Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Саяхатшы - Бауырсақ - The bun - explorer

11 наурыз 2017, Сенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Топ аты: «Ертөстік» мектепалды даярлық тобы
Білім беру саласы: “Қатынас”
Бөлімі: «Ағылшын тілі»

Тақырыбы: Саяхатшы - Бауырсақ - The bun - explorer
«Танысу - Greeting», «1 - 12 аралығындағы сандар - Numbers from 1 to 12», «Түстер - Colours», «Пішіндер - Shapes»
Мақсаттары:
1) Білімділік: Тақырыптарға байланысты өлең мен тақпақтарды үш тілде түсініп айта білуге баулу. Жаңа технология арқылы тапсырма орындауды және берілген тақырыптарды қайталата отырып, жаңа фразаларды меңгерту, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту;
2) Дамытушылық: Тілдің үш тұғырлығын енгізуде қазақ тіліне басымдық бере отырып, орыс және ағылшын тілдерін кіріктіре оқыту негізінде балалардың тілдерін дамыту
3) Тәрбиелік: Балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру және өз - өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерді, этикалық дағдыларды қалыптастыру. Тапсырмаларды жұптаса орындату арқылы еңбекқорлыққа, достыққа, кішіпейілділікке, мейірімділікке, бір - біріне көмектерін аямауға тәрбиелеу;
Әдіс - тәсілдері: Монтессори технологиясының элементтері, ТРИЗ технологиясының элементтері, көрнекіліктер бойынша сұрақ - жауап, ойнату, өлең - тақпақ айтқызу, ертегі сахналау, мадақтау, қорытындылау
Сөздік жұмыс: Red, yellow, green, blue, orange, violet, numbers, - Hello, - What’s your name?, - My name is…, square, circle, triangle, треугольник, квадрат, круг, clock, часы, - What time is it? - It’ s … o ’clock, a wolf, a rabbit, a fox, a bear, волк, лиса, заяц, медведь
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, ноутбук, сағат, слайд, әр - түрлі пішіндер және аңдардың киімдері, шырша
Тосынсый сәті: Бауырсақ

Танымды оятушылық
Амандасу
- Hello, children!
- How are you?
- Балалар, біздің бүгінгі оқу іс - әрекетіміз ерекше болғалы тұр. Сендердің ағылшын тілін қалай меңгеріп жүргендеріңді көру үшін, бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Қанекей, қонақтарымызбен амандасып жіберейік!

Шаттық шеңбер:

Қуан - шаттан алақай!
Қуанатын келді күн!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Құрметті біздің қонақтар!

Доброе утро, учитель!
Доброе утро, друзья!
Посмотрите, друг на друга!
Пожелайте добра!

Good morning, good morning! Good morning to you!
Good morning to sun,
Good morning for you!

- Sit down, please!

Ұйымдастыру - іздестіру
Құрметті қонақтар, сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Балалар, тынышталыңдаршы! Есікті біреу қағып тұрған сияқты!
- Бұл кім?
Дұрыс айтасыңдар. Ол - Бауырсақ (музыка әуенімен кіреді).
Бауырсақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қай тілде сөйлеп тұрсыңдар?
- Жақсы болды ғой, менде ағылшын тілін үйренетін болдым.

- Бауырсақ сен бізге қалайша келіп қалдың?
Бауырсақ: Сендер білетін «Бауырсақ» атты ертегіден келдім.
- Сендер «Бауырсақ» ертегісін білесіңдер ме?
- Балалар, біз бауырсақты таниды екенбіз, енді, өзімізді таныстырып жіберейік. Let’s sing a song “What’s your name?”
- Бауырсақ, балалармен танысып алдың.
- Сен қайда бара жатырсың?
Бауырсақ: Мен орманға саяхат жасауға бара жатырмын.
- Сендердің де барғыларың келе ме?
Бауырсақ: Жүріңдер, ендеше кеттік!
The bun and children runs along the road and meets a rabbit.
Қоян: (музыка ойналады) Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!
(Бауырсақ қорқып кетеді)
- Балалар, сиқырлы экранға қарайықшы! Не көріп тұрсыңдар?

