Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің сүйікті ойыншықтарым

13 сәуір 2014, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты:
1. Балалардың сүйікті ойыншықтары арқылы оларды бауырмалдыққа, мейрімділікке, қамқор болуға дағдыландыру.
2. Ойыншықтары туралы білуге үйрету, баланың сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіре түсу.
3. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік:
Әртүрлі ойыншықтар: Қуыршақ, доп, машина және аңдар.
Сабақтың барысы:
I - Ұйымдастыру
II – Мұғалімнің кіріспе сөзі
III – Жұмбақ шешу
1. Аяғы бар жүрмейді
Аузы бар күлмейді
Айнымайды бөпемнен
Тек сөйлеуді білмейді. (қуыршақ)
2. Суға салсаң батпайды,
Түскен жерде жатпайды (доп)
IV. Сұрақ – жауап
• Сүйікті ойыншықтарың бар ма?
• Қандай ойыншықтарың бар?
V. Қазір әркім өзінің сүйікті ойыншықтары туралы айтып береді.
VI. Ойыншықтар:
1. Іші толған бөлменің,
Ойыншығым мол менің
Босқа тізіп қоймайық,
Келе ғой, достар ойнайық.
2. Мына тұрған арғымақ,
Мінем оған қарғып – ақ.
Тістемейді, теппейді
Бос қойсаң да кетпейді.
3. Мына тұрған тайлағым,
Келмейді оны байлағым.
4. Мына тұрған сиырым,
Томпайтып тұр бүйірін.
5. Мына тұрған қояным,
Алдына жем қоямын.
Құлағы оның ұзын – ақ,
Өзі бірақ қорқақ.
6. Мына тұрған машинам,
Зымырайды тоқтамай,
Алдына тұраң машинамның,
Қағып кетем байқамай.
Ән «Ойыншықтар»
1. Добым, добым домалақ,
Шаршамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің
Тәрелкені сындырдың.
2. Добым, менің добым
Өзің неткен добым
Зымырайсың қутыңдайсың,
Бірақ менен құтылмайсың.
3. Лақтырғанда добымыз,
Биікке ұшып кетеді.

Тату болсақ өзіміз,
Бәрімізге жетеді.

«Қуыршақ»
1. Әй, қуыршақ, қуыршақ,
Жуынбайды жуынсақ.
Беті қолдың батпағын
Елең қылмай жатқаның
- Қашан адам боласың?
«Қуыршақ» әні
1. Көп жүрдік далада,
Ойнамай болама,
Аяқ бастың тәй – тәй,
Шаршадың ғой, қуыршағым!
Тойдырдың ғой бөкпенге,
Үйреттің төкпеуге
Төсек дайын бөпем
Демал енді, көкем
Ұйықтай қойшы, Қуыршағым.
Мысық
1. Ақ мысығым әдемі,
Жүні үлп – үлп етеді
Өзі сондай сүйкімді
Сүтті жақсы көреді.
2. Бірге ойнасақ мысықпен,
Еркелейді ол маған.
Мияу, десе мен оны
Жүгіріп кеп қолға алам.

Ертегілер әлеміне саяхат
1. «Әтеш пен тоты құс»
2. «Үш жолаушы»
3. «Қозы, аю, арыстан»
4. «Қасқыр мен түлкі»

VI. Бекіту:
- ойыншықтарды ұқыпты ұстай білесіңдер ме?
VII. Достарыңмен ойыншықтарыңды бөлісіп ойнаңдар.
Мұғалім:
Ойыншықтармен күнде біз,
Кешке дейін біргеміз
Кейде еңбек етеміз,
Кейде ойнап кетеміз
35 542
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балалардың сүйікті ойыншықтары арқылы оларды бауырмалдыққа, мейрімділікке, қамқор болуға дағдыландыру.
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтары туралы әңгіме құрауға үйрету. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын білуге үйрету.
Балабақшаға арналған сабақ топтамасы
Балабақшаға арналған сабақ топтамасы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, № 3 орта мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Нурбаева Акгуль Жумагалиевна
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 «Балауса» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі: Абдуллина Зульфира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×