Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Доп. Мнемотехнология арқылы балалардың тілдерін дамыту

30 қараша 2022, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Доп
Сабақтың мақсаты: Балаларды резинаның қасиетімен таныстыру; ойыншық атын дұрыс атап, сипаттау жұмысын жүйелеу; мнемотехнология арқылы балалардың тілдерін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: ойыншықтар, мнемотехнология сызбасы, интерактивті тақта, тақпақтар.
I Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі.
Сабақтың барысы:
Балалар шеңберге тұрады
Бала, бала баламыз,
Бақшамызға барамыз,
Тату - тәтті тұрамыз.

Тәрбиеші: Енді бір – бірімізге сәлем берейік.
Сәлемет бе, міне мен!
Доспын енді сенімен!
(бір – бірлерінің қолдарынан ұстайды)
Тәрбиеші: Балалар, менің қолымда қандай затты көріп тұрсыңдар?
Балалар: Доп

II Ұйымдастырулы – ізденушілік
1. «Доппен ойнау»
Мақсаты: мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиеші: Бұл жай доп емес, сиқырлы доп. Бұл сиқырлы допты алақаныма салып, айналдырып доп туралы тақпақ айтайық.
Добым, добым, домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Қызыл, жасыл, сары, көк
Ойнайтын сенімен бала көп.

Тәрбиеші балаларға себеттің ішінен кішкентай доптарды алып таратады. Балалар доптарды қолдарына ұстап, қарайды.
Тәрбиеші: Балалар, бұл доп неден жасалған?
Балалар: Резинадан жасалған.
Тәрбиеші: Доп қандай, қатты ма, жұмсақ па?
Балалар: Жұмсақ
Тәрбиеші: Доппен біз не істейміз?
Балалар: Ойнаймыз
Тәрбиеші: Допты соққанда, ол секіреді. Себебі, ол желденген.

Қазіргі доптардың басым көпшілігі су өткізбейтін 32 панельден тұрады. Оның 12-сі бес бұрышты болса, қалған 20-сы алты бұрышты. Панельдер өзара қолмен немесе тігіс машинасымен тігіледі. Кейбір жағайда тек желімдейді. Сырты мен ішкі камераның арасында төсем болады. Доптың сапасы дәл осы төсемнің қалыңдығына байланысты. Ол доптың ұшу бағытына әсер етіп, оның пішінін сақтап тұрады. Камерасын синтетикалық битулден немесе табиғи латекстен жасайды. 

Доп камерадан және сыртқы қабынан тұрады. Сырты табиғи былғарыдан және 18 өзара тігілген панельден құралған. 1960 жылдардың басында допты толықтай синтетикадан жасай бастады. Табиғи былғары 1980 жылдарға дейін қолданып келген, алайда соңында допты тек синтетикалық материалдан тігетін болды.

2. Мнемотехнология сызбасы (интерактивті тақта бойынша)
Мақсаты: сызбаға сүйеніп допты сипаттауға үйрету, заттың түсін, пішінін, көлемін ажырата білу біліктілігін қалыптастыру.
Тәрбиеші: балаларға сызбаны көрсетіп допты қалай сипаттауға болатынын айтады, мнемотехнология сызбасына сүйенеді.
Мынау не? – Доп
Доп қандай? – домалақ
Түсі қандай? – қызыл, жасыл, сары, көк
Доптың көлемі қандай? – үлкен (кішкентай)

3. Эксперименттік жұмыс
Мақсаты: балаларды өз еркімен тәжірибе жасауға, қорытындылауға үйрету.
Тәрбиеші: Балалар допты басқанда, ол жұмсақ басылады, сосын өз қалпына қайта келеді. Қазір біз сендермен тәжірибе жасаймыз: допты суға салайық. Қане, қараңдаршы доп бата ма, жоқ па? Батпайды екен. Қалай ойлайсыңдар неге, батпайды?
Балалар: ол жеңіл, резинадан жасалған.

4. Дидактикалық ойын: «Дұрысын тап»
Мақсаты: заттарды бір – бірінен ажырата білуге үйрету, салыстыра ойлауын дамыту.
Шарты: Үстел үстіне ағаштан, пластмассадан, резинадан жасалған бірнеше ойыншықтар қою. Балалардан резинадан жасалған ойыншықты тауып көрсетуді сұрау.
Тәрбиеші: Балалар, ойыншық туралы қандай тақпақ білеміз?
Қане барлығымыз бірге айтайық.
Ойыншықтар қандай, қандай,
Қызыл, жасыл, сары, көк,
Түрлі – түсті түстері
Көз тартады өздері.
III Жетекші – жөндеуші

Қорытынды
Тәрбиеші: Ойыншықпен не істейміз?
Балалар: Ойнаймыз.
Тәрбиеші: Ойыншықтар бізге ренжімеу үшін не істеуіміз керек?! Оларды лақтырмаймыз, сындырмаймыз, жуамыз. Біздің топта ойыншықтардың өз орны бар. Біз ойнап болғаннан кейін, оларды жинап орнына апарамыз. Біздің ойыншықтар таза. Олар бізге ренжімейді. Сабақта қолданған ойыншықтарды өз орнына апарып жинап қояйық.

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
І. Үренгішбаев атындағы орта мектебі
Шағын орталық тобының тәрбиешісі
Отарова Орынгүл Сансызбайқызы

Толық нұсқасын жүктеу
63 590
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің көңілді добым
Менің көңілді добым
Балаларды доппен таныстыру. Доптың сипаттамасын түсіндіру. Балалардың физикалық қасиеттерін дамыту.
Ойыншықтар әлемі
Ойыншықтар әлемі
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту. ойыншықтардың атын атау арқылы сипаттауға баулу, ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балаларға дыбыстарды дұрыс айтып, екі - үш сөзден сөйлем құрап айта білуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Ойыншықтар әні
Ойыншықтар әні
Балалардың жан - жақты дамуына ықпал ету, сөздік қорын дамыту. Есте сақтау қабілетін арттыру. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын, олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, әдемілікке
Менің добым
Менің добым
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы «Бүлдіршін» шағын орталығының «Балапан» тобының тәрбиешісі Әлтаева Алтынкүл Райханқызы
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 «Балауса» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі: Абдуллина Зульфира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×