Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дыбыс, буын, сөз, сөйлем

04 қыркүйек 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері
Мақсаты: балалардың сөз, сөйлем, буын туралы ойларын қалыптастыру. Оларды жеке талдап, жұмыспен дәлелдеп көрсету. Балалардың ой - өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту. Топпен жұмыс істеуге, ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Сөйлем құрастырып оны талдай білуге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: кеспе әріптер, сөз сөйлемге арналған қиылған карточкалар.
Әдіс - тәсілдер: әңгімелеу, ойын ойнату, тапсырмалар, көрсету

Мотивациялық қозғаушылық
Тілек шеңбері: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Отырған қонақтарға қолымызды кеудемізге қойып, басымызды иіп амандасамыз.
«Бинго» ойыны арқылы өткен дыбыстарға сөз ойлау.
Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
- Балалар, енді мен сендерге қазір сөз тізбек айтамын, ол неге қатысты екенін сендер табасыңдар
- Дыбысты естиміз, әріпті көреміз, жазамыз.
Әріп деген не десең?
Ол – дыбыстың таңбасы.
Оқып, біліп үйренсең,
Боласың сен сауатты.

Іздену ұйымдастырушылық:
- Шана, суық, тайғақ, қар, аққала, боран - неге байланысты?
- Ауа - райы, қыс
Мектеп, аурухана, байланыс бөлімшесі, мұражай, мәдениет үйі.
- Бұл тізбек неге байланысты айтылған? Балалар әрбір тіршілік иесінің өздерінің тұратын жері, мекені болады екен.
- Ғимарат
- Мысалы адамдар үйлерінде, құстар ұясында, малдар
қорасында, ал аңдар өз апандарында өмір сүреді екен, мен қазір сендерге сол туралы ертегі айтып берейін.
Олай болса мұқият отырып тыңдайық.
Әлдеқандай патшалықта емес, мемлекетте емес тура өзіміздің осы аузымыз болыпты. Үйдің төбесі таңдай, еден дегеніміз төменгі таңдай, үйдің екі қабырғасы екі жағы болыпты. Ал үйдің есігі екі ерін, оның ішінде есік бекем болу үшін қойылған сүйек шарбақтар бар екен, ол – тістер. Бір күні осы үйге, яғни ауызға жылан кіріп орнығып алады, сүйтіп зұлымдық істерін жасай бастайды. Көңіл - күйі жақсы болғанда ол дыбыстарды емін - еркін өткізіп жібереді, мысалы былай А, О, Е, И, Ы, У. Бұл дыбыстар үсіне қызыл көйлек киіп есіктен емін - еркін өтіп шығып жатады. Ал кейбір дыбыстардың жолына сұр жылан түрлі кедергі жасап есікті жауып қояды. М - м - м, Н - н - н, Т - дыбысы шығар кезде тіпті таңдайға жабысып қалады. (қане, осы дыбыстарды бәріміз қайталап айтып көрейік, бұл дыбыстар есіктен сыртқа өте алмай тұр). Сөйтіп сұр жылан дыбыстарды ысылдауға, шырылдауға, қырылдауға мәжбүр етеді. Біресе сұр жылан дыбыстарды құйрығымен ұрады Р - р - р. Бұл дыбыстар ауыздан емін - еркін шыға алмайды, сондықтан олар көк көйлек киіп шығады. Сонымен, емін - еркін шыққан дыбыстар дауысты, қысылып шыққан дыбыстар дауыссыз болып екіге бөлініп қалады. Қызыл көйлек киген дауысты дыбыстар өз - өздерімен, көк көйлек киген дауыссыздар өз - өздерімен жүріп жатады. Оларды жекелей ешкім түсінбейді, сондықтан олар бәрі бірігіп буын құрайды, жеке буында түсініксіз болады, сөз құралады, жалғыз сөздің де, мәнісі болмайды, сонымен бәрі ақылдасып сөзден бір ойды білдіретін сөйлем жасайды.
Міне, содан бері балалар, дыбыстардың адамға пайдасы тиіп әлі күнге дейін тіл құралы болып келе жатыр екен.
- Ал енді балалар, сендерге ертегі ұнады ма, ертегіде не туралы айтылған екен?
Дыбыстар туралы
- Ал онда балалар, біз қазір дауысты, дауыссыздар болып екі топқа бөлінейік
- Ертегіде айтылған дыбыс, сөз, сөйлем, буын туралы біз қазір жұмыс істейміз.
Балаларды түсті дөңгелекшелермен бағалаймын.
- Қызыл өте жақсы, көк жақсы.
1 - тапсырма: Неге дауысты дыбыс дейміз? Дауысты дыбыстар тобы мысал келтіріп айтып береді.
- Дауысты дыбыс дегеніміз кедергіге ұшырамай, еркін, ашық айтылатын дыбыстар. Алма, ана, аға т. б
2 - тапсырма: Қазір мен екі топқа әр түрлі буындарды беремін, сендер сол буындардан сөз құрайсыңдар, қай топ тез және көп құрайды сол жеңіске жетеді.
- Са — ғат, а — ға, а — та, ба — қа, ар - па, ро - за т. б

