Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мықты отбасы – мықты мемлекет

28 сәуір 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Психологиялық Тренинг
«Мықты отбасы – мықты мемлекет»
Мақсаты: Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімдерін көтеруге көмектесу және балабақшамен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының жоғарылауына ықпал ету.
Әдістер: Пікір алмасу, сұрақ - жауап, сауалнама психологиялық жаттығулар.
Көрнекіліктер: Плакаттар, жұлдыздар, үнтаспа, бейнетаспа, шарлар, гүлдер,
көбелек, құстар, тілек ағашы, түрлі - түсті таратпа қағаздар,
эмблема т. б.

Барысы:
Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, әріптестер! Бүгінгі біздің
отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингімізді
бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі
қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойыңызды
түйіндеп өмір жолында пайдалану.
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген бастап сәттен, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, аса қасиетті алтын бесігі. Бала қанша жерден балабақшада тәрбиеленгенімен, оның өмірінің көп бөлігі әке – шешесінің қасында өтеді.
Баланың болашақ өмірге алғаш қадамы отбасынан басталатыны бәрімізге аян. Бала жақсы әдетті де, жаман әдетті де содан алады. Ұлы педагог Макаренко ата - аналарға бір сөзінде былай деген екен. «Сіздің жеке мінез құлқыңыз – жеткіншек тәрбиесіндегі бірден - бір шешулі құрал. Сіз қалай киінесіз, басқалармен қалай әңгімелесесіз сіз қалай күлесіз міне, мұның бәрі бала үшін маңызы бар». Ата - аналар балаларын өнегелі сөзімен жеке басының тәрбиесімен тәрбиелейді. Әр бала жылы сөйлегенді, аялағанды, еркелігіңді, ертегі - әңгіме тыңдағанды, ойын - ойнағанды ұнатады. Бұл баланың бойындағы ерекшеленіп тұратын негізгі қасиеті. Ал халқымыз баланың ой - өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған.
Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата - анасы маскүнемдікке салынған немесе татулық, бірлік жоқ ортада, бала қиын жағдайға тап болары сөзсіз. Көпке топырақ шашпасақта «Бір қарын майды, бір құмалақ шірітеді»- дегендей, қоғамызда бала тәрбиесіне ат үсті қарайтын ата - аналар кездесіп қалады. Соның бір дәлелі ретінде мына бейне материалға көз жүгіртіп өз ойымызды айтайық. (Бейне баянды бірге тамашалау).
Бейне баян арқылы пікір алмасу.
- Қалай ойлайсыздар ата - анасының осы іс - әрекеті балаларына қандай әсер тудыруда?
- Мына баланың әкесінің ісі дұрыс па, ер азамат қандай болу керек?
- Нағыз әке қандай болуы керек?
- Осы жерде бала тәрбиесі туралы, ойлап тұр дей аласыз ба?
- Ал баланың анасы қандай қателік жіберіп отыр?
- Осыны көрген баланың мінез – құлқы қандай болады, теріс тәрбиеге бой алдырады деп ойламайсыз ба?
- Теріс жолға бет бұрса байтеректің бір бұтағы теріс өсті дей беріңіз.

Бейне көріністі ары қарай жалғастырайық.
- Бала бұл әрекетке неге барды деп ойлайсыз. (Алладан шарапат күткеннен басқа қайран жоқ)
- Есі кірген ана ақылының арқасында – балалары өзі көрген қатыгездікпен қиындыққа душар болмауын ойлап санасын сабырға жеңдірді. Өнегелі отбасында тәрбиелі бала өсіріп, жаңаша өмір салтын өнегелі құндылықтармен байланыстырып саналы азамат даярлауды басты мақсат ете білді.
.(Ата - аналар пікірін тыңдау).
Рефлексия. Ертегі терапиясы.
Жас келіншек данышпаннан ақыл сұрап келеді.
- Данышпан ата, менің баламның туылғанына бір ай болды. Баламды қалай тәрбиелесем болады: қатал ма, әлде мейірімділікпен бе?
Данышпан келіншекті қолынан ұстап жүзім сабағының жанына алып барады: - мына сабаққа қарашы. Егер сен жүзім сабағына аяушылық танытып қиып отырмасаң, сабақ жайылып кетеді. Сабақтың өсуіне бақылауды жоғалтсаң, сен тәтті де, әрі дәмді жемісті жей алмайсың. Егер сен сабақты күн сәулесінің түсуінен қалқаласаң, күнделікті сабақ тамырын суарып отырмасаң, онда ол солып, тәтті әрі дәмді жемісті жей алмайсың - деген екен.
Сол айтпақшы ақыл - мен іс үйлескенде ғана тамаша жеміс алып, тәттілігін сезінуге болады. Яғни, нені егіп баптасаң соны орасың. Сондықтанда бала тәрбиесіне көз жұмып қарамайық.
Тыныштық сәті.
(Баяу музыка үнімен өткізіледі. Ата - аналар көзін жұмады.)
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Ол қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша! Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін! Ішкі дүниеміз тап - таза, жап – жарық болып кетті. Міне, керемет жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жай гүл емес сүйіспеншілік гүлі. (Көздерін ашқанда алдарында өз балалары тұрады.)

Балалар: Күндей жайнап күнде біз
Құлпырамыз, бәріміз
Күн боламыз,
Күн боламыз
Гүлге шуақ шашамыз.
Гүл боламыз,
Гүл боламыз
Жайқаламыз,
Гүлдей жайнап өсеміз.
Қайырлы күн қонақтар!
(Әр бала өз ата - анасының жанына барады.)
Жарысымызды бастамас бұрын әділқазы алқасын сайлап алайық:
1. Ж. К. Қуанышқызы - балабақша меңгерушісі
2. М. Нұртаза - шаруашылық меңгерушісі
3. М. Айжігіт - балабақша тәрбиешісі
Тренинг бағдарламалары:
1. Топқа бөлу
2. Жаттығу. Есімдер аллиетерациясы
3. Жаттығу: Өз балаңызды жақсы білесіз бе?
4. «Интонация» жаттығуы
5. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
6. Мақал - мәтелді жалғастыру
7. Ситуациялық сұрақтар
8. Өз жұлдызыңызды табыңыз
9. Шебер қолдар. Тренингтен алған әсерін жеткізу.

Толық нұсқасын жүктеу
5 577
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - аналарға тренинг: Жанұя бақыты
Ата - аналарға тренинг: Жанұя бақыты
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің
Жанұя бақыты
Жанұя бақыты
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің
Шығарма: Отбасы бақыты
Шығарма: Отбасы бақыты
Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.
Ата - аналарға тренинг: Жанұя бақыты
Ата - аналарға тренинг: Жанұя бақыты
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің
Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам
Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам
Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам
Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам
Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, оқушылар және әріптестер. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×