Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаз ұлағатты асыл жандар

23 қазан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұстаздар ұлағатты асыл жандар
Жүргізуші: Құрметті аяулы ұстаздар! Сіздерді төл мерекеміз «Ұстаздар» мерекесі құттықтаймыз. Ендеше «Ұстаз - ұлағатты асыл жандар» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер.
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның
Ұстаз деген - анасы ол адамның
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін
Сен де одан адам болып жаралдың
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар әлемге еңбегін еленген
Сенің бағың өрге қарай өрлесе
Ол да бірге қуанышқа кенелген
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында
Ол өзінің орындалған арманың - деп бүгінгі төл мерекесіне орай құттықтау сөзін балабақша директоры С. Т. Абулгартаеваға сөз кезегін береміз.
Жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма
Арқан деп сенің ұғамын
Мұғалім, ғазиз мұғалім
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін – деп «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі Қылышбай Сабинаның орындауда «Балабақша» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Ұрпақ өмір жолы жалғасады
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Ән - шашу әсем әуен, түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады - дей отыра «Көгершін» тобының тәрбиеленушілерінің тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Айсезім:
Анамдайсыз менің асыл ұстазым
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп аялап
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың
Нұрбақыт:
Алғаш рет оятқансың санамды
Алғаш рет ұстатқансың қаламды
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндерген жақсы менен жаманды
Кәусар:
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы

Ұлбибі:
Ұстаздың оттай ыстық алақаны
Болған соң ойлайтыны - бала қамы
Баладан ұстазыма мың сан алғыс
Өйткені ол ұстазымның арманы
Инабат:
Ұстаз, ана болды ол
Әрқашан да біздерге
Бар балаға берді ол
Қуаныш пен өнеге
Жүргізуші:
Қазақ қызы күлімділер күн көзіндей
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы
Биші қыздар бұрала билейді би деп – «Тұлпар» тобының тәрбиеленушісі Азан Арайдың «Топ - топ балақан» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған
Шапағаты шуақ шашқан ұстаздарым
Өздеріңнен бастау алар бар арман.- дей отыра «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілерінің тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Диас:
Алғаш рет оятқансың санамды
Алғаш рет ұстатқансың қаламды
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.
Қаршыға:
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Ұстаз болу - сезімнің ақылдығы
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы
Жүргізуші:
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары
Қолыңда шәкіртінің бала шағы
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы – дей отыра, «Тұлпар» тобының тәрбиеленушісі Марат Айзерені
«Ойыншықтар» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік мәңгі жүректе,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғынатын
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы
Қасиетіне бас иелік мәңгілік деп – «Көгершін» тобының тәрбиеленушілерін тақпақтарымен ортамызға шақырамыз.
Камшат:
Ақиқатты айқындап жариялар
Бара жатыр азайып қариялар
Дауыл соқса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр қариялар азайып.

Айару:
Мерекеңіз құтты болсын ата - ана,
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің
Кенеліп бірі ілтипатты батаға
Шапағат:
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі соқпақ, сөзі нәр
Нұртілек:
Менің әжем, ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десем
Айтып береді тағы әжем.
Жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар - деп «Тұлпар» тобының тәрбиеленушісі Нұрболат Айзерені
«Қошақаным» әнімен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
Тойлайды көптен бұл күнді
Біздің байтақ ел бақытты
Ұстаздарды шын жүректен
Құттықтайды бүлдіршіндерін - деп «Тұлпар» тобының тәрбиеленушісі Төребай Әдемайды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Ұстаз мейірімі – Анамен пара - пар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Көп жасасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар - деп «Тұлпар» тобының тәрбиеленушілерін «Джентлмен» биімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Жақсы жандар жанымызда жүр әрқашан,
Ұлағатты сөзін биік ұстанған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан,
Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріннің саулығы мықты болсын
Білімімен суарған шәкірттерін
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын - деп бүгінгі «Ұстаз - ұлағатты асыл жандар» атты мерекелік ертеңгіліміз осымен аяқталды.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
"Ақбота"балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы
Ермекбаева Аманкул Ерсайыновна

Бекітемін:_______________
«Ақбота» балабақшасының әдіскері Ұ. М. Ақжігітова
8 548
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаздар – ұлы тұлғалар
Ұстаздар – ұлы тұлғалар
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Ұстаздар - ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара
Ұстаздар - ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлаған.
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты, Ол болмаса, кім береді парасатты. Асылын беріп шәкірт бойларына, Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстаз  – елдің жүрегі
Ұстаз – елдің жүрегі
Ұстаз.... Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Атырау қаласы, Тасқала селосы, Т. Амандосов атындағы орта мектеп Жаулыбаева Оралхан
Мерекеңіз құтты болсын - мұғалім!
Мерекеңіз құтты болсын - мұғалім!
Армысыздар ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар! Мерекелік жиынымызға қош келдіңіздер! Жас ұрпаққа саналы білім мен сапалы тәрбие беретін ұлағатты ұстаздар мерекесі құтты болсын!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×