ІІІ Сергіту жаттығуы.
Буындармен қосылып ән салу до - ре - ми - фа - соль - ля - си - до. До - си - ля - соль - фа - ми - ре - до
3 - тапсырма: Енді мен сендерге екі сөз дайындап қойдым, сендер сол сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. Сөзді буынға бөлесіңдер, әрі қанша дауысты, дауыссыз, барлығы неше дыбыс болғанын ажыратамыз.
- Таға, Арна
4 - тапсырма: Топта «Ауыл мен қала» бейнесін бейнелейтін мазмұнды суреттерге қарап әңгіме құрастыру.
- Дауысты, дауыссыз командасы: «Ауыл мен қала» мазмұнды суретке әңгіме құрайды.

ІV Сергіту сәті.
5 - тапсырма: Екі топтан екі бала шығып ауада нұсқағыштың көмегімен кезек - кезек жазады, дауыстылар тобы дауыссыздардың жазғанын, ал дауыссыздар дауыстылардың ауада жазған әріптерін табады.
6 - тапсырма: Графикалық диктант жазу
- Екі топта Ана, ата сөзіне графикалық диктант жазу
7 - тапсырма: Жұмбақ шешу.

Көрмеде бар, өрмеде жоқ,
Әкеде бар, әжеде жоқ.
(К)
Білезікке қарайық,
Ұқсайды ол қай әріп
(С)
Ғарышта бар, жұлдызда жоқ
Ғалымда бар, менде жоқ.
(Ғ)

Рефлекесивті түзетушілік
«Ойлан тап» ойыны
Мақсаты: Баланың ойлау, көзбен көргенін есте сақтау қабілетін дамыту.
Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуі

Қандай түсініктерді игерді: Сөз, сөйлем, буын, дыбыс түсініктері қалыптасады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: берілген тапсырмалар арқылы сөз құрау, сөйлемге дыбыстық талдау жасау, қойылған мақсатқа сәйкес өз жұмысының нәтижесін бағалай білуді меңгерді.
59 094
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Ш» дыбысы және әріп таңбасы
«Ш» дыбысы және әріп таңбасы
Мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, өлең, жаңылтпаш айту).
Жоғалған буын дидактикалық ойыны. Сөз құрастыр.
Жоғалған буын дидактикалық ойыны. Сөз құрастыр.
Өткен дыбыстарды қайталату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. «Жоғалған буын» дидактикалық ойыны арқылы дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем құрастыруға үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Б дыбысы және әрпі
Б дыбысы және әрпі
Б дыбысының дауыссыз дыбыс екенін, оның сөздердегі орнын анықтату.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Юбилейный ауылы, Госплемстанция негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сансызбаева Лунара Бауыржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×