Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы мерекесі «Тұсау кесу»

09 наурыз 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Отбасы мерекесі «Тұсау кесу»
Мақсаты: Қазақтың салт - дәстүрімен таныстыру.
Міндеттері: Отбасы мүшелерін атау. Балалардың сөздік қорын, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту. Өз ойларын толық айтып жеткізуге жаттықтыру. Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Отбасы мүшелерінің суреттері, екі - үш түсті тұсау кесер жібі,
қайшы, асықтар, ақ мата, суреттер, заттар, фотосуреттер
Тұсау тойына қатысушылар:
Ұлттық киімдегі балалар, тұсау кесілетін бала, тұсау кесуші әже, тойға шақырылғандар.
Сөздік: Отбасы, тұсау кесу, той, салт - дәстүр.

Сабақтың барысы:
І. Сәлемдесу. Хош келіпсіз біздерге
Сәлем бердік сіздерге.
Тәрбиеші: - Балалар, біз қазір «Өзіңді таны» деген ойынды ойнаймыз.
Мақсаты: балалардың сөздік қорын байыту. Отбасы мүшелерін атау.
Өз ойын толық айтып жеткізуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: - Балалар, бұл фото суретте кім? Кім өзінде таныды?
Суретте сендер қайдасыңдар? Суретте кім бар? Бір сөзбен қалай айтамыз?
(Балалардың жауаптары)
- Менің отбасымда төрт адам бар. Әкем, шешем, ағам және мен.
- Менің отбасымда үш адам бар. Әкем, шешем, мен.
- Балалар, қандай мерекелерді білесіңдер?
- Жаңа жыл, 8 наурыз.....
- 8 наурыз, кімнің мерекесі?
- Әжелердің, аналардың, қыздардың мерекесі.
- Мерекені қандай көңілмен қарсы аламыз?
- Қуанышты, жақсы
- Қазақ халқы өз салт - дәстүрлерімен бай. Біз қандай салт - дәстүрімен таныстық?

ІІ.
Тәрбиеші балалардың назарын тақтадағы суреттерге аударады.
(40 - шығару», «Бесікке салу», «Тұсау кесу»
- Бұл қандай салт - дәстүр?
- «40 - наң шығару», «Бесікке салу»

Дидактикалық ойын: « Заттарды дұрыс орналастыр»
Балалар екі топқа бөлінеді.
1-топ – «40 - шығару» салт - дәстүріне қажетті заттарды алады, суреттің қасына қояды.
2- топ –«Бесікке салу».
Тәрбиеші: - «Бесікке салу» дәстүрін өткізу үшін қандай заттар керек?
Балалар: - бесік, май шам, пышақ, жастық, көрпе....
Тәрбиеші: - «40 - шығару»дәстүрін өткізу үшін, қандай заттар керек?
Балалар: - леген, су, қайшы, қасық....
Тәрбиеші: - Топтастырып қойдық, бірақ қайшы, түсті жіптер қалып қойды. Неге? Қажет емес пе? Бұл заттар қажет, бірақ басқа рәсімге. Балалар, (суретке назар аударып) ал осы салт - дәстүрді кім біледі? Біз бүгін жаңа салт - дәстүрмен танысамыз.

Балалар отырады.
Тәрбиеші: Отбасының үлкен қуанышының бірі – сәби. Сәби аяғын алғаш рет басқанда тұсау кесу рәсімі өткізіледі. Тұсау кесу рәсімін – бала тез жүріп кетсін деп өткізеді.
Топқа әже, бала кіреді. Балалар әжемен амандасады.
Әже: Осы отаудың қуанышына кішкентай баламыздың тойына келіпсіңдер, қадамдарыңызға..... бітсін:
Мына кішкентай ұрпағы өмірге қадам басқалы отыр. Ауыл әжесі, өзіңізден тұсау кесер батаны сұраймыз.
(балалар қолдарың жайып отырады)
Әже бата береді: Ей, жаратқан, тілегімізді қабыл ала ғой!

Жас ұрпақ, ғұмырлы болсын,
Қуанышты, көңілді болсын,
Ақылды, зерделі болсын,
Абыройлы, беделді болсын,
Халқының............ болсын.
Елінің қамқоры болсын
Мәртебесі биік болсын,
Не тілесе, тілегі қабыл болсын!
Осы тілекке жететіндей
Әр бір қадамы сәтті болсын
Әумин!

Бәрі: Әумин деп беттерін сипайды.

Әже: Баланың тұсауын кесер тойына әдейі тілек етіп, мына жіптерді дайындадым.

Ақ жіп қостым – адалдыққа апарсын деп
Жасыл жіп қостым – ғұмырлы, көсегесі көгерген азамат болсын деп
Қызыл жіп қостым -...... қызылға оранған молшылықты болсын деп.
Ақ жол дайындау. Әуен.

Тәрбиеші: Ендеше, жүріс - тұрысымен де, ақылы парасатымен де, көргенділігімен де көзге түскен ауыл азаматты....... баламыздың тұсауын кесіп беруді өтінеміз.

Тұсау кесетін әже:
А, Бисмилла ир - рахман - ир – рахим
Аяғыңның орасын қашықтап ұста, сонда өмірден кібіртіктемей өтсін, осалдау байлайын ырысты бол! Ал, кәнеки, қайшы әкеліңдер – дейді әже.

Балапаным, құдай жақсылықтан ажыратпасын
Жақсы ісінмен бақытқа жет!
Бисмилляһи – ир – рахман – ир - рахмин – деп тұсау кеседі.

Қаз – қаз балам, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Қүрмеуіңді шешкейсің
Тұсауыңды кесейін.
Балалар: қаз - қаз, балам, қаз балам,
........ жаз балам.
Тәрбиеші: - Тойда, балалар, әр түрлі ойын ойнайды.

Ойын: «Ханталапай» (асықпен ойын)
Жеңімпаз бала сәбиге тілек білдіреді.

ІІІ.
Тәрбиеші: - Бүгін қандай дәстүрмен таныстық?
- Тұса кесу.
- Тұсау кесу дәстүрін не үшін өткізеді?
- Бала тез жүріп кетсін деп.
- Қандай түсті жіптермен қолдандық?
- Қызыл, жасыл, ақ.
- Тұсауын кім кесті?
- Әже.

Әже: Өркендерің өсіп, қарақтарым. Менің балам да сендердің орталарыңда дені сау болып өсіп, ел тілегін өтей алатындай дәрежеге жетсін.
Шашу шашылады.
Қоштасу.
48 959
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Тұсау кесу тойы.
Тұсау кесу тойы.
Ұлттық салт - дәстүрдің, ата дәстүрдің ұрпаққа мұра ретінде берілуінің маңызын оқушыларға түсіндіру.
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау
Тұсау кесер
Тұсау кесер
Қазақтың тұрмыс - салт әндері мен музыка өнерінің байланысын ұғады.
Менің отбасым
Менің отбасым
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Болашақ балабақшасы" тәрбиешісі Шораханова Жансулу
Бесік жыры, Тұсау кесу жыры
Бесік жыры, Тұсау кесу жыры
Ақмола облысы, Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылы, №41орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Мырзағалиева Айшагүл Есимқызы
«Бесік жыры», «Тұсау кесу жыры»
«Бесік жыры», «Тұсау кесу жыры»
Нұрмашева Шарбану Насырқызы Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалім
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×