Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балалық шағың - патшалық тағың

23 қазан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Ата - аналардың эмоционалдық көңіл - күйлерін көтеруге, бірігіп жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына, адамгершілік рухани тәрбиенің отбасындағы әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым – қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру.
Міндеті:
Өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу:
Көңіл - күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу:
Ата - ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау.
Көрнекі құралдар: плакат, түрлі - түсті қағаз, желім, қайшы.

Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, қадірменді ата - аналар, әріптестер. Қош келдіңіздер!
Баяндама:
Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана ол шешеге қарап, бой түзейді.
Ата - ананың ең ардақты міндеті: бала бойына ең ардақты қасиеттерді сіңіре беру, күн сайын емес, сағат сайын бала оқуын, еңбегін, ойынын жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап, жақсылыққа жол сілтеу. Ал балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.
Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген.
Өскелең ұрпаққа айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек әрекеті бәрі де балаға үлгі өнеге. Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді. Олар айналасындағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. М. Жұмабаевтың мынадай айтқан сөзі бар: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі, талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн»

Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі, балабақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді. Сонымен қатар жан-жақты жетіледі. Балабақшада басталып, мектепте жалғасын табатын «өзін-өзі тану» - пәнінің өзіндік орны ерекше. Балаға адамгершілік рухани тәрбиенің кіші жастан бастап берілуі бала тәрбиесіне өз үлесін қосары сөзсіз. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс - тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті ойын. Сондықтан оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?»- деп айтқандай, ойын баланың өмірінде ерекше орын алады. Сондықтан баланың ойын арқылы дүниетанымының өсетіні белгілі.
Британдық жазушы Бернард Шоу былай деген екен:

«Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып қойған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз» - депті. Олай болса не тұрыс, ойнайық, күлейік, қартаймайық. Балалық шағымызды еске түсіріп, баламызбен бір мезет бірге ойнайық. Бұл өмірге бала көзімен де қарап көрелік.
Бүгінгі «Өзін - өзі тану» пәні бойынша өткізілгелі отырған «Балалық шағың - патшалық тағың» атты кешімізге хош келдіңіздер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 962
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету.
Кел танысайық
Кел танысайық
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату.
Отбасылық тәрбие
Отбасылық тәрбие
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева А.Д.
Балаңыз мектепке келуге дайын ба?
Балаңыз мектепке келуге дайын ба?
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, С. Сейфуллин атындағы орта мектеп педагог - психологы Шакенов Айбол Төлеубайұлы
Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебің психологы Саухимова Жансая Серікбайқызы
Ата - ана мен баланың арасындағы махаббат (тренинг - жиналыс)
Ата - ана мен баланың арасындағы махаббат (тренинг - жиналыс)
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жалмуханова Балауса Хоныспаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×