Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Допты себетке лақтыру. Допты қабырғаға бір ұрып айналып, қағып алу

06 қыркүйек 2014, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Допты себетке лақтыру. Допты қабырғаға бір ұрып айналып, қағып алу.
Мақсаты: Балаларды дәлдікке, ептілікке баули отырып, физиологиялық дамуына қолайлы әсер ету. Жүгіру, секіру, етпеттеп жылжу сиқты негізгі қимылдарды жетілдіру. Ертегі желісі арқылы балаларды бауырмалдыққа, достық көмекке тәрбиелей отырып, қуанышты көңіл күй, сергектік сыйлау.
Қажетті құралдар: Балалар санына сай доптар, скамейка, шариктер, саңырауқұлақтар, үйшік т. б
Әдіс тәсілдер: Сюжетті қимылды ойын, психожаттығу, интеллектуалды сұрақ жауап.

Мотивациялық қозғаушы:
Жаттықтырушы: Саламатсыздар ма, балалар? Қане, бәріміз бірге «спорт біздің досымыз» атты ұранымызды айтайықшы.

Балалар: Біз спортты сүйеміз! Ураааааа!
Айтқанды ойға түйеміз! Урааааа!
Шынығуда денеміз! Ураааааа!
Сүйікті дос, физкульт Ураааааа!

Жаттықтырушы: Жарайсыңдар! Біз бүгін «ертегілер еліне» саяхатқа шығамыз. Алдымен жұмбақ жасырайын, сол жұмбақтың жауабы біздің бүгінгі көлігіміз болады.
Сартылдайды табаны
Көрдім жүйрік арбаны
Балалар: Поезд
Жаттықтырушы: Дұрыс, ендеше саяхатқа поезбен шығамыз. Осы кезде радиодан « тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! № 2 жүйрік поезд жүргелі тұр, поезға отырғызылу басталды!- деп хабарлайды. Балалар бірінің артына бірі белдерінен ұстап, тізбектеле тұрып, «паравоз» әнін шырқап жолға шығады. Балалар ағаштар арасымен ирелеңдей жүріп, жалғыз үйшіктің алдына келіп тоқтайды. Үйдің алдында ата мен әже мұңайып отырады. Балалар амандасып жөн сұрайды.
Атай: Жалғыз қызымыз Маша саңырауқұлақ теруге кетіп, оралмады.
Жаттықтырушы: Ендеше біз сіздерге көмектесейік, солай ма, балалар? Балалар әрмен қарай жолға шығады.
Адымдаймыз алысқа
Бір - біріңнен қалыспа
Шынықсақ шымыр боламыз
Жеңеміз үлкен жарыста. ( Кең адымдап жүру)
Өкшеменен жүреміз
Пайдасын да білеміз
Жазып аяқ адымды
Бүгілмесін тіземіз ( Өкшемен жүру)
Секіреміз, сергекпіз
Аяқтарым ауырмас
Бұл да қажет жаттығу
Шаршама тек алға бас! ( Қос аяқпен секіру)
Жаттықтырушы: Міне, көлге де кеп жеттің, аяқтарымызды сулап алмай төбешіктерден секіріп өтелік. (Дисклер арқылы секіріп өту).
Жаттықтырушы: балалар, жел қатты екен, арқамен жүгіріп өтейік. Әрмен қарай тоқтаусыз жүгіру 20 - 25 cек.
Жаттықтырушы: Балалар, күн қандай салқын, жаттығу жасап жылынып алсақ қайтеді.
Жалпы жетілдіру жаттығуы:
1. «Отын шабу». Аяқ бірге, алақанды беттестіріп, қолды жоғары - төмен көтеріп - түсіру. 6 - 8 рет
2. «Отқа жылынамыз» Қолды бір біріне ысқылап, алға созу.
3. « Аяқтарды жылытамыз» Қол белде, аяқты кезекпен алға созу. Екі жаққа бес бестен.
4. « От шапағын жасаймыз» Жерге аяқты созып, бастарын түйістіріп отырып, тізені бүгіп, түсіру. 6 - 7рет.
5. «Міне жылындық» Бір орында секіру.
6. «Оты өшіру» Мұрынмен тыныс алып, ауызбен дем шығару. Тынысты реттеу.
Әрмен қарай жай жүгіру, жай жүру.
Іздену - ұйымдастырушы.
Алдарынан саңырауқұлақ кездеседі.
Жаттықтырушы: Саңырауқұлақ, сен Маша есімді қызды көрмедің бе?
Саңырауқұлақ: Алдымен мына өсіп тұрған саңырауқұлақтардың саны нешу, нешеуі улкен, нешеуі кіші екенін айтыңдар. Балалар саңырауқұлақтарды санайды, үлкен кішісін ажыратады, салыстырады.
Саңырауқұлақ; Ой, не деген ақылды балаларсыңдар. Мен Машаның қоңыр аюдың үйіне қарай бара жатқанын көргем. Міне былай қарай. Балар әрмен қарай жүреді.
Жаттықтырушы; Балалар, аю өте қауіпті жануар. Сондықтан оның көзіне түспеу үшін, армен қарай етпеттеп жылжимыз. (төрт тағандап етпеттеп жылжу) Балалар аюдың үйіне келіп жетеді. Аю үйінің алдында ұйықтап жатады.
Жаттықтырушы: Ал балалар, мына қорбаңбайды таңып тастайық. Бір, екі, үш деп санағанда балалар аюға тап беріп, оны байлап тастайды.
Жаттықтырушы: сөйле қорбаңбай, Машаны қайда тығып қойдың?
Аю: жо - жоқ мен ешқандай Машаны көрген емеспін.
Жаттықтырушы: Балалар, мына қорбаңбайды жөнге салайық. Кәне, ана тастармен аюды жақсылап атқылаңдар.
Негізгі қимыл: Допты себетке лақтыру. Доппен кедергілерді ұрып құлату. Балалар 2 - 3 метр қашықтықтан аюға доп лақтырады.
Аю: жарайды, жарайды, қойыңдар Машаны босатайын. Есіктің құлпын ашып Машаны шығарып алады.
Маша: рахмет сендерге, балалар! Атам мен әжеме арнап терген алмаларымды себетке жинауға көмектесіңдерші.
Негізгі қимыл: допты себетке лақтыру. Балалар кішкене доптарды дәлдеп себетке лақтырады.
Аю: балалар, Маша мені кешіріңдер, енді бұндай бұзықтық жасамаймын.
Жаттықтырушы: балалар, қорбаңбай оз қатесін түсінді. Оны кешіріп бір ойын ойнайық.

