Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Бір ел - бір кітап" акциясы мен ұлттық оқу мәдениеті

23 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бәйге
Тақырыбы: « "Бір ел - бір кітап" акциясы мен ұлттық оқу мәдениеті»

Кітап - адамзат баласының баға жетпес рухани құндылығы. Кітап білім мен тәрбие құралы ретінде жеке тұлғаны қалыптастыруда ерекше ықпалға ие. Электронды дәуір ағымына қарамастан, кітаптың орнын ештеңе де алмастыра алмақ емес. Еліміздің қарқынды дамуы, елбасы Н. Ә. Назарбаевтың білімді, сауатты жастарға үміт артуы, оларды түрлі әлеуметтік, оқу бағдарламалары мен өз Жолдауындағы «Жалпыға арналған білім» мен «Өмір бойғы білім алу» ұрандары арқылы сапалы білім алу мен кәсіби маман болуға үндеуі - болашаққа жасалған игі қадам. Оқу бағдарламалары мен сауаттылықты қорғау қашанда мәдениет саясатының негізгі бағыты болып қалмақ.

Оқырман мен кітаптың арасын жақындату мақсатында әлем қолдан келген бар мүмкіндіктерді қолдануда. Елімізде кітап оқу акциялары ұйымдастырылуда. Кітап оқу акциялары, ең алдымен АҚШ - да өте танымал болған. «Бір кітап - бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітап оқыса...» деген жобалар жұмыс істеген. Мұндағы басты принцип - кітап пен оқырман арасын жақындатып, бір шығарманы көпшілікпен бір уақыт аралығында оқып, талқылау. Бүгінде «Бір ел - бір кітап» жобасы көптеген елдерге кең тараған.

Елімізде оқу мәдениетін, кітап оқу мәселесі осыдан бірнеше жыл бұрын республикалық көлемде қолға алынуда. Бұған 2007 жылы Астанада өткен «Оқитын ел - бәсекеге қабілетті ел негізі» атты халықаралық оқу конгресі айқын айғақ. Конгресс жұмысының нәтижесінде сол жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы «Бір ел - бір кітап» акциясын өткізуді бастады. Осыдан бастап аталмыш акция ел тарихында елеулі орын алар ерекше оқиғаға айналды. 2007 жылдың қыркүйек айындағы «Елімізде «Бір ел - бір кітап» акциясы басталды», «Республикамыздағы танымал саясат және қоғам қайраткерлері оқи бастады» деп аталатын ақпараттар ағыны кімді де болса елең еткізіп, Қазақстанның мәдени өмірінде өзгеше бір жаңалық басталғанын әйгілегені анық.

Акцияның ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы кітапханашылар қауымдастығы. Алғашқы жылы акцияның ұйымдастыру комитеті құрылып, Қазақстан халық жазушысы, ақын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері Фариза Оңғарсынова ұйымдастыру комитетінің төрайымы болып сайланды. Акцияның ережесі жасалып, сол ережеге сәйкес жыл сайын ұлттық гуманизм мен жалпы азаматтық идеяны бейнелейтін, ел тарихы мен заман дамуына сай, әрі қоғамдық пікірталасқа түрткі бола алатын туындылар таңдап алынып отырады. Оқырмандар арасында жыл кітабына таңдау жасау сұралып, арнайы сауалнамалар жүргізу арқылы ел тарихы мен мәдениетінен хабардар етер құнды көркем туынды немесе шоқтығы биік поэзиялық шығармалар іріктеліп, ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы болып бекітіледі.

2007 жылы алғаш рет таңдалып алынған Ұлы тұлға Абайдың «Қара сөздері» оқырмандарын өзі мен айналасындағыларды танып білуге, озық гуманистік ойға жетелесе, 2008 жылғы М. Әуезовтің «Қилы заман» повесі кейіпкерлерінің мінез - құлқы мен заман тартысы арқылы жастарды Отаншылдыққа үндеді. Негізгі мақсат тек оқуда ғана емес, ел тағдыры мен тарихын арқау еткен шығармаға қайта көз жүргізу, оқушыларды Әуезов деңгейіне көтеріп, өткенімізге жаңаша көзқараспен қарауына ықпал ету. Осы шығарма арқылы бойларындағы ұлттық намыс пен жігердің оянуына ықпал ету, «Қилы заман» повесін оқыған әрбір оқушы халқымыздың өткен тарихына, оның алмағайып уақытындағы сырына қанықты.
2009 жылғы оқу акциясына «Ұлттық поэзия падишасы» болып саналатын Мағжан Жұмабаевтың махаббат лирикасы, оның оқырмандарға таныс «Жан сөзі» жинағы таңдалып алынды.
Жыл сайын өткізіліп отырған оқу акциясы өзінің оқырмандарға қажет екендігін, өміршеңдігін дәлелдеп отыр.

2010 жылы қазақтың қаһарман ақыны Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы асқақ үнімен оқушыларды рухтандырды. Жұбан Молдағалиев өзінің атақты «Мен қазақпын» поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған. Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық - публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп өрнектелген, қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттей білген. Қазақ халқының елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырға қосады. Оқырмандарын жігерлендіре, ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізе Отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын.

