Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


9 – мамыр – Жеңіс күні!

19 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
9 – мамыр – Жеңіс күні!
Мақсаты:
1. Ұлы отан соғысы туралы мағлұмат беру.
2. 9 – Мамыр – Жеңіс күні екенін толық түсіндіріп өту.
3. Балаларды Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Мақал - мәтел
«Отан – оттан да ыстық»
«Отан үшін отқа түс, күймейсің!»

1. Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі.
1941 жылы 22 маусымында ойламаған жерден немістер біздің елімізге шабуыл жасаған, яғни соғыс ашты.
Бұл соғыс Ұлы Отан соғысы деп аталды, Әрі бұл соғыс 4 жылға созылды. Сөйтіп, 1945 жылы 9 - Мамыр күні біз фашистерді жеңіп шықтық.
Тақпақтар:
Жолдығали Санжар:
Атам Отан қорғаған
Онда қорқақ болмаған
Алтын жұлдыз кеудеде
Нағыз батыр ол маған.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор.

1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46 - шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт - Петербургтегі 9 - орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7 - сыныпты бітірісімен Рыбинскавиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ - ға (Жұмысшы - Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54 - ші арнайы атқыштар бригадасы 4 - батальонының снайпері болған (22 - ші әскер, 2 - ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30 - дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

Гүлжан:
Батыр қыз
Әлияны бұл күнде,
Барлық бала біледі
Әлия апа көңілде
Әпкеміз деп жүреді.
Бекжан:
Жер мен көктің арасын
Шарпығанда қалың өрт
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт.

Наби:
Қалды артта қан мен төгіс
Қиындық кешу де
Бірақ та сұм соғыс
Әркімнің есінде.

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.
Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8 - гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал - майор И. В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16 - 18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколам тас жолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады

Ислам:
Батыр бопты бабамыз
Біздер әлі баламыз
Күзетте түр тұрағы
Әскердегі ағамыз.

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Орда ауданы,— 1943 ж. қазанның 16 - ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944). Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Ата - анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медициналық институтында оқып жүрді.

1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21 - нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.
Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т. б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» көркем фильм түсірілді.

Қайнар:
Жаумен жалғыз алысты,
Түбінде Мәншүк соғыстың
Бермеді қолдан намысты.
Жүректі қызы қазақтың.
Аяна:
Мәншүк апай батыр қыз,
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз.
Ән: «Бұл шақта»
Қорытынды:
Қалды артта қан төгіс,
Қиындық кешу де.
Бірақ та сұм соғыс,
Әркімнің есінде.

Жас ұрпақ тілегі,
Бейбіт күн асқары.
Ашық боп тұрсын де,
Әлемнің аспаны!
12 735
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Тілегіміз бейбітшілік
Тілегіміз бейбітшілік
Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлармен, олардың ерлігімен таныстыру. Олардың ерен ерліктеріне еліктеушілік сезімдерін туғызу. Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Жеңіс күні
Жеңіс күні
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №1 Жалпы орта мектеп-интернатында тәрбиеші Оскенбаева Акнур
Ерлік ел мұраты
Ерлік ел мұраты
Балабақша тәрбиешісі Жолдаева Жанаргул
Отты жылдар жаңғырығы
Отты жылдар жаңғырығы
Тақырыбы: Отты жылдар жаңғырығы
Жеңіске жеткен ұлы күн
Жеңіске жеткен ұлы күн
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Накеева Ақмарал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×