Рефлексивті коррекциялаушы
Қимылды ойын: Ұйқыдағы аю.
Психо жаттығу «Тәтті және ащы»
Балалар аюмен қоштасып, ат жүрісімен бүлкілдей жүгіріп ата мен әжеге Машаны табыстырады.
Жаттықтырушы: Міне, балалар, бүгінгі ертегіміз сәтті аяқталды. Сендер бүгін жаттығып қана қоймай, үлкен жақсылық та жасадыңдар, жақсылық жасаудан ешқашан қашпаңдар. Спорт біздің сенімді серігіміз, осыны ұмытпаңдар. Ал, енді тобымызға тезірек оралу үшін ұшаққа отырайық. Балалар қолдарын жан-жаққа созып, алыңды бір айналып ұшып, топқа оралады.
26 238
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түрлі бағытта жүгіру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеу
Түрлі бағытта жүгіру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеу
Мақсаты: Нұсқаушының белгісі бойынша балаларды түрлі бағыт бойынша жүгіруге жаттықтыру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеуге үйрету. Допты басынан асыра лақтыруға және оны қағып алуға. дағдыландыру.
Допты торға тастау әдістері
Допты торға тастау әдістері
дене тәрбиесі сабағында қажетті білім алуына, салауатты өмір салтын өмірлік серік етуіне ықпал ету. жылдамдыққа, ептілікке, икемділікке, қимыл қозғалыс дағдыларын дамыту
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары
Сабақтың мақсаты: 1. Допты беру және қағып алу тәсілін жетілдіру 2. Допты жылдамдықпен алып жүруді бекіту 3. Екі аттап допты себетке салу 4. Оқушылардың шапшаңдығын дамыту
Біз күштіміз, біргеміз!
Біз күштіміз, біргеміз!
ШҚО Үржар ауылы, Үржар ауданы Жансүгіров атындағы орта мектеп Чидербаев Қайрат Саметханович
Баскетбол ойынының әдіс - тәсілдерін үйрету
Баскетбол ойынының әдіс - тәсілдерін үйрету
Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Масалова Мейрамгул Кадилбекқызы
Эстафета түріндегі ойын
Эстафета түріндегі ойын
Астана қаласы, №53 мектеп-лицей Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанзаков Жетписпай Рахимович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×