Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыс ғажайыптары

21 қаңтар 2018, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»
Кіші сала: «Тіл дамыту», «Қоршаған ортамен таныстыру», «Сурет салу», «Экология»
Тақырыбы: «Қыс ғажайыптары».
Мақсаты: Балаларға қарапайым тәжірибелер жасауға, бақылауға үйрету. Судың қасиеттерімен таныстыру. Жылы жерде тұрып қар еріп, суға айналатыны жайлы білімдерін бекіту. Дем алу жаттығуларымен жаттықтыру. Балалардың ұстап сезу сезімдерін дамыту. Өз бетінше жұмыс жасауға, бір - бірімен толеранттық қарым-қатынаста болуды тәрбиелеу.
Таңғы шеңбер. Амандасу.
- Балалар сендерге үйге қонақтар келгенде сендер не істейсіңдер?
- Бізге де қонақтар келіп тұр. Қане алдымен қонақтарымызбен амандасып алайық.
- Балалар кімнің көңілі қандай қане көрсетіңдерші. Егер жақсы болса - қолдарыңды алға созыңдар, менің алақаныма. Ал кімнің көңіл - күйі жоқ - жай ғана қолдарыңды түсіріңдер. Балалар.... көңіл - күйі жоқ екен. Оның көңілін қалай көтерсек екен айтыңдаршы?
- Мүмкін біз ойындар ойнасақ көңілдері көтерілер қалай ойлайсыңдар?
- Балалар әйнекке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?
Оны қайдан білдіңдер?
- Қыс бізге көптеген ғажайыптар дайындап қойды, соның біреуі мынау шелектің ішінде. Шелектің ішінде не бар деп ойлайсыңдар? Қане ұстап көріңдерші шелекті оның сырты қандай?
- Қане қарды қолдарына алып көріңдер. Рас қар ма балалар? Олар еріп жатыр ма? Неліктен?
- Қане үрлеп көрейікші қарды.
Дем алу жаттығуы «Қарды үрле»

Зерттеу жұмысы «Қар неге айналады?»
- Балалар қар қандай? Қане оны жылытайықшы.
- Қане алақандарымызды ашайық. Балалар қараңдаршы қарымыз неге айналып кетті? Неліктен?
- Сонда қандай қорытындыға келуге болады?
- Жарайсыңдар балалар! Қарымызды қайтадан шелекке салайық. Балалар айтыңдаршы, алақанымыз қардан кейін қандай болды?
Енді қолдарымызды орамалмен сүртейік.

Зерттеу жұмысы «Қандай тамшы?»
- Қарымыз суға айналып кетті. Ал су тамшылардан тұрады ал қандай тамшылардан тұратындарын мен қазір сендерге көрсетемін.
Менде сиқырлы пипетка бар. Мен қазір сендердің қолдарына түрлі - түсті қақпақ беремін. Сол қақпақтарына бір тамшы судан себемін.
- Енді сендердің әрқайсыларыңда өз тамшыларын бар. Тамшыларыңа мұқият қарап айтыңдаршы ол қандай?
- Қане тамшымызбен ойнайықшы. Қақпамызда домалатайық. Қараңдаршы менің тамшым қалай домалайды. Қане оны үрлеп көрейікші. Егер қатты үрсек не болады?
- Міне балалар біз сендермен тамшымен таныстық. Осындай көп кішкентай тамшылардан су пайда болады.
- Жарайсыңдар балалар шаршап қалған шығарсыңдар, қане бір сергіп алайық
Сергіту сәті: «Аяқпенен топ - топ»
- Жарайсыңдар балалар! Қане енді стақандар тұрған үстелге жақындайық. Балалар қараңдаршы мында бос стақандар тұр. Мен қазір бір стақанға мына ыдыстан су құямын.(Таза су құяды) Қараңдаршы стақандағы су қандай?
- Ал біз ондай суды қайдан аламыз?
- Бұл сумен не істеуге болады?

- Ал енді мен екінші ыдыстың суын құяйын. Бұл ыдыстың суы қандай екен?
- Кір су қайда болады?
- Су ішкім келіп кетті ғой. Қайсы суды ішуге болады? Неліктен?
- Балалар қазір біз сендермен сиқыршы боламыз. Қазір біз үстіне мақта дискасы қойылған стақанға суды құямыз. Қане маған мұқият қараңдар мен сендерге көрсетемін. Содан кейін өздерің істеп көресіңдер.
Тәжірибе жасаймыз,
Таза суды табамыз.
Фильтордан кір өткізбейміз.
Суды бірге тазартамыз.
- Қараңдаршы не болды? Су тазарды ма?
- Жарайсыңдар! Қазір мен сендерге сиқырлы суреттер таратамын. Сендер сол суреттерді осы сумен бояп көресіңдер.
- Жарайсыңдар балалар! Қане қонақтарымызға көрсетіңдерші қандай тамаша суреттер. Ал кешке кепкесін ата - аналарыңа көрсетесіңдер.
- Балалар ал сендерге сумен ойнаған ұнады ма? Көңіл - күйлерін көтерілді ме?
- Қане енді келген қонақтармен қоштасайық.

Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Өз бетінше жұмыс жасауды.
Түсінеді: Судың қасиеттерін.
Қолданады: Қарапайым тәжірибелер жасауды, бақылауды.

Қыс ғажайыптары. жүктеу
2 481
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Дымқыл - құрғақ
Дымқыл - құрғақ
Балаларды топырақтың қасиеттерімен таныстыру: құрғақ - сусылдайды, ал дымқыл – пішінін жақсы сақтайды.
10 саны мен цифры
10 саны мен цифры
10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қыс ғажайыптары
Қыс ғажайыптары
Қыс мезгіліне деген қызығушылықтарын артыру. Балалардың шығармашылық ынтасын ояту. Балаларды табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу. Түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілдер мен жұмыс істеу іскерлігіне баулу. Ұжымдық сурет салуға
Судың қасиеттері (тәжірибе жасау)
Судың қасиеттері (тәжірибе жасау)
Балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру (дәмі, түсі, иісі); судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу.
Балабақшаға арналған жоспар топтамасы
Балабақшаға арналған жоспар топтамасы
Атырау қаласы, №6 «Гүлдер» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі Жұмағалиева Ақмарал Сәмиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×