Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық ойын тәрбие нақышы

06 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
«Ұлттық ойын тәрбие нақышы» «Ата - аналар сайысы»
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, балабақша қызметкерлері! Бүгін біздің балабақшамызда үлкен мереке. Бізде тәрбиеленуші балалардың ата - аналары арасында «Ұлттық ойын - тәрбие нақышы» атты жарыс өтпекші. Бұл жарыста ата - аналар өз шеберліктерімен, жүйрік, шешен, ептілігімен бізді тәнті етпек. Олай болса, ата-аналарға сәт-сапар тілейміз.
Біз қазақпыз.....
Ел үшін атқа мінген,
Жанып жатқан, лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген!

Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар! Бүгінгі сайысымыздың шарты қазақи үлгідегі - бес ұлттық ойын.
1. Қыз қуу.
2. Күш сынаспақ.
3. Асау мәстек.
4. Арқан тарту.
5. Ат жарыс.

Тәрбиеші: Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Балалы үй - базарлы жанұямыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
«Қарақия» тобының ата - аналарын шақырамыз.

Тәрбиеші: Сайыстың 1 - ші шарты бойынша, қазақтың танымал ұлттық ойыны - қыз қуу.
Ойынның шарты: Бұл ойын топ арасынан бір ер бала, бір қыз бала шығып, ағаш атқа орнығып, алдымен қыз бала атпен шауып жөнеледі. Артынан ер бала атпен қуып, қызға жетіп, қолынан ұстаса, ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала қуады, қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса, сол бала жеңіске жетеді. Олай болса, халайық, ата - аналардың «Қыз қуу» сайысын тамашалайық.
Ортада ата - аналар!

Тәрбиеші: Жайдары жүз, күлім көз жанары - ай,
Сәйгүліктің сүйкімді шабысын - ай.
Қызды қуып жетуге бар өнерін,
Қазақ жігіттері намыс қорғай.

Тәрбиеші: Халық әні: «Дедім - ай - ау» ата - ана: Башенова Рахат пен Арқабаева Ақілгек.
Тәрбиеші: Рахмет, өнерлерің үстем болсын! Сайысымыздың 2 - ші шарты бойынша «Күш сынаспақ» ойыны. Ойынның шарты: Бұл ойын үстел үстінде екі адамның білек сынасуымен орындалады. Екі қатысушы шынтақтарын үстелге тіреп қойып, қолдарының бастарын айқастырып, білек бұлшық еттерінің күштерін сынайды.
Кім білекті үстелге бұрын жықса, сол адам жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып, 2 - ші қолмен білектеп тартысып күш сынасуға да болады.

Тәрбиеші: Келіңіздер, көріңіздер,
Балабақша төрімізге.
Бізде жүйрік жарысар,
Күш сынасар алыптар - дегендей ортаға күш - қайраты мол алып күш иелерін шақырамыз.
Ата - аналар күш сынасуда.

Тәрбиеші: Қажымұқандай қара күш иелерінің құрметіне: А. Байтұсыновтың «Қазақ салты» өлеңі
мәнерлеп оқу ата - ана: Есқалиева Гүлдария.

Тәрбиеші: Қазақ халқының алтын қоры - түпсіз тұңғиық терең, бай қазына. Қай ұлттық ойынның болмасын ілмегін ағытып көрсек те, мәнді - мағыналы, шөлдегенде сусыныңды қандыратын тұнық бұлақ көзіне тап боласың. Халқымыздың кез келген ұлттық ойынының ұрпаққа берер азығы мол. Сайысымыздың 3 - ші кезеңі бойынша:
«Асау мәстек» ойынында бақ сынайық. Ойынның шарты: Ойын бастаушы арқанды жерден 50 см - дей биік етіп керіп байлайды да, қасындағы адамдарға былай дейді:
Ер екеніңді білейін,
Ешкі сойып берейін.
Тақия алсаң еңкейіп,
Құламасаң теңкейіп,
Ерлігіңе сенейін - ойын шартын қабылдап, ортаға шыққан адам:
Асау мәстек бұл болса,
Үйретейін көріңіз,
Маған таяқ беріңіз!- дейді де таяқпен арқаннан асылып, жерден тақияны іліп алады.
Тақиясы қазағымның салттығы,
Таяқпенен іліп алар салт - үлгі.
Асау мәстек, бұл қайсымыз ер екен,
Көрейікші шапшаң, жүйрік, ептіні - деп ортаға ойынға ата - аналар шығады.

