Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешу

04 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Бәйге
Тақырыбы: Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешу (презентациясымен)
1. Сынып: 8
2. Мерзімі:
3. Пәні: математика
4. Тақырыбы: Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешу
5. Мақсаты:
Білімділік: Квадраттық функция графигінің көмегімен квадрат теңсіздіктерді шешу алгоритмін оқып үйрену және шешуді қалыптастыру;
Дамытушылық: Дәстүрлі жағдайларда оқытылған әдістерді қолдана алуды үйрене отырып, алдыңғы қарастырылған әдістерден бұл әдістің артықшылығы неде екенін анықтау, алынған ұғымдарды есептер шығаруда қолдана білу, оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту;
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу
6. Типі, әдісі, пәнаралық байланысы жаңа білімді меңгеру, сұрақ - жауап, алгебра, сызу, геометрия
7. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірме материалдары (нөлдік тапсырмалар кестесі, математикалық диктант сұрақтарына жауап кестесі), ауызша есеп карталары
8. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: а) сыныптың сабаққа әзірлігін анықтау; б) оқушылардың сабаққа әзірлігін анықтау; в) мұғалімнің сабаққа әзірлігіне зер салу
ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру: а) Фронталды сұрақтар:
Білім өзектілігі:
• Квадрат үшмүше анықтамасы;
• Квадрат үшмүшенің түбірлерін табу деген не, неше түбірі барын қалай анықтайды?;
• Квадрат үшмүшені у - ке теңестіргенде не болады, ол қалай аталады және оның графигі не?;
• Квадрат үшмүше түбірлері квадраттық функция үшін не болып табылады, олар нешеу болуы мүмкін?;
• Парабола тармақтарының бағыты қалай анықталады?
• Алдыңғы сабақта қандай тақырып оқып үйрендік, квадрат теңсіздік деген не?;
• Квадрат теңсіздікті шешудің қандай әдістерімен таныстық? Әдістер барлығыңызға ұнады ма? Сіздердің ойларыңызша оның кемшілігі неде?;
• Квад - қ теңсіздіктерді шешудің басқа да әдістері бар деп ойлайсыңдар ма? Сл. №1.
б) Ауызша: 3х – 4х + 1(карта)
Сұрақтар: 1. Қалай аталады? 2. функция; 3. графигі; 4. тармағының бағыты; 5. нөлдері;
6. теңсіздіктің оң шешімді болуы (оқушылар осы сауалдарға жауап қайтарады) С - д №2.
Сабақ тақырыбын жариялау. Слайд №3.
Оқушылармен бірігіп, сабақтың мақсатын қалыптастыру. Слайд №4.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеруге даярлық:
а) Тақтада орындалатын тапсырма. «Байқап көрелік». Слайд №5.
(Кадраттық функция формуламен берілді: Берілген функцияға сәйкес график эскизін сәйкес функциялардың астына орналастыру және таңдаудағы сәйкес белгілерді тұжырымдау)
ә) Қорытындылау: Егер квадраттық функция формуламен берілсе, онда а - ның мәнін және квадраттық функцияның нөлдерінің мәнін біле отырып, квадраттық функцияның графигінің эскизін сала аламыз. Ал квадраттық функция графигінің зкизінің көмегімен функцияның оң немесе теріс мәндер қабылдайтын аралықтарын, ал ax² + bx + c квадрат үшмүшесінің таңбасын анықтай аламыз, яғни, ax² + bx + c > 0, ax² + bx + c 0, ax² + bx + c 0, ax² + bx + c < 0, ax² + bx + c ≤0, ax² + bx + c ≥ 0 түрлерінің шешімі. Слайд №9-Слайд №12.
Оқулықпен жұмыс тақтада: №547 (4); №547 (5).
«Geogebra» бағдарламасымен ноутбукте: №548; №549 (жұп литер).
Шығармалық жұмыс ноутбукте: №552 (жұп литер). Слайд №13.

V. Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау:
а) квадраттық функция графиктерінің эскиздері көмегімен фронталды сұрақтарға жауап беру арқылы өткен материалды қайталау; (математикалық диктант сұрақтарына жауап беру кестесін толтыру) Слайд №14
ә) жұптық талқыға салынған сұрақтардың дұрыстығын өзара тексеру (үлестірме). Сл №15.
VI. Оқушылардың білімін бағалау:
а) сұрақтар қою; б) ауызша есептер беру; в) бірін - біріне сұрақтар қойғызу

VII. Үйге тапсырма: №547 (3 - 6);№548; №549 (тақ литер)
а) түсіндіру; ә) бағыт - бағдар беру, сұраққа жауап;
б) Шығармалық жұмыс: №552 (тақ литер). Слайд №16.
РЕФЛЕКСИЯ
Жеке өзім үшін....
а) Тақырыпты түсіндім
ә) Есеп шығарып үйрендім
б) Бүкіл өткен тақырыпты қайталадым
Сізге сабақ уақытында есеп шығару үшін
не кедергі болды?
а) Білімім
ә) Уақыт
б) Ештеңе
Сабақ кезеңінде қиыншылықты жеңуге кім көмек берді?
а) Сыныптасым
ә) Мұғалім
б) Ешкім
в) оқулық

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 564
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу ережесімен таныстыру және есептер шығаруда қолдана отырып, сан аралығымен жаза білу.
Квадрат теңсіздікті шешу
Квадрат теңсіздікті шешу
Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шеше білуге үйренеді;
Квадрат теңсіздік. Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шешу
Квадрат теңсіздік. Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шешу
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды «квадрат теңсіздік» ұғымымен таныстыру, квадрат теңсіздіктерді квадраттық функцияның графигі арқылы шешуді меңгерту.
Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шешу
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №19 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Құттымұратова Гүлнар Әмитқызы
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Баймағанбетова Жанар Өтегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×