Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рухшыл жыр бастауындағы көркем иірімдер (М. Жұмабаев «От» өлеңі)

15 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бәйге
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Рухшыл жыр бастауындағы көркем иірімдер (М. Жұмабаев «От» өлеңі)

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаев, қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының бірі ғана емес, бірегейі де. Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын.
Мағжан – түрікшіл, санашыл, дарашыл, уайымшыл, өзімшіл ақын.

Мағжан Абай үлгісімен өзінің шығармашылық ортасында ақындық шеберлігін шыңдады. Ақындық өнерін де, азаматтық өмірін де тек қана туған халқының азаттық туының астына өрбітіп, еркіндік-теңдік жолына бағыштайды. Мұның өзі Мағжанның талғамай талпыну, оқу, үйрену арқылы жеткен білім деңгейі, кеңіген ой-өрісі, сезім, сыр қалыптастырған көзқарас көкжиегі болатын. Оның өз ортасынан оза шабуы да осындай білімдарлығына байланысты. Сөз өнері арқылы рухани мол мұра қалдырған М. Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын зерттеу, зерделеу, бүгінгі күн тұрғысынан баға беру қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Зерттеу жұмысының нысаны: адам бойындағы сезімдерді еркін тыныспен сыртқа шығарып, сұлу да сырлы жырға айналдырған сыршыл ақын қазақ лирикасына тағы да бір жан тебірентерлік жаңа, таза ағыс әкеп қосқандай. Мағжанның әр түрлі буынды өлшеммен өрілген өлеңі қазақ поэзиясының тосын өрнек кестесін алып келді. Сол сияқты ұйқас түрлеріне енгізген жаңалықтары – өз алдына бір төбе. Ақын поэзиясының басқа да компоненттері сияқты өлең ұйқастарының да өзінен бұрынғы поэтикалық формалық дәстүрмен жазылған және жаңашылдық жақтары да бар. Мағжан Жұмабаев ХХ ғасырдағы басқа қаламдастардан осыларымен ерекшеленеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – М. Жұмабаевтың «От»өлеңін талдау
Зерттеу жұмысының осы мақсатынан туындайтын мынадай негізгі міндеттер жүйелі түрде қарастырылады:
• Ақын шығармашылығын жүйелеу, саралау;
• Мағжан поэзиясының көркемдік қуатын анықтау;
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысын жазу барысында жүйелілік, жинақтау, тұжырым жасау әдістері пайдаланылды..
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Зерттеу жұмысында жасалынған тұжырымдар мен нәтижелерді жоғары оқу орындарының «Мағжантану» курсынан жүргізілетін семинарлық сабақтар барысында, орта білім беретін мектептерде қазақ әдебиеті сабағында мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімді пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Зерттеу барысында артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың «От» өлеңіне талдау жасалынған.

І. Мағжан Жұмабаевтың «От» өлеңінің тақырыптық-идеялық негізі
Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі – Мағжан Жұмабаев. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешірді.

Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Ол түсінікті еді. Мағжан өмір сүрген уақыт қаншалықты күрделі саяси, қоғамдық тақырыптарды алға тартқанымен, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжан да Абай дәстүрінде жыр жазды, ұлы ұстаз үлгісін жалғастырды. Алғашқы өлеңдерінің бірін "Алтын хакім Абайға" деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі. Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады. "Жазғы таң", "Өнер-білім қайтсе табылар", Қазағым", т. б. өлеңдерінде ақын осы тақырыпты көтереді. Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Ол:
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр,– дей келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртенеді. Қолында дәулеті бар деген бай-болыстар да, азын-аулақ оқыған төрелер де өз басының қамын ойлаумен жүр. Халықтың жайына алаңдайтын ешкім жоқ. Оқудағы шәкірттерге де дұрыс білім берілмейді. Қыз балалар малға сатылуда. Өзара дау-жанжал, айтыс-тартыс көп. Міне, Мағжанның өкініші – осылар.

Мағжан поэзиясының құдіреттілігі сол – ол оқырмандарына көтеріңкі көңіл – күй, бойға рух, жанға жігер береді. Өлеңдерінің құдіреттілігі сол – жастардың қанындағы ұлттық рухты күшейтеді, отаншылдық сезімін арттырады. Оларды жаужүрек батырлыққа тәрбиелейді. Мағжан өлеңдері жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелейді, өлеңдерін жастарды тәрбиелейтін құралы ретінде пайдалану керектігі содан. Мұның бәрі Мағжан тума дарын екендігін аңғартса, екіншіден өзіне дейінгі ақындардан оқу-үйрену нәтижесінде жеткен. Ол тек қана қоғамдық саяси ойлар айтумен шектеліп қалмаған, қазақ әдебиетін бүкіл ел танитын әлемдік дәрежеге шығаруды да мақсат еткен. Ақынның ол арманы өз өлеңдері арқылы орындалды. Советтер Одағының құрамында белгісіз болып жатқан қазақтың атын, өлеңдері арқылы шет елдерге әйгіледі.

Дегенмен, Мағжанның ойлары мұнымен шектелмейді. Бір ұлттың өз халқының мүддесін ойлаумен ғана қалып қоймайды. Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттар бұдан әлдеқайда биік. Туған халқы туралы айтқанда, оның кешегі өткен жолын еске алады, оны бүгінгі жағдайымен салыстырады. Онымен де шектелмей, ақын жалпы түріктік идея көтереді. Түркі тектес халықтардың бәрінің болашағынан үміт күтеді, жалпы Шығысты пір тұтады. Бұл қатарда ақынның "Пайғамбар", "Күншығыс", "Түркістан", От" тәрізді бірсыпыра өлеңдерінде түптің түбінде жақсылық атаулының бәрі де Шығыстан келмек, Батыстан торлаған қою қара бұлтты Шығыстың жарық сәулесі ғана талқандамақ. Бұл өлеңдерінде ақынның туған жерге, өз топырағына, Шығысына деген ғажайып сүйіспеншілігі, перзенттік патриотизмі айқын көрінеді. Мағжан өз халқының бойындағы биік рухқа сенген, сол рух қайта бір дүр сілкінсе, армандаған азаттыққа жеткізеді, әлемдік өркениет көшінің алдыңғы легіне қайта қосылуға болады деп үміттенген. Мағжан ақынның кез келген өлеңдерінен оның қазақ халқына, жалпы түркі жұртына деген асқан сүйіспеншілігі байқалып тұрады.

«От» өлеңінде өршіл ақынды ұлтымыздың, жұртымыздың тағдыры, болашағы қатты толғандырады. Өлең тақырыбы – қазақ халқының рухын ояту.
Өлең мақсаты сол үмітті, сол тілекті өз халқына жеткізу.
«Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім-күнмін, өзім – от»,- дей келе Мағжан Жұмабаев қазақ халқы алдына үлкен міндет қойып отыр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
38 490
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ елі»
Мағжан Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ елі»
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара Әбушахманқызы
Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі
Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Қарасу ЖОМ Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абишева Айсулу Даирбековна
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажмеденова Гаухар Тасқалиқызы
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Мағжан Жұмабаевтың "Шолпы" өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні
Мағжан Жұмабаевтың "Шолпы" өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні
Дауылпаз ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірден өз орнын анық тауып, артына өшпес мол мұра қалдырғанын анық білеміз. Оның лирик ақын екені де баршаға аян.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×