Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көкалда көжек секіреді

13 маусым 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Көкалда көжек секіреді
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Бөлімдері: Сурет. Жаратылыстану.
Мақсаты: Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беруді жалғастыру, сыртқы көрнісі, немен қоректенетінін айту арқылы тілдерін дамыту. Негізгі түсті атай білуді, бір түсті заттарды ажырата білу іскерліктерін жетілдіру, саусақ моторикасын дамыту. Мейрімділікке, ептілікке тәрбиелеу.
Қостілділік құрауыш: Көп - много, біреу - один

Мотивациялық, оятушылық кезеңі
Жылулық шеңбері:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Балалар назарын әдемі қорапшаға аудару.

Ұйымдастырушылық, ізденушілік кезеңі
- Балалар қараңдаршы неткен әдемі қорапша, ашып көрейік не бар екен?
- Бұл қоянның көжектері ғой, қане бәріміз бір - бірден алайық.
- Көжек қандай? (жұмсақ, үлпілдек, сүйкімді)
- Ал енді көжекті жылытайық, құшақтап өзімізге жақын ұстап жайменен қысайық. Көжектер жылынды енді орнымызға отырайық.
- Қараңдаршы көжектер қандай әдемі?
- Көздері қандай? (кішкентай, домалақ, моншақ секілді)
- Ал бұл не? (аяғы)
- Және не бар? (құйрығы, құлағы, мамық жүні)

- Көжектермен бірге ойын ойнап көрейік?
Ойын: «Көжектер»
Кішкентай көжек секіреді көлшіктің жанында,
Көжек секіреді тез - тез,
Ал оны ұстап көр?
Балалар жүгіріп орындыққа отырады.
- Балалар көжектің түсі қандай? (дұрыс көкшіл, көк түсті)
Олай болса мына ойыншықтардың арасынан көжек түстес ойыншықтарды алып, көжектің жанына қояйық.
- Балалар біздің көжек шаршады қане себетке салайық дем алсын.
- Қолымызда көжек қанша? (Біреу)
- Ал себетте қанша болды? (көп)
- Балалар менің қолымдағы себетте көкөністер бар, соның ішінен көжектің қорегін тауып берейік?(көжектер сәбізді, қырыққабатты жақсы көреді)

Алматы облысы, Текелі қаласы
Балабақша тәрбиешісі: Жаманқұлова Шырынкүл Ибрашевна

Толық нұсқасын жүктеу
2 525
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір - бірімен байланысы туралы түсінік беру. Жануарлардың келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөнінде білімдерін кеңейту. Табиғаттың бір бөлігі - жануарларды қамқорлыққа алуға
Мақтаншақ қоян ертегісі
Мақтаншақ қоян ертегісі
Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі кейіпкерлерінің сөзін, дауысын интонациясын келтіріп айтуға дағдыландыру. Мықтылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Ертегі Көжек
Ертегі Көжек
Ертегі идеясын түсіну. Қоянға сипаттама беруді үйрену.
Жабайы жануарлардың қысқа дайындығы
Жабайы жануарлардың қысқа дайындығы
Балалардың жануарлардың ұзақ қыс алдындағы дайындығы туралы білімдерін бекіту; Өмір мен қоршаған орта жағдай арасындағы жануарлар байланысын анықтауды үйрету;
Табиғатты аялайық
Табиғатты аялайық
Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікті көре білуге, табиғатты қорғап аялауға үйрету. Балаларға қыс туралы түсінік беру, қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.
Ақ қоян
Ақ қоян
Қоян туралы түсіндіру. Орман туралы білімдерін кеңейту. Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Көрнекіліктерді пайдалана отырып, балалардың сөздік қорларын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×