Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімнің бастауы – балабақшада ертеңгілік

18 ақпан 2018, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Білімнің бастауы – балабақшада»
(Ертеңгілік)
Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, балалар, барша қонақтар!
Бүгін - 1 қыркүйек - білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын! Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі кездесуіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 - ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады. Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Ән «Тәрбиеші гимні»

Тәрбиеші;
Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы -
Балабақшадан басталады
Тәрбиеші; Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны
Ауламыздың келісіп тұр бар сәні
1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаны!

ӘН;« Мұғалім» Сейіт Інжү
«Кел балалар оқылық» Көркем
Біздің топта балалар
Тату - тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды Інжү
Сәлем саған балабақшам,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие,
Ой санама еккенің. Анель

Балабақшам – айтар әнім,
Сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды, Елдос
Өзіне қайтарамын.

Мақал: Білім арзан, білу қымбат
Балабақша анамыз,
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін.
Біз балдырған боламыз! Кәусар Есімбек

Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз.
Құтты болсын тойымыз! Серікжан Інжү

Жаңа оқу жылы, кел, төрлет
Дүбірлі думан басталсын
Жүректерді ән тербеп
Шапалақ ұрсын асқар шың.
Мақал - мәтел,; Күш - білімде, білім - кітапта.
Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды. Асылжан

Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп, Кәусар Әлен
Өсіруде бақшамыз.

Бұл - екінші үйіміз, Мерей
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз - осы үйдің гүліміз
Біз - осы үйдің сәніміз.
Тәрбиеші;
Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
«Айгөлек» биімен

Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашқан арай күн
Азамат болып өсеміз
Қызыға әлем қарайтын. Елдос

Риза етіп баршаны
Әсем әнге саламыз
Таудан биік талабы Бағашар
Біз - сүйкімді баламыз!

Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген Маруа
Өмір қандай тамаша

Тәрбиешілер: Тулпаисова Гульмира
Молдабекова Асем


Білімнің бастауы – балабақшада ертеңгілік. жүктеу
17 217
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - қыркүйек – білім күні
1 - қыркүйек – білім күні
Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні
Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Білімнің бастауы - балабақшада
Білімнің бастауы - балабақшада
Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
1 - қыркүйек – білім күні
1 - қыркүйек – білім күні
Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
1 қыркүйек - Білім күні
1 қыркүйек - Білім күні
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру.
Білімнің бастауы – балабақшада
Білімнің бастауы – балабақшада
Білімнің бастауы – балабақшада (Ертеңгілік)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×