Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлар әлемі

12 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ортаңғы "Толағай" тобы
Білім беру саласы: "Әлеуметтік орта".
Бөлімі: Экология.

Ашық сабақ тақырыбы: Жануарлар әлемі

Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсініктерін бекіту. Жабайы жануарлар мен үй жануарларының арасындағы айырмашылықтарын айтып беруге үйрету. Үй жануарларының тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: мультимедия тақтасы, суреттер.
Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне жинайды.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Балалар өлең жолдарын айтады.

Тәрбиеші: Балалар экранға назар аударайық ауылдағы әжеміз бізден көмек сұрап отыр.
- Менің тентек немерем атасы екеумізді тыңдамай орманға кетіп еді, содан орманда адасып келмей жатыр. Ол табиғаттағы қауіпсіздік ережелері туралы білмейді. Оны тауып беріп ауылға қайтуға көмектесіңдерші, оған нені жасауға болатынын, нені жасауға болмайтынын айтып түсіндіріңдерші, әйтпесе бізді мүлдем тыңдамайды, үйдегі жануарларды ұрып соғады, бақшадағы ағаштарды сындырады, құстарды рогаткамен атады, немереме әдепті болуды үйретіңдерші - деп өтініпті. Сендерге немеремді табу оңай болу үшін бірнеше тапсырмалар жібердім - деп жазған. Балалар әжеге көмектесеміз бе?
Балалар: Жарайды көмектесейік.
Тәрбиеші: Балалар көзімізді жұмып орманға аттанайық. Барлығы орманға келеді, олардың алдынан бір бала шығады.

Таң қалдыру сәті. Осы кезде балалардың алдынан қолында рогаткасы бар тентек бала кіреді. Ол рогаткасымен даладағы құстарды атқысы келеді. Осы кезде тәрбиеші оны тоқтатады.
Балалар таң қалады.
Тәрбиеші: - ААА, сен әжейдің немересі боларсың? Біз сені іздеп тауып ата - әжеңе ауылға апарып тастауға уәде еттік. Сен неге олай етесің, бұзақылық жасауға болмайды! Гүлдерді сындыруға болмайды. Құстарды өлтіруге болмайтынын сен білмейсің бе? Олай болса сен біздің балалардан саған ненің болатынын, ненің болмайтынын айтады. Балалар үйретеміз бе?
Балалар: ия.
Тентек бала: жарайды.
Тәрбиеші: Олай болса балалар экранға назар аударайық міне біз ормандамыз.
1 - тапсырма: табиғаттағы қауіпсіздік ережелері
2 - тапсырма: үй жануарлары мен жабайы жануарлардың арасындағы айырмашылық қандай?
Тәрбиеші балалардың жауабын толықтырады. Үй жануарларына қамқорлық таныту керектігін айтып түсіндіреді.

Сергіту сәті.
Ақ қоян - ау, ақ қоян,
Бетіңді жушы,
Қолыңды сүртші,
Айнаға қарашы,
Шашынды тарашы,
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші,
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы.

3 - тапсырма:" 4 - ші артық" ойыны.
4 - тапсырма: "Суретші неден қателескен?" ойыны.
5 - тапсырма: "Қайсысы немен қоректенеді?"
Балалар тапсырмаларды орындайды.

Тәрбиеші: міне балалар, біз әжей жіберген барлық тапсырмаларды орындадық. Алыстан атай көрінеді. Ол бізге алғысын білдіруде. Ал әжейдің немересі сен не үйрендің?
Тентек бала: рахмет сендерге балалар, сендердің арқаларыңда көп нәрсені білдім. Енді мен ата - әжемді тыңдайтын болам. Жануарларды ренжітпеймін, оларды бағып күтетін боламын. Әжем мен атама көмектесетін боламын. Енді тентек болмаймын!
Осы кезде бір бала мысық алып келеді. Мысықтың даладан тауып алғанын, оның жаралы екенін айтады. Тәрбиеші балалармен бірге көмектеседі. Мысықтың жарақаттанған жерін дәкемен таңып қояды.
Тентек бала бұл мысық өзінің мысығы екенін айтады. Оны рогаткамен атып жаралағанын айтып, жасаған ісіне өкініп ұялады.
Айтпақшы мына нәрсені атам жасаған, мен оны сындырайын деп жүр едім, мүмкін сендерге қажет болар - деп, тәрбиешіге құстарға арнап жасалған жем салғышты ұсынады.
Тәрбиеші: ой рахмет саған, бұл құстарға арналған жемсалғыш. Бұны біздер балалармен серуенге шыққан кезде ыңғайлы жерге орнатамыз. Күнделікті серуенге шыққан кезде құстарға жем салып тұратын боламыз.

Балалар қуанышты сезімде болады, әженің немересіне алғыс айтады.
Тентек бала қоштасып шығып кетеді.
Балалар қонақпен қоштасады.
Тәрбиеші: балалар көзімізді жұмайық, топқа оралайық.
Тәрбиеші сұрақтармен сабақты қорытындылайды.
- Бізден кім көмек сұрады?
- Қонаққа кім келді?
- Тапсырмалар ұнады ма?
- Әженің немересі біздерге не берді?
- Мысыққа қалай көмек көрсеттік?
Балалар сұрақтарға жауап береді. Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
Жарайсыңдар балалар!
3 862
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Ормандағы жабайы аңдардың қысқы тіршілігі, оларың қысқы табиғатқа бейімделуі, жабайы құстар, орман ағаштары тақырыбы бойынша балалардың білімдерін кеңейту.
Жануарлар әлемі
Жануарлар әлемі
Жабайы және үй жануарларының ерекше белгілерін анықтап білуге үйрету; жануарлар туралы сипаттама әңгіме құрастыруға үйрету.
Төлдер айтысы
Төлдер айтысы
Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі мазмұнын түсіну, төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
"Жауқазын" бөбекжай балабақша тәрбиешісі: Нұрманова Ақтоты
Ю дыбысы және әрпі
Ю дыбысы және әрпі
Бастауыш сынып мұғалімі: Алмагуль Ашикбаева
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 «Балауса» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі: Абдуллина Зульфира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×