Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата Заңым ардағым

05 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Ата Заңым ардағым
Тәрбиеші: Қастерлемес даңқын кім
Қадірлемес салтын кім
Әнұраны елімнің
Үні, тілі халқымның
(ҚР әнұраны орындалады)
Тәрбиеші: Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?
- Конституция, Ата Заң
-30 тамыз Ата Заңымыз қабылданған күн. Биыл Ата Заңымызға 15 жыл толады. Өздеріңіз білесіздер, ол адамның, қоғамның, елдің құқығын қорғауға арналған. Әрбір елдің өз Ата заңдары болады. Заң болмаса, адам құқығы қорғалмайды, дүниеге келген бірінші күннен бастап сендер мемлекеттің қамқорлығындасыңдар.
Ата Заңымыз туралы, қазір Дильназ, Жібек, Ислам, Алуа , Әйгерім, тақпақтарын арнасын

Дильназ: Шалдықпадым талмадым
Арманды алға жалғадым
Конституция қорғаным
Атасы ол бар заңның
Жібек: Ғұрпымыз бар ел сенген
Дәстүрлері –ең ізгі
Әділдікпен өлшенген
Заңымыз бар негізгі
Әйгерім: Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле –жаладан
Ата Заң бұл ардақты
Ислам: Алтын заңым қорғайды
Бар адамның теңдігін
Әділетті қолдайды
Арқа тұтып, ел бүгін
Жүрг: Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –президент.
- Президентіміз кім, ел басқарып отырған?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы деп аталады.
- Дұрыс айтасыңдар. Біз үлкен де, күшті мемлекет Қазақстанда тұрамыз. 130 –дан астам әр ұлт өкілдері бар. Әрбір халықтың салт –дәстүрі мен тілі бар. Ең бастысы біз, Қазақстан деген ортақ үйімізде әнімізде, сәнімізде жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату –тәтті өмір сүріп жатырмыз.
- Сендер, балалар Отанымыз Қазақстан жайында қандай тақпақтар білесіңдер?

Жәнібек: Отанды біз атамекен
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені, онда бәрімізде
Туып –өмір сүреміз
Алан: Біз тілейміз бар бөбек
Бақытты өмір сүргенін
Туған елге еркелеп
Қуанғанын күлгенін