2011 жылы жерлесіміз, көрнекті жазушы, ақын, драматург, сыншы, аудармашы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы халықтық талқылауға таңдалып алынды. Қазақ елінің тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болғанына жиырма жыл толумен тұспа тұс келуі кездейсоқтық емес, тәуелсіздікті аңсап, қазақ халқының отаршылдық пен ауқатты топтар езгісіне қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күрес идеясын сусындатқан жазушы. «Ақбілек» романы ұлттың талайлы тарихын, қазақ өмірінің қиын да, күрделі кезеңін, басты тұлғаның ауыр да сындарлы сәттерін тағы сондай нақтылы көрініс, шынайы оқиға, бедерлі бейнелер арқылы көрсетіп, тақырып табиғатын, көркемдік - эстетикалық мұраттарын шебер де шешен, шынайы үлгіде баяндаған байыпты, тағылымды туынды шығарма болып саналады. Профессор, филология ғылымдарының докторы Т. Жұртбай «Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы - ұлттық және адами ізгілік құндылықтарын, адамның жан құбылыстары мен сезімінің бай әлемін бейнелейтін роман»-, деп баға берген. Екібастұз қалалық мектеп кітапханаларында «Ақбілек тағдырына менің көзқарасым» атты оқу марафоны, «Ақбілек романы - ұлт тағдыры» атты дөңгелек стол, кітап көрмелері, ашық сөрелер, презентациялар ұйымдастырылып, оқушылар жазушы шығармашылығымен кеңірек танысу мүмкіндігіне ие болды.

2012 жылы көркем сөздің құлагері - Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» повесі оқу акциясы бойынша оқылды. Оралхан Бөкей - қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегін салған қаламгер, оқырманын өзгеге ұқсамайтын қолтаңбасымен таңқалдырды. Туған жері - Алтайдың сұлулығын, тәкаппарлығын, асқақтығын жырлаған жазушы, қамшы сабындай қысқа ғана ғұмырында өзін де, туған әдебиетінде осындай асқар асуға шығарып үлгерді. Бұл повесінде автор жазушы туған жер табиғатын тамсана суреттеп, өз әкесіне деген балалық махаббатын сүйсіне суреттейді. Ал шығармадағы оқиға желісіне байланысты биенің егіз тууы жаман ырымға жорылып біреуін өлтіреді. Осы оқиғаға өкініш білдірген келесі туған құлынын анасы өзі өлтіргендігін суреттей келе автор көңілінде қасқа құлынға деген аяушылық, өкініш сияқты сезімдер туындайды. Ескі ырымға сенбей құлынды өлтірмесе, мүмкін ол қазақтың құлагері болар ма еді деген ой түйген. «Қайдасың, қасқа құлыным» повесі тақырыбы мазмұнды, маңызды, қазақ әдебиетінде өзіндік ерекшелігі, өрнегі бар шығарма.

Абай, Мұхтар, Мағжан, Жұбан, Жүсіпбек, Оралхан секілді алып тізбегінен тұратын оқу акциясының сипаты біртіндеп жалпыұлттық деңгейге көтерілуде. жыл сайынғы жалпы оқуға қатысушы оқушыларымыздың саны ұлғайып, өткізілген іс - шараның көлемі артып, түрлері жан - жақты жаңашылдануда.
Биылғы 2013 жылы «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында өз оқырмандарына жол тартқан «Дауа» кітабы - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың төл туындысы. Бұл жинақ таңдамалы өлеңдерден тұрады. «Дауа» кітабының негізгі мазмұндық идеясы – жастарға шығармашылық жол; яғни соның ішінде өзіндік ойымен өлең шығару дарындылығын пайдалану арқылы кез - келген жаман істерге, арам ниетке биәдеп қылықтарға, тіпті жазылмас дертке де қарсы тұруға үйрету.
Әдеби шығарма оқу тек қана оқу емес, ол өзіңді - өзің тәрбиелеу, парасаттылыққа апарар жол іздеу. «Бір ел - бір кітап» акциясы арқылы келер ұрпақты тек оқуға ғана емес, озық гумаинстік ақыл - ой мен адамгершілікке де тәрбиелеу. Елімізде осымен жетінші рет өткізіліп отырған оқу акциясы жазба мәдени мұраны насихаттау мен оқушылардың кітап оқуға деген көзқарасын жақсартуда үлкен жетістіктерге жетіп отырғаны сөзсіз. Ол оқушыларды кітап оқу ісіне тартудың: баяндама, презентациялар, ток - шоу, кітап көрмелері, ашық сөрелер, экскурсиялар, оқу марафондары тағы басқада түрлі формалар арқылы мүмкін болып отыр.

Екібастұз қалалық мектеп кітапханаларында республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша өткізілген іс - шаралар түрлері алуан түрлі. Кітапханашылар оқушылармен жұмыс жасау кезінде оқу марафондары, флэш - моб, оқырмандар конференциясы, кітап көрмесі, әдеби кеш, ауызша журналдар өз оқырмандарын акцияға таңдалып алынған әрбір шығарманы кең, әрі жан - жақты ашып көрсетуге өз септігін тигізді.
15 647
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні
23 сәуір - әлем әдебиеті үшін символикалық дата Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін бекітуге себеп болды.
Кітап - тарих, шежіре! 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні
Кітап - тарих, шежіре! 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні
Мен – кітаппын, білімнің бұлағымын, Жауабымын сауал мен сұрағыңның, Ақылшыңмын, ұстазбын, ғажайыппын Бағдаршаммын, адаспас шырағыңмын.
Кітап – рухани қазына
Кітап – рухани қазына
Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы дүниенің айнасы, ғылым – білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. Кітап – адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан
Кітап рухани - сарқылмас қазына
Кітап рухани - сарқылмас қазына
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Саликова Елмира Мергенбайқызы
Кітап - білім бұлағы
Кітап - білім бұлағы
Қарағанды облысы, Шет ауданы, «Қызылқой жалпы орта білім беру мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
Қарағанды облысы Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Гульжазира Хайдаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×