Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сайын ағаны мақтан етеміз

19 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Сайын ағаны мақтан етеміз»

Балалар екі жақта жарты шеңберге отырады.
2 бала жүргізуші ортаға шығады.
1 - бала: С. Н. Шапағатов атындағы бала бақшаның әдеби оқу іс - әрекет шарасына қош келдіңіздер!
2 - бала: Әдеби шараның тақырыбы: «Сайын ағаны мақтан етеміз!».
Мақсатымыз: С. Шапағатов туралы білу, үйрену. Сайын аға сияқты ұлтжанды, патриот болу. Сайын ағаны мақтан ету, болашақта ұлы тұлғаға ұқсап бағу.
1 - бала: ҚР - ның Әнұраны шырқалсын! «Әнұран» балалар бірге айтады.
2 - бала: Енді құрметті қонақтар, назарларыңызды тақтаға бұрып, слайд көруге шақырамыз.
Слайд көру.
1 - бала: Қазақ елі ғасырлар бойы еркіндікті аңсап, талай қилы - қилы замандарды басынан өткерді. Халқымыз тәуелсіздігімізге өз тағдырын, арман - тілектерін халық мүддесіне арнаған арыстардың арқасында ғана қол жеткізді. Міне, егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 22 жыл толды. Осы қазақ халқының жері, болашағы, үміті үшін ызғарлы желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл - қыздары: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Сабира Мұхамеджанқызының аттарын айтпай кетуге болмас.

2 - бала: Олардың аңсаған армандары, тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Халық жүрегінде хат болып жатталып, ұмытылмай келе жатқан сондай аяулы есімдердің бірі Сайын Шапағатов еді. Оның есімімен біздің тәуелсіздігіміз, дербестігіміз тікелей байланысты.

1 - бала: Ал енді, Сайын Шапағатов туралы балалар аузынан естісек...
2 - бала: Назарларыңызды тағыда тақтаға аударуларыңызды сұраймыз.
Балалар Шапағатов туралы әңгімелейді.
1 - бала: С. Шапағатов өмірбаяны.
2 - бала: Еңбек жолы.
3 - бала: Тәуелсіздік жолындағы еңбегі.

1 - бала: Тәуелсіздік туралы тақпақ оқиды:
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан.
Тәуелсіздік туыңды,
Биік көтер жас ұлан!
- Тәуелсіздік алуымызға үлкен себепкер - осы Сайын ағамыз екен!
2 - бала: Балалар орындауында тәуелсіздікке арналған ән.
Ән «Елтаңба»
2 - бала: Сайын туралы тақпақ оқиды.
1 - бала: Слайдқа назар аударыңыздар! «Ақтау қаласы» туралы слайд.
2 - бала: Міне, көріп отырғаныңыздай, өзіміз тұрып жатқан осындай әсем қаланың да Ақтау атын қайтаруға көп үлес қосқан Сайын аға екен.
1 - бала: Сайын аға ол - ақын.
2 - бала: Сайын ағамыз қолы бос кезінде өлең жазумен де машықтанған.
Балалар бір қатармен келіп 4 - 5 өлең оқиды.

1 - бала: Сайын аға спортты өте жақсы көрген. Ұлттық ойындардың ойналуына, ұлттық мәдени шаралардың ұйымдастырылуына көп үлесін қосқан.
2 - бала: Сайын аға жақсы көрген «Қазақша күрес», «Самбо» ойындарын ойнап жіберейік.
Ұлттық ойын «Теңге алу».
Мақал - мәтелдер Ер туралы:
Жомарт бергенін айтпас,
Ер айтқанынан қайтпас.

Жүрек - ер, бас - кемеңгер.

Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян - қолтық алыспай.

Ердің ісі – елдің мойнында,
Елдің ісі – ердің мойнында

Ер салмағын ел көтереді,
Ел салмағын жер көтереді.

Жүк ауырын нар көтерер,
Ел ауырын ер көтерер.

Ер қадірін білмеген,
Ел қадірін білмейді.
1 - бала: Міне, осы мақалдардың барлығы Сайын ағаға арнап жазылғандай.
Ән «Қазақстан менің»
Назарбаев суреті слайдта көрсетіледі.
1 - бала: Назарбаев Маңғыстау облысының қайта құру шарасында сөйлеген сөзінде Шапағатовтың қоғамдық жұмыстарына көп баға беріп, облыс басшыларын мәселелерді шешуде «Парасат» қоғамымен санаса - ақылдаса отырып шешу керек екендігін айтты.
2 - бала:
- Міне, бұл жерде біз С. Шапағатовтың қандай Ұлы Тұлға болғанын көреміз және мұның бәрін мақтан етеміз!
Интерактивті тақтада фотосурет көрсетіледі, балалар кезектесіп айтып тұрады.
1. Ақтау қаласының бұрынғы атын қайтарды.
2. Қазақ тілінде мектеп, бала бақша ашты.
3. Маңғыстау облысын қайта құруға ат салысты.
4. Фабрика, зауыттарға, кәсіпорындарға ұлттық мамандарды тартты.
5. Мешіттер салуға ұсыныс жасады.
6. Жер атауларын қайтарды.
7. Ұлттық тіліміз, мәдениет, әдет - ғұрып, дәстүрлерді жандандыруға үлес қосты (Наурыз мерекесін өмірге әкелді).
1 - бала: Слайдқа назар аударыңыздар.
2 - бала: Осы жылы Сайын атамыздың 75 жылдығына орай облысысымызда мерекелік іс - шаралар өткізілуде.
«Көк тудың желбірегені» әніне ортада барлық балалар жаттығу жасайды.
2 950
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Менің елім — Қазақстан!
Менің елім — Қазақстан!
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арнаған «Менің елім — Қазақстан!» - атты тақырыптық оқу қызметі.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертенгілік
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертенгілік
Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл - көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан - жақтан көз
Тәуелсіз елім - туған жерім
Тәуелсіз елім - туған жерім
Астана қаласы, №10 «Бөбек» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі: Аяпбергенова Ботакөз Сагындыковна
Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов елді мекені, №1 мектеп - лицей жанындағы "Балдәурен" шағын орталығы тәрбиешісі: Төребаева Гүлзада Тұрлыбайқызы
Бейбіт болсын болашақ
Бейбіт болсын болашақ
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақшасы»ММ бастауыш сынып мұғалімі Жуманиязова Жулдыз Дуйсенгалиевна
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Астан қаласы, №63 балабақшасының ән күй жетекшісі Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×