Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғажайып шеберхана

09 маусым 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырып «Ғажайып шеберхана»

Мақсаты: Балалардың ұлттық қол өнерге қызығушылықтарын дамыту. Қазақ халқының қол өнерімен таныстыру арқылы ұлт жандылық қасиеттерін бала бойына сіңіру. Ұлттық ою - өрнек түрлерін атап, оны өз жұмыстарына қолдана білуге, жіптерді өруге үйрету. әсемдікке, шеберлікке баулу.
Қолданатын құралдар: Айна, айна үлгілері, оюлар, желім, жіптер, таяқшалар.

Сабақ барысы: Балалар қол өнер шеберханасына қонаққа келеді.
Тәрбиеші: Күннің көзі ашылды,
Көкке шуақ шашылды
Құтты қонақ, келіңдер!
Төрімізге еніңдер!
Армысыздар, қонақтар! Төрлетіңіздер!
«Бір көрген – біліс» демекші, қай бала боласыңдар?

Балалар: Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнеки бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіз бе, апай!

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар екенсіңдер.
Балалар: Мұнда қандай әдемі!
Тәрбиеші: Бұл – менің шеберханам. Айналадағы заттардың барлығың өз қолыммен жасадым, шәкірттерім жинаған өнер туындылары, батырлардың бейнелері бар.
Сендер ежелгі батырларды білесіңдер ме?
Балалар: Біз Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар батырларды білеміз.
Тәрбиеші: Өте жақсы, оларды неге батырлар деп атаған?
Балалар: Олар елін қорғаған, оларды жүйрік аттары, найзалары болған.
Тәрбиеші: Жақсы, сендер көп біледі екенсіңдер. Батырлар елін қорғау үшін желдей жүйрік арғымақ ат мінген, қолдарына ұштаулы найза ұстаған. Қашқан жауды қуып жету үшін аттарын қамшылаған. Қазіргі кезде де атпен шабатын ұлттық ойындар көп. Оларды бапкерлер баптап, шабандоздар мінеді. Мәреге бірінші болып жету үшін шабандоз қолына қамшы алған.
Мынау көріп отырғандарың – қамшы. Бұл – қол өнер туындысы. Оны дайындау үшін иленген тері жіптер керек, ал сабы сүйектен немесе әдемілеп жонылған ағаштан жасалады. Қамшы 8 немесе 6 өрімді болады, қамшыны өреді. Қамшыны қандай ұлттық ойындарды қолданады?
Балалар: «Бәйге», «Қыз қуу», «Көкпар».

Тәрбиеші: Иә, ойындарды біледі екенсіңдер. Ендеше біз бүгін қамшы өріп үйренейік. Қамшы тек атты қамшылау үшін ғана емес, сонымен қатар кейбір дәстүрлерге қолданады. Мысалы, жақын туысқа сыйлауға болады, бала бесігінің бас жағына қояды. Қамшыны 2 адам өреді. Ол үшін екі – екіден бөлініп, менің илеп қойған жіптерімді 3 - тен алыңдар. Содан кейін 3 жіптің бір жақ басын байлаңдар, түйіңдер. Бір бала сол түйілген басын ұстап тұрады, ал екінші бала оң жақ жіптен бастап өреді. Ол бірінші жіпті екінші жіптің үстіне қойып, үшінші жіппен бекітеміз. Осылайша жіптер таусылғанша өреміз де, әдемілеп жонылып, дайындалған ағашқа байлаймыз. Өрілген жіптердің екінші ұшын да байлап түйеміз.
(Өру үлгісін көрсету, балалармен тамашалау).

Тәрбиеші: Балалар, ең әдемі қамшымен бір ұлттық ойын ойнайықшы.
Ойын «Бәйге»

Тәрбиеші: Әрсен, сен мына қамшымен не істейсің?

Әрсен: Мен бұл қамшыны атама сыйлаймын, өйткені қамшыны тек ер адамға сыйлайды.

Екінші бала: Мен топта ұлттық ойындар ойнаған кезде қолданамын.
Үшінші бала: Ал менің кішкентай қарындасым бар, осы қамшыны оның бесігіне салып қоямын.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасың, қамшыны сәби қорықпай ұйықтасын деп бесігінің бас жағына қояды, ал әдемі болсын деп қыз баланың бесігіне айна қояды және ол жай ғана айна емес, оюлармен өрнектелген айна болуы керек. Айна - әсемдік құралы. Ерте заманда шеберлер айнаны ұлттық оюлармен әшекейлеген. Сендер қандай ою түрлерін білесіңдер?
Балалар: Біз қимылмен көрсеткіміз келеді.

Сергіту сәті: «Айгөлек»

Тәрбиеші: Өте тамаша. Менің сендерге дайындап қойған заттарым бар. Кәне, барлығымыз соларды алып, жұмысымызға қолданайық. Мынау – «Ботагөз» оюы, осы оюды біз кішкентай сәбидің бесігіне салатын айнамызға қолданайық.
Сонымен қатар менің шеберханамда әшекейленбеген айна бар, оларды да қолмен өрнектейік.
(Үлгісін көрсету, балалардың жұмысы).

Қорытындылау:
Тәрбиеші: Балалар, сендер бүгін қол өнер шеберханасында көп еңбек еттіңдер. Қандай жұмыс атқардыңдар?

Балалар: Қамшы өрдік, айнаны оюлармен өрнектедік,
Тәрбиеші: Мен сендерге үлкен рахмет айтамын.
Ән «Айгөлек»
11 839
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Желілі - рөлді ойын «Шаштараз»
Желілі - рөлді ойын «Шаштараз»
Тәрбиеші:- Балалар біздер топта қандай ойын түрлерін ойнаймыз? Балалар:- Қимылдық, дидактикалық, ұлттық, желілі - рөлдік т. б. ойындар. Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар, ал бүгін қандай ойын түрін ойнаймыз? Балалар:- Желілі - рөлдік ойын. Тәрбиеші:- Ал
Ою - өрнектер сыр шертеді
Ою - өрнектер сыр шертеді
Балаларды халық мәдениетіне үйрету, қазақ халқының әдет – ғұрыптарын тереңірек ашу және дамыту, балалардың бойына сіңіру. Балалардың қызығушылығын арттыру арқылы, шығармашылық қабілетін дамыту
Көбелек
Көбелек
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Жылтыр селосы, «Балбөбек» балабақшасы Қожабергенова Игілік Рыскелдіқызы
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Жұмашева Кенжегүл Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×