Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Желтоқсан жаңғырығы

23 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Желтоқсан жаңғырығы
Мақсаты: Балалардың бойында елжандылық сезімдерін қалыптастыра отырып, туған елімен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тілімізбен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Тәуелсіздік бақытына оранып,
Елім жатыр шаттығына қуанып.
Желбірейді көкте туы әдемі,
Қазақ елін - туған жерді сүйемін.
Армысыздар, құрметті ата - аналар, ұстаздар және бүлдіршіндер! Бүгінгі « Желтоқсан жаңғырығы» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгін еліміздің сан мың жылдар армандаған, бірнеше ғасырға жалғасқан бостандық, Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып, ҚР - ның Президентінің жарлығымен 1991 жылдың 16 желтоқсаны заңды түрде Тәуелсіуздік күні болып жарияланды. Міне, биыл Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын.

Құттықтау сөз балабақшамыздың директоры Сарбиназ Талапқалиқызына беріледі.

Жүргізуші:
Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам әнұраны - дей отырып әнұран шырқауымен мерекелік кешімізді бастаймыз.

Жүргізуші:
Өз жерім, өзім ие болған күн,
Тілім таза бостандық алған күн,
Елтаңбам мен көк байрағым желбіреп,
Тарихыма өшпес белгі салған күн
Желтоқсан көтерілісінде тарихта қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Л. Асанова, Сабира Мұхамеджанова сияқты аға - апаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Орны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын,
1минут үнсіздікпен еске алайық
Аруағы ағалардың ырза болсын ( 1 минут үнсіздік жариялау. Слайд көрсетіледі).
(С. Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйі жаймен ойнап тұрады).

Жүргізуші:
Тасысын шалқып әніміз,
Жадырасын жанымыз
Мерекеңмен құттықтап,
Би билейміз бәріміз.

«Көгершін» тобының балаларының «Тәуелсіз Қазақстаным» биімен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,
Туған тілім шұбарлана жарқыра
Тарихымызды таланттар көбейсін,
Бас иемін ата - баба рухына

Ендеше «Қарлығаш» пен «Көгершін» топтарының Тәуелсіздікке арналған шағын көрінісін тамашалаңыздар.
( Көрініс көрсетіледі )

Қайрат: Естідіңдер ма, Д. Қонаев орнына белгісіз біреу сайланыпты. Бұл не деген масқара!
Жастар: Неге халықпен санаспайды? Орталық Комитеттің шешіміне қарсымыз.
Қазақстанды тек қазақ басқаруы керек. Ұлтымыздың намысын аяққа таптатпаймыз. (Абылай)

Дүр сілкінді қойдан да қоңыр аймақ
Бағы жанбай қала ма, соры қайнап. (Хамза)
Ұран жазып қып - қызыл ту көтерген,
Біз де шықтық алаңға «Елім - ай - лап»

Демократияны бұғаудан босатыңыздар, әр халыққа өзінің көсемі керек. (Айбек)

Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр,
Көлеңке күннен де тимейді нұр
Колбин деген кім екен, қайдан келген, (Қарақат)
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл

Өгей қозы біз болдық енемізге
Келімсектер шықты ғой төбемізге
Ақиқат жоқ маңайыңның толған аңыз (Нұрай)
Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз

Қайрат: Қазақстанда бір қазақтың болмағаны ма? Колбин деген кім? (Диас)
( Милиционерлер келеді )
1 - Милиция: Жастар, жастар тараңдар!
Қайрат: Біз пленум шешіміне қарсымыз. (Диас)
2 - Милиция: Қайтыңдар, жатақханаларыңа!
Жастар: Орталықтың озбырлығы жойылсын! (Диас)
3 - Милиция: Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз.
Жастар: Әр халыққа өз басшысы.
4 - Милиция: Сендерге қайт деп тұрмыз ғой, неге түсінбейсіңдер! (жастар тарайды)
(«Көңіл толқыны» күйі жаймен орындалып тұрады).

Қайрат үйде жеңгесімен шәй ішіп отырады. Үйге екі милиция кіріп келеді.
(Диас, Қаршыға)
Милиция: Біз органнан келдік. Қ. Рысқұлбековті тұтқындаймыз. Қолымызда прокурордың бұйрығы бар. Тез жинал. (Данияр)
Жеңгесі: Ойбай - ау қаршадай баланың не жазығы барн еді? Әке - шешесіне не бетімізді айтамыз.
Милиция: Сабыр етіңіз, жеңеше! Бұл бала көшеде төбелеске қатысқан. Оны сот шешімінен кейін білесіздер. (Нұрбақыт)
( Сот залынан көрініс )
Тергеуші: Иә, Рысқұлбеков, сен 18 – желтоқсан күні сағат 10. 00 – де қайда болдың? (Анель)
Қайрат: Жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде болдым. (Диас)
Тергеуші: Жоқ, сен өтірік айтпа! Сен Сәтпаев пен Бейбітшілік көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың. Соның салдарынан ол қайтыс болды. Өліміне сен кінәлісің! Оны сен өлтірдің. (Анель)
Қайрат: Мен ешкімді де өлтірген жоқпын. (Диас)
Тергеуші: Бұдан ешқандай пайда жоқ, ісің сотқа жіберіледі. (Анель)
Сот: Айыпкер ҚКУ. Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып, жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына кесілсін.. (Ақерке)
Тергеуші: Ал, Рысқұлбеков, ақтық сөзіңді айт. (Анель)
Қайрат: (Диас)
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Ерке тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар!
Жүргізуші: Қайрат өмір бойына бас бостандығынан айырылып, сол түрмеде белгісіз себептермен қаза табады.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы,"Ақбота" балабақшасының
психолог - тәрбиешісі Тоғаева Ақелік Өтелгенқызы

Желтоқсан жаңғырығы. жүктеу
1 349
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің елім — Қазақстан!
Менің елім — Қазақстан!
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арнаған «Менің елім — Қазақстан!» - атты тақырыптық оқу қызметі.
Желтоқсан жаңғырығы
Желтоқсан жаңғырығы
Балалардың бойында елжандылық сезімдерін қалыптастыра отырып, туған елімен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тілімізбен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Тәуелсіздік - ел тілегі
Тәуелсіздік - ел тілегі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Тәуелсіздік – тірегіміз
Тәуелсіздік – тірегіміз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Файзуллаева Әсем Тұрақбайқызы
Тәуелсіздік таңы - атқан күн
Тәуелсіздік таңы - атқан күн
Тәрбиеленушілердің ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×