Тәрбиеші: Асау мәстектің тақиясын жеңіп алған сайыскердің құрметіне: ұлттық ән «Бипыл» ата - ана: Өмірбаева Гүлзира.
Тәрбиеші: Рахмет, ата - аналар, қазақтың ұлттық ойындарымен қатар, ұлттық өнермен де
бізді бір марқайтып тастадыңдар.
Арқан тарту пердесі қазағымның,
Күшті болу егесі таңба - тақым.
Сайысқа кел шығайық, шабыттанып,
Тартайықшы арқанды, арқа асып - дегендей, сайысымыздың келесі шарты бойынша ата - аналардың «арқан тарту» ойынының шартымен танысайық. Бұл екі топқа бөлінген адамдармен немесе екі адаммен ойналады. Арқанның екі жағынан екі адам немесе екі топқа бөлініп адамдар арқан тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып алса, сол топ жеңіске жетеді. Ал екі адам тартысқанда, қай адам өзіне қарай арқанды тартып баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді. Ендеше ортаға арқан тартуға мықты, епті ата - аналарды шақырайық. Ортада «арқан тартыс» ойыны.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ата - аналар, мерейлеріңіз үстем болсын! Денеміздің шымыр, денсаулығымыздың мықты болуына өзіндік үлесін қосатын би: «Қара жорға».

Тәрбиеші: Тай құлағында бала ойнар,
Ат тоқымында ер ойнар.
Ат жарысқа келдіңдер,
Аламан бәйге бақ сынар
Ата - аналар атқа қонар - деп бүгінгі сайысымыздың соңғы айналым - ойыны «Ат жарысқа» тіреліп тұр. Ойын шарты: бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады. Сайыскерлерге «алға» деген белгі бойынша ат үстіндегі қимылын салып жарысады. Қай команда мәреге
тез жетсе, сол команда жеңімпаз болады. Ат кескін бет пердесін тақымға қысып, мәреге шауып жету. Олай болса, атышулы аламан бәйгеге атымызды қосып, ат жарысқа бет бұрайық. Ұлттық ойын: «Ат жарыс». Ортада ата - аналар ат жарысқа қатысуда.

Тәрбиеші: Неткен, керемет, ғажап ойын десеңші! Ат жарысты да сайыскерлер сәтті аяқтады.
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайыскерлердің әділ бағасы – халықтың еншісінде, көрермен қоржынында десек артық айтпаған болар едік.
Салауатты өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Денсаулықты жанымызға серік ғып,
Болашаққа аманат қып жолдаймыз.

Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар! Сіздер сайысқа өте жақсы қатыстыңдар. Бүгінгі сайыстан осы отырған куәгерлер қазақтың ұлттық ойынының түп тамырына қазық қақты. Салауатты өмір салтын сақтай отырып, дені сау, саналы, білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіріп, болашағы мол қазыналы, ұлттық үрдісті алтынның сынығындай, көзіміздің қарашығындай сақтай білетін әрбір қазақ азаматының маңдайалды борышы екенін ұмытпайық, ағайын!
Құрметті топ жарған екпінді, ынталы, жігерлі ата - аналар!
Сіздер бүгін қазақтың ұлттық ойындарын нақышына келтіре ойнап өз санаңызға, бізге де үлгі боларлықтай естелік қалдырды
5 926
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі туралы, достық туралы түсінігін жетілдіру, басқа ұлттармен қарым - қатынасын нығайту. Ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Біз бақытты жанұя отбасылық сайыс
Біз бақытты жанұя отбасылық сайыс
Құрметті ата-аналар, ұжымдастар, бүлдіршіндер бүгінгі отбасы күніне арналған «Біз бақытты жанұя» атты спорттық эстафеталық сайысымызға қош келіпсіздер. Отбасы күніне байланысты шаралар еліміздің барлық жерлерінде тойланып өтеді.
Көңілді старт
Көңілді старт
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Роза Қылышбайқызы
"Отбасымен бірге" эстафеталық сайыс
"Отбасымен бірге" эстафеталық сайыс
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының дене шынықтыру жетекшісі Ермекбаева Аманкүл Ерсайынқызы
Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады
Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,Сенек селосы «Шұғыла» балабақшасы МКҚК Джанизакова Тлектес
Балалар мен Ата-аналар арасында өткен ұлттық ойындардан жарыс
Балалар мен Ата-аналар арасында өткен ұлттық ойындардан жарыс
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы МКҚК «Жасұлан» бала бақшасы дене тәрбиесінің нұсқаушысы Қайрбаев Ержан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×