Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қонақ келсе – қуаныш

03 қараша 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы, Баутин ауылы,
«Ақбота» балабақшасы «Өзін - өзі тану»
пәнінің мұғалімі: Дощимова Жемисхан

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Өзін - өзі тану.
Тақырыбы: Қонақ келсе – қуаныш
Мақсаты: «Қонақжайлылық» туралы түсінік беру (слайд)
Дамытушылығы: Қонақжайлылық, жағымды қарым - қатынас дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру. Әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ - жауап, дәптермен жұмыс, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, дәптер, хрестоматия

Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Қайырлы таң, балалар! Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бір-бірімізге күлімсірей қарап, жақсы тілектерімізді білдіріп, амандасайық.
Балалар: Сәлем, Жанель. Ақылды болып өс.
Сәлеметсің бе? Арай. Үлкендерді сыйла.
Амансың ба, Әсел? Достарыңмен тату бол.

Әңгімелесу
Тәрбиеші: Келген қонақты қалай күтіп аласыңдар?
Балалар: Қонақтармен амандасамыз. Үйге кіргіземіз. Төрге шығару. Дастархан жайып, қонақты күту.

Тәрбиеші: Қонақжайлылықты қалай түсінесіңдер?
Балалар: Қонақ келсе жылы жүзбен қарсы алу керек. Қонақ келсе берекесі мен ырысы мен келеді.

Әңгімелеу
Тәрбиеші балаларға «Түлкі мен тырна» ертегісін әңгімелеп береді.
Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар осы ертегіде түлкі мен тырна бір-біріне қандай қонақжайлылық көрсетті.?
Балалар: Түлкі мен тырна қонақжайлылық көрсете білген жоқ.
Тәрбиеші: Балалар осы ертегіні өздерің басқаша қалай аяқтар едіңдер.
Балалар: Дастарханды түрлі - тағамдардан толтырып қояр едім. Қуана қарсы алып, қонақжайлығымды көрсетер едім.

Ойын. «Қонақ күтеміз»
Тәрбиеші: балаларды екі топқа бөліп, Бірінші топ - «Қонақтар». Екінші топ -«Үй иелері. Қонақты қалай күту керек екенін көрсетеміз.
- қонақпен амандасамыз.
- үйге кіргізу.
- төрге шығару
- дастархан жайып, қонақ күту.

Дәптермен жұмыс.
Тәрбиеші: Суретке қарап қонақтарды қалай қарсы алатындарың туралы айтып беріңдер. Берілген дәптердегі суретті бояңдар.

Сергіту сәті
(Қимыл - қозғалыспен көрсету.)

Біз қандаймыз, қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжісуді білмейміз.

Ғажайып сөздер.
Тәрбиеші: Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
«Қонақ келсе, құт келер»

Қорытындылау
Тәрбиеші: балалар біз бүгін қонақжайлық туралы әңгімелестік. Қазақ халқы – қонақжай халық. Қонақ келген кезде ең әуелі амандасамыз. Үйге кіргізіп төрімізді ұсынамыз. Дастарқан жаямыз. Дастарханға ең әуелі нан қойылады. Қой сойылып, ет асып, қазы – карта жал - жая дастарқанға қойылады. Бас тартылады. Ауылдың ақсақалы бата береді.

Жүректен - жүрекке.
Тәрбиеші балаларға шеңбер жасайды.
Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын елге ашқан
Тілегіміз тыныштық
Ашық болсын кең аспан
Мықты болсын іргеміз.
Бәрімізде біргеміз

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 127
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсылыққа жақсылық
Жақсылыққа жақсылық
Үлкендермен достармен сыйластық қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Достықты қадірлей білуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Табиғат және Адам
Табиғат және Адам
Табиғатпен пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін бекіту. Табиғатқа деген қамқор қарым-қатынас дағдысын дамыту.
Мен елімнің кішкентай азаматымын
Мен елімнің кішкентай азаматымын
Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Отанға деген ел туралы түсініктерін кеңейту.
Сырлы бояу сыр шертеді
Сырлы бояу сыр шертеді
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, "Ақбота" балабақшасының бейнелеу пәні мұғалімі Дуймбаева Райхан Аманжоловна
Достық неден басталады
Достық неден басталады
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, "Ақбота" балабақшасы Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Дощимова Жемісхан Қаратонқызы
Отбасы
Отбасы
Мақсаты: «Отбасы» құндылығының маңыздылығын ашу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×