Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айналайын – анашым

18 желтоқсан 2016, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Айналайын – анашым
Зал 8 наурыз мерекесіне арналып безендірілген. Әдемі көктем аруы бейнеленген.
1 - Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме! Қадірлі қонақтар
2 – жүргізуші Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар!
1 - Ж: Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!- 2 бала қосылып айтады.
2 - Жүргізуші: «Айналайын – Анашым» - атты концертіміз сіздерге арналады.
1 - бала: Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы – ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
2 - бала. Мынау керемет өлең екен а!
1 бала - білесің бе? Ерасыл
Бүгінгі мерекеміз ерекше болмақ.
2 - бала: Неге, сиқыршы келе ме?
1 - бала: - Жоқ, таппадың.
2 - бала:- Ә, таптым, таптым. Қайрат Нұртас келетін шығар?
1 - бала: - Жоқ
Ерекшелігі бүгін ең тамаша жандардың мерекесі емес пе! Ендеше біз топтағы қыздарға тосын сый жасайық. Қыздарды қуанту үшін, бәріміз бірігіп, дастархан жасайық!
Ал қыздар гүлдей жайнап, аяқтарын созып, қолдарын алдына қойып отырсын, ал біз жігіттер оларға қызмет етейік! Жарай ма?
Келістік!
Тәрбиеші: Ал жігіттер біздің қыздарымыз қайда?
Апай біз қыздарға тосын сый жасаймыз. Олардың мерекесі ,ой.
Тәрбиеші: Жарайды олай болса өздерің біліңдер.

(Бәрі дөңгелек үстелге тамақ әзірлейді, 4 бала ресторан қызметшісі болып, қолдарына орамал іліп тұрады)
Мерей: Ал мен қыздарға арнап ән жаздым.
Халық әні «16 қызды» мен бір қыз қосып, «17 қыз» деп алдым. Ендеше соны орындай отырып қыздарды шақырайық!

Ән: «16 қыз»
Астыма мінген атым генадушка,
Шабамын көңіл ашып немношка.
Не керек бұл дүниеде жить етуге,
Азырақ ойнап - күлмей, молодушка.

Қайырмасы:
Сабина - ай, Әдия - ай,
Эленора, Эльнара - ай,
Жанайым, Ақбота - ай
Илария, Шаттық - ай!
Әшекей қыз, Жансая - ай,
Спортшы қыз Анель - ай,
Айжұлдызбен, Эльназ - ай,
Меруертпен Бекзада - ай!
Шашбаулы қыз Ақерке - ай,
Сүйкімді қыз Алтынай
Қайда кеттің - ай Нұрай - ай.

Қарағым, айналайын, черный көзім,
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Втарой, третей сорттар толып жатыр,
Первый сорт қайдан тудың сенін өзің?

Қайырмасы:

Сабина - ай, Әдия - ай,
Эленора, Эльнара - ай,
Жанайым, Ақбота - ай
Илария, Шаттық - ай!
Әшекей қыз, Жансая - ай,
Спортшы қыз Анель - ай,
Айжұлдызбен, Эльназ - ай,
Меруертпен Бекзада - ай!
Шашбаулы қыз Ақерке - ай,
Сүйкімді қыз Алтынай
Қайда кеттің - ай Нұрай - ай.

- Ал қыздар қош келдіңіздер! Мерекелерің құтты болсын!
- Рахмет
- Әніміз сендерге ұнады ма?
- Ұнады! Керемет екен
- Не ішесіздер?
- Шырын болса.... ( шырын беріледі)
- Тағы қандай өнерлерің бар?
- Біз би де билей аламыз!
Би: Жігіттер биі 6 бала.

Ал қыздар сендерге арнап ән де салдық, би де биледік, ендеше ойын ойнасақ қайтеді?
Әрине ойнайық.
Ойын: «Гүл сыйлау»

Мерей
Қыздар сіздерге арнаған сыйлығымызды қабыл алыңыздар.
(себет толы гүлдерді таратады)
Ерасыл
Ал қыздар сендер көп отырып қалған сияқтысыңдар, келіңдер бірге тұрайық.
1 - Мерей
- Сіздердей қыздарды, біздердей ұлдарды өмірге әкелген аналарымызға жыр арнайық.
1. Армысың аналарым, әжелерім
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың.

2. (ағылшын тіліндегі тақпағы)
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.

3.Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.

Атырау облысы, Исатай ауданы,
"Қарлығаш бөбекжай - балабақшасы"
Жолдыбаева С.
3 733
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
8 - наурыз Аналар мерекесі
8 - наурыз Аналар мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар!
Ана - өмір шуағы
Ана - өмір шуағы
Көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×