тұрған оқушының кез - келген сұрағына жан - жақты, мазмұнды оқушы қанағаттанарлықтай жауап беруі тиіс, әрі бұрынғы стандартқа сай сабақ беріп, оқушыны сабаққа қызықтыру мүмкін еместігін әрбір мұғалім жақсы түсінеді. Осыдан барып оқушының сабаққа ынтасын, қызығушылығын қалай арттыруға болады, ал баяу меңгеретін оқушыға қандай әдістемелік көмек көркейтсем екен деген сұрақтар туындайды.
Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видео сабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, экскурсия - сабақ және т. б. жатқызуға болады.
Біз оқушыларға күрделі және көлемі үлкен материалдарды бергенде зейіндерін сабаққа аудара алмай отыратындықтарын жиі байқаймыз. Дәл осы уақытта оларды қызықты әңгімемен немесе ойын арқылы ықыластарын аударып, сабаққа қарай көңілдерін аудару қажет.
Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілік ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызықтырушылықты арттырады.
Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Балалардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Видео - сабақты қолдану ақпаратты жоғарғы көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізуге көмектеседі. Ашық көркемдеулер және анимацияланған процестер назардың көбірек аударылуына, қарастырылатын тақырыпқа байланысты қызықтырушылық тудырады. Егер мұғалімнің түсіндіруін оқушы дұрыс қабылдай алмай қалса, видео - сабақтар арқылы түсіндіру қабылдауға жеңіл әрі қызықты. Мұндай әдіс жаңа материалды түсіндіруге кететін уақытты азайтады. Мысалы лекциялық материалдың мазмұны бүкіл бір сабақтың уақытын алса, ал оқу видеофильмдері - 10 минут қана уақыт алады немесе тәжірибелік жұмысқа нұсқауды көркем жеткізуге мүмкіндік береді. Осының арқасында материалды тәжірибелік меңгеруге көп уақыт қалады. Видео - сабақты қысқаша талқылау материалдың негізгі кезеңдеріне назар аудартып, қорытындылар шығаруға көмектеседі. Яғни қажеттілігінше видео - сабақтарды пайдалану оқушының пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Осы мақсатта көптеген Интернет ресурстарымен жұмыс барысында Camtasia Studio бағдарламасы көңіліме қонды. Бұл бағдарлама монитордың өзің таңдаған бөлігін ғана видеоға түсіріп алады. Артынан оны өңдеп, соңғы нұсқаны оқушыларға ұсынуға болады. Осы бағдарламамен сабақтарымның әртүрлі бөліктерінде шағын видеороликтер жасау арқылы сабағымды жаңа тәсілмен ұйымдастырдым. Бұл роликтердің маңыздылығы сол, мұғалім түсіндіргенде оқушы өзі түсінбеген тұстарды қайтадан айналдырып көру мүмкіндіктеріне ие бола алады.
Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл - ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді және білім сапасын көтереді.
Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді талдау информатика сабақтарында оқушылардың білімдерін арттыру мақсатында видео материалдарды қолданудың маңызы зор және өзекті екенін көрсетіп отыр.
1. WORDPAD БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ
WordPad. мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск => Программы => Стандартные => WordPad. (Жіберу => Бағдарламалар => Стандартты -> WordPad.. Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad. мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал - саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы. Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі. Терезенің тақырып жолында қркат аты және WordPad. бағдарламасының аты көрінеді. Құрал - саймандар тақтасында, пішімдеу тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін білу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
WORDPAD - та құжат құру
WordPad. құжат кұру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау және ашу
Осы сатыларды қарастырайық:
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау:
Мәтінді термес бұрын қажетті тілді таңдап аламыз. Қаріп түрлерін кұрал-саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз.
Қаріпті, қаріп өлшемін мәтінді тергеннен кейін де, дейін де өзгертуге болады.
2. Мәтінді енгізу және редакциялау:
Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады.
Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:
Enter - жаңа жолға көшу
Shift - бас әріптерді теру
СарsLоск - бас әріптер режиміне ауысу
Васкsрасе - меңзердің сол жағындағы символарды өшіру
Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Жаңалықтар
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі - электрондық байланыс,
Азаматтардың ДНК номерін беруде автоматтандырылған интернет жүйесі
Қызылорда қаласы, №187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы Өрікбай Айсана Қанатқызы Жетекшісі: информатика пәні мұғалімі Нысанова Нұргүл Қуанышқызы
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Жезқазған гуманитарлық колледжінің физика, информатика пәні оқытушысы Қалжанова Гүлфайруз Мұхтарқызы
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру
Садыбаева Назкен Жақсылыққызы Информатика пәні мұғалімі Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті
Ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану арқылы тұлғаны қалыптастыру
Жаңа технологиясы меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізді.
Информатика пәнінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны тиімді пайдалана отырып оқушылардың білім деңгейін көтеру
Қазақстан Республикасы Президентінің орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруына байланысты ақпараттандыру жүйесін білім саласында қолдану аясын кеңейту - қазіргі таңдағы үлкен проблемалардың бірі болып саналады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.