Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейуақтың бейбақ бұлбұлы

05 ақпан 2021, Жұма
Категориясы: Ақын-жазушылар

Шыңжаң қазақ жазба əдебиетінің негізін салған Таңжарық Жолдыұлының есімі бұрын негізінен Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтарында мейлінше белгілі болса, бүгінгі күні оның мəйекті де мағыналы əдеби мұрасынан күллі Алаш жұртшылығы хабардар. Қытайда туып, сол жақта дүниеден өткен ардақты ақынның біраз шығармасы ыждаһатымен ынтызары бөлек жандардың арқасында сонау кеңестік кезеңде - ақ шекара аттап, бергі бетке жетіп үлгерген - ді. Қырағы көздердің сүргі - сұрпынан сығымдала өтіп барып, күйеу баласы – танымал жазушы Бұқара Тышқанбаевтың құрастыруымен 1974 жылы «Армантау» атты жинағы баспа жүзін көрді. Ұлт мүддесіне адал ұстаз ғалымдар Бейсенбай Кенжебаев жəне Əсілхан Оспанұлының жетекшілігімен оның поэзиялық мұрасы жөнінде сол уақыттағы студенттер, болашақ белгілі зерттеушілер Тілеужан Сақалов пен Əлімғазы Дəулетхан – бірі Алматыда, бірі Шымкентте диплом жұмысын қорғады. Бірақ кандидаттық зерттеу жазуға талпыныстарының жолына тосқауыл қойылды. Сазгер ақынның «Амандасу» əні Дəнеш Рақышевтің орындауында таспаға басылып, ел ішіне тарады. Сөйтіп, құрсауы қатты қоғамның тыйымдарына қарамастан, Таңжарықтың тағдыр - талайы мен туындылары жұртшылықтың аузына ілікті, көкірегіне қонақтады. Тәуелсіздік тұсында таңжарықтанудың тыңнан тынысы ашылды. Осы орайда оның құнарлы қазынасын түгендеу мен танытуға күллі ғұмырын сарп еткен жазушы Оразанбай Егеубаевтың еңбегі ересен. Ақынның өмірін жəне өнерпаздығын зерттеушілер мен зерделеушілердің қатары қалыңдап келеді. Таңжарық жəдігерлігін талдап жүр - гендердің ішінде Серік Негимов, Амантай Кəкен, Дүкен Мəсімханұлы, Тұрлыбек Мəмесейітов, Бауыржан Омарұлы, т. б. білікті оқымыстыларымыз бар. Қазір ақынға туған топырағында ескерткіш қойылған, ол туралы телефильм түсірілген жəне роман жарық көрген, шығармалары дүркін - дүркін кітап болып басылған. Мерейтойлары өткізілді. Ел байтағы – Астана қаласында атына көше берілді. Сөйтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Шыңжаңдағы əдебиеттің жарық жұлдызы – Таңжарық Жолдыұлы шығармалары туған əдебиетіміздің төрінен лайықты орын тапты». Бұл – ұлтының, ұрпағының болашағына жанжігерін жұмсаған асыл азаматтың тарих күресінінде қалмағандығының белгісі.
Академик Зейнолла Қабдолов бейнелі түрде «бейуақтың бейбақ бұлбұлы» деп сипаттаған ақын Таңжарық Жолдыұлының өмірі заманалық талас пен тартыс, арпалыс пен ауыртпалық ызғырығының өтінде өтсе, өлеңдері соған сəйкес өжеттікпен, өрлікпен суарылды. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы Алаш арыстарымен мұраттас қаламгер жырларының сексен пайызының Гоминдаң қапасханаларында жазылуы – елім деп еңіреген ердің тағдырдан көрген теперіші.
Ақынның соңына қалдырған шығармашылық мұрасы бай. О. Егеубаевтың мəліметіне иек артсақ, 129 лирикалық өлеңі мен толғауы, 7 өлең - романы, 5 қиссасы, 6 айтысы, 11 əні белгілі екен. Зерттеушілер алдындағы ендігі міндет – осыларды əр қырынан талдап - таразылап, ерекшеліктерін екшеу жəне əдебиеттану ғылымының тұрақты айналымына қосу.
Қорыта айтқанда, биыл туғанына 118 жыл толып отырған Алаш арысы Таңжарық Жолдыұлының өмірі мен өнерпаздығы тарихта мәңгі қалмақ.

Галпай Ұлжан Әсенқызы,
Филология және әлем тілдері факультетінің 1 - курс студенті
Ф. Қозыбақова, ғылыми жетекшісі
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ тарих және археология, этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

1 532
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жұмекен Нәжімеденов "Менің Қазақстаным"
Жұмекен Нәжімеденов "Менің Қазақстаным"
БҚО, Орал қаласы, А. С. Макаренко атындағы №6 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Дюсембаева Ләззат Саясатқызы
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Ілияс Есенберлин шығармашылығы «Көшпенділер» трилогиясы
Ілияс Есенберлин шығармашылығы «Көшпенділер» трилогиясы
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж» қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Искакова Асем Айдарбекқызы
Сәкен Сейфуллин «Тұлпарым»
Сәкен Сейфуллин «Тұлпарым»
Ақтөбе обылысы Алға ауданы Жерұйық негізгі мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Тлеуова Акнур
Тілім, дінім деп соққан жүрегі
Тілім, дінім деп соққан жүрегі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің кітапханашысы Тәжиева Алтынай Шәймерденқызы
Абай Құнанбаевтың  Қара сөздері.
Абай Құнанбаевтың Қара сөздері.
Абай Құнанбаев(1845-1904ж.ж.) ұлы қазақ ақынының шығармаларының бiрi де көзiнiң тiрiсiнде дүниеге келмегені белгiлi. Тек дүниеден кеткеннен кейін ғана 1909 жылы, Петербургте оның өлеңдерiнiң жинағын басып шығарды."Ғақлия" немесе "Қара сөз"
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×