Қоян: Балалар, менің уақытым тығыз. Досымның туған күні болатын еді, сағат неше болды айтып жібересіңдер ме?
- What is it, children?
- Қоянға сағат неше болғанын ағылшын тілінде айтып беріңдерші?!
- What time is it?
Кез - келген бір бала сағатты алып, сағат тілін жылжытады
Балалар: It’ s one o’ clock
It’ s two o’ clock
It’ s three o’ clock
It’ s four o’ clock
It’ s five o’ clock
It’ s six o’ clock
It’ s seven o’ clock
It’ s eight o’ clock
It’ s nine o’ clock
It’ s ten o’ clock
It’ s eleven o’ clock
It’ s twelve o’ clock
Балалар, үш тілде тақпақтарын айтып береді.
- Қоян, балалар саған өзің туралы тақпақ айтқысы келеді. Тыңдап көресің бе?
Қоян: Тыңдап көрелік.
- Өте жақсы! Сендердің жауаптарыңа көңілім толды.
- Бауырсақ, сен, балалардың арқасында менен құтылып кеттің! Менің де сендермен бірге саяхатқа шықсам бола ма?
Бауырсақ: - Рахмет, сендерге!
The bun and children and a rabbit runs along the road and meets a bear.
Аю: (музыка әуенімен шығады) Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!
(Бауырсақ қорқып кетеді)
Аю: - Аюлар қыс мезгілінде не істейді?
- Дұрыс айтасыңдар, мен қыста ұйықтаймын деп, жаңа жыл мерекесінен құр қалдым. Содан көңіл күйім жоқ. Менің тапсырмам жаңа жыл мерекесінен қысқаша көрініс көрсетсеңдер екен.
- Балалар, біз жаңа жыл мерекесінде не істеп едік? Есімізге түсірейікші!
- Let’s sing a song «Jingle bells»
Аю: - Жоқ, сендер менің көңіл - күйімді көтере алмадыңдар. Мен бауырсақты жеймін!

- Керемет! Сендер менің көңіл - күйімді көтеріп жібердіңдер. Сендердің арқаларыңда бауырсақ менен құтылып кетті. Сендер сондай көңілді балалар екенсіңдер, сендермен бірге саяхаттасам бола ма?
The bun and children, a bear and a rabbit runs along the road and meets a wolf.
( музыка қосылады).
Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!
(Бауырсақ қорқып кетеді)
- Балалар, экранға қарайықшы!
- Бұлар нелер?
Олай болса пішіндерді қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінде атап шығайықшы!
- Қасқыр аға, біздің бүлдіршіндер пішіндер туралы тақпақ та айта алады. Тыңдап көресіз бе?
Қасқыр: Жарайды тыңдап көрелік.
Тақпақ: « Shapes»
Қасқыр: Жауаптарыңа риза емеспін! Бауырсақты жеймін!

Олай болса, балалар, пішіндер жайлы ойын ойнайық. Ойынның атауы: «Пішінді орналастыр». Сендер қолдарыңдағы пішіндерді, пішіндер ойылып кесілген қорапқа саласыңдар. Ойын шарты түсінікті ме?
Қасқыр: - Жарайсыңдар, балалар!- Бауырсақ, осы жолы ақылды, білімді балалардың арқасында құтылып кеттің. Сендермен бірге саяхаттасам бола ма?

ШҚО, Аягөз қаласы
№6 Бөбекжай - балабақшасы
Мұғалім: Әлімжан Айдана Ергазыевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 081
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып түстер – Funny Colors
Ғажайып түстер – Funny Colors
Мақсаты: Түстердің атауын ағылшын тілінде атауға үйрету. Эстетикалық тәрбие беру. Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру.
Өзіңе және өзгелерге көмектес- Help yourself and others
Өзіңе және өзгелерге көмектес- Help yourself and others
Мақсаты - Aim: 1. Тәрбиелік: Балалардың өткен оқу қызметінде алған білімдерін тиянақтау
Физика пәнінен 7 - сынып бойынша ағылшын тілінде тақырыптық тапсырмалар жинағы
Физика пәнінен 7 - сынып бойынша ағылшын тілінде тақырыптық тапсырмалар жинағы
21 ғасырда басқа мемлекеттерден оқшауланып өмір сүруге мүмкін емес. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып тарихи қалыптасқан. Сондықтан әр қазақстандық ең кемінде екі: қазақ және орыс тілдерін білу керек.
Ересек тобында ағылшын тілінен үйірме жұмысының перспективалық жоспар және Бағдарлама
Ересек тобында ағылшын тілінен үйірме жұмысының перспективалық жоспар және Бағдарлама
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Еліміздің шет елдермен қарым – қатынасымыз күшейіп отырған кезде балалардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті.
The Penguin
The Penguin
Балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын жетілдіру, сөздік қорларын байыту. Балалардың танып білуге деген қызығушылығын арттыру. Сөйлемді грамматикалық жағынан дұыс құрастыруға үйрету.
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
Балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту, ертегіні қоя отырып, олардың сөйлеу тілін дамыту, ағылшын тілінде ертегі айтуға үйретту, сөздік қорларың молайту, қатесіз сөйлеуге дағдыландыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×