Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киімдер және аяқ киімдер

13 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылы,
А.Иманов атындағы негізгі орта мектептің шағынорта тобының тәрбиешісі
Темиртасова Бакытгуль Байжановна

Сәлеметсіздер ме, балалар?
1. Балаларды қабылдау.
2. Тазалық тексеру.
3. Балалардың көңіл - күйіне назар аудару.

Ертеңгілік жаттығу.
«Қояндар»
Бір - бірінің артынан жүру, содан кейін жүгіру. Шеңбер құрып жүру. Шеңберді қол ұстасып айнала, қол ұстасып жүру.
1. «Қояндар тың - тыңдап отыр» аяқтарын кішкене ашып, қолдарын бос ұстау. Қолдарын көтеріп, бастарына апару, қоянның құлағына ұқсатып тың - тыңдау. Қайтадан қолдарын түсіру.
2. «Қояндар аяқтарын жинады». Аяқтарын бірге қойып, жерге отыру. Аяқтарын жинап, тізені қолдарымен құшақтау. Қайтадан түзу отыру.
3. «Қояндар секіреді» Аяқтарын кішкене ашып, қолдарын белдеріне қойып ұстау. 6рет орындарынан тұрып - отырып секіру. Орындарында жүру, содан кейін секіру.
Білім саласы: Таным
Оқу іс - әрекеті: Қоршаған орта

Тақырыбы: Киімдер және аяқ киімдер
Мақсаты: Киім және оның түрлері туралы түсінік беру
1. Балабақшадағы алғашқы күн бейімделу күні болып есептеледі. Балалардың ортаға тез үйренісіп кетуіне ықпал жасау.
2. заттардың өзіне тән белгілерін анықтай білу іскерліктерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: Түсіндіру, таныстыру.
Көрнекіліктер: киім түрлері, суреттер

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Жылулық шеңбері.
Қуыр - қуыр, қуырмаш» ойыны
Пед. Балалармен қолдың саусақтарын, бас бармақтан бастап, шынашаққа дейін, аттарын атап шығады. Олар бір - бірімен туған бауырлар сияқты.
Бас бармақ
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Енді, қайтадан бас бармақтан бастап мына сөздерді айтып саусақтарын жазады.
Сен тұр - қойыңа бар,
Сен тұр - түйеңе бар,
Сен тұр - жылқыңа бар,
Сен тұр - сиырыңа бар,
Ал сен, кішкентай бөбек, қазанның қаспағын қырып жеп, жыламай үйде отыр.
Саусақтарымен қандай ойын ойнадық?

Толық нұсқасын жүктеу
9 466
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ирек жолмен жүру
Ирек жолмен жүру
Балаларға түзу бағытта қойылған заттардан аттап өтуге үйрету. Іс - әрекет қабілеттілігін арттыру.
Балабақша балаларына арналған ертеңгілік жаттығулар топтамасы
Балабақша балаларына арналған ертеңгілік жаттығулар топтамасы
Балабақша тәрбиешілеріне арналған оқу құралы. Орыс тілінен ықшамдап аударған Дюсемалиева Гүлсім Жексенқызы
Шынығамыз, шыңдаламыз!
Шынығамыз, шыңдаламыз!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасының дене тәрбиесі жетекшісі Түменбаева Айман
Допты 1,5м биіктікте керілген жіптің үстінен асыра лақтыру
Допты 1,5м биіктікте керілген жіптің үстінен асыра лақтыру
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы МКҚК «Жасұлан» бала бақшасы дене тәрбиесінің нұсқаушысы Қайрбаев Ержан
Гимнастикалық бөренеде орындалатын жаттығулар
Гимнастикалық бөренеде орындалатын жаттығулар
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Имашева Нуржамал Таласбаевна
Гимнастика 10 сынып
Гимнастика 10 сынып
Маңғыстау облысы. Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Жолдасов Қайрат Досыбаевич
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×