Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойыншықтар дүкені

06 ақпан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Ойыншықтар дүкені
Білімділік:
Мақсаты: Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын айтуды үйрету. Ұл бала мен қыз баланың ойыншықтарын ажырата айта білуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу.
Сөздік қорын дамыту.
3. Тәрбиелік Ұқыптылыққа, эстетикалық талғамдарын кеңейту, әдемілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ, жауап.
Көрнекіліктер: Дүкендегі ойыншықтар.
Сабақ түрі: Саяхат түрінде.
Пәнаралық байланыс: Шығармашылық, Таным
Сөздік жұмыс: Ойыншық - игрушка.
Таңғажайып сәт: Машаның келуі.

Таңымды оятушылық
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер:
Кел балалар күлейік.
Күлкіменен түлейік,
Қабақ шытып не керек.
Көңілді болып жүрейік!

ІІ. Өткенді қайталау.
Балалар мына сандықшаның ішінде не бар екен?
Ашып көрейік. Сандықшадағы ыдыстар түрлерін айтады. Өткенді еске түсіреді. (Шәйнек, қасық, кесе, тәрелке)
Жаңа сабақ.
Балалар сеңдер қандай ойыншықтар түрлерін білесіңдер?
Ойыншықтар дүкеніне саяхатқа барғыларың келе ме?
Балалар міне біз дүкенге келдік.
Дүкенде кімдер қызмет атқарады? Сатушылар
Жақсы!
Сатушы апаймен сәлемдесіп алайық
Негізгі бөлім
Мына сөрелерде қандай ойыншықтар түрлерін көріп тұрсыңдар?
Қыздар ойнайтын ойыншықтарды қалай атаңдаршы?
Ұлдар қандай ойыншықтармен ойнайды?
Қуыршақтардың өзі әр түрлі заттардан жасалады: пластмастан, матадан, резинкадан, ағаштарда.
- Ал көліктер темірден де жасалынады.
- Сөздік жұмыс: Қуыршақ – Қуыршақтар, көлік – көліктер.
- Бір қуыршақты - қуыршақ деп айтамыз, ал егер бірнеше қуыршақты «қуыршақтар» деп айтамыз.
- Таңғажайып сәт: Есікті қағып Маша келеді.
- Сәлемдеседі. Маша дүкенге сыйлық сатып алуға келгенін айтады.
- Балалар біз Машаға қуыршақты киіндіріп, көліктердің бөлшектерін құрастырып берейік.
- Сергіту сәті:
- Біздерде бар қуыршақ,
- Бұзау, қозы, құлыншақ
- Ойыншықтар ұйықтайды
- Ақыл айтсақ, бұйырсақ.
- Балалар жұмыстарын жалғастырады.
- Д/о: Ғажайып қоржын.
- Шарты: көздерін жұмып қоржыннан кез келген ойыншықты алып, ойыншықтың атын, неден жасалғанын түсініп, қатты, жұмсақ екенін айту.

Қорытындылау:
- Балалар бүгін біз қайда саяхатқа бардық?
- Ойыншықтар дүкеніне бардық?
- Ойыншықтар нелерден жасалады екен?
- Жауабын айтады: пластмассадан, темірден, ағаштан, резинкадан жасалады.
- Жақсы!
- Қуыршақтармен кімдер ойнайды?
- Қыздар ойнайды.
- Көліктермен кімдер ойнайды?
- Ұлдар ойнайды,
- Бізге кім келді?
- Маша келді.
- Сендер Машаға не жасап көмектестіңдер?
- Қуыршақты киіндіріп, көліктерді құрастырдыңдар.
- Қандай ойын ойнадыңдар?
- Ғажайып қоржын ойының ойнадық
- Қоржының ішінде не болады?
- Ойыншықтар.
- Дұрыс айтасыңдар!
- Сеңдерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?
- Ия ұнады

Бағалау, мадақтау:
- Сеңдер бүгінгі сұраққа өте жақсы жауап бердіңдер.
- Сеңдерге жұлдызшалар таратып беремін
- Үйге тапсырма:
- Қуыршақтар туралы өлең жаттап келіңдер.
9 724
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің ойыншықтарым
Менің ойыншықтарым
Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір - бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтары туралы әңгіме құрауға үйрету. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын білуге үйрету.
Ойыншықтар әлемі
Ойыншықтар әлемі
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту. ойыншықтардың атын атау арқылы сипаттауға баулу, ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.
Ойыншықтар әні
Ойыншықтар әні
Балалардың жан - жақты дамуына ықпал ету, сөздік қорын дамыту. Есте сақтау қабілетін арттыру. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын, олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, әдемілікке
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 «Балауса» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі: Абдуллина Зульфира
Ойыншықтар әлемінде
Ойыншықтар әлемінде
Жамангарина Мейрамгуль Айтказиевна №134 "Гауһар" балабақшасының тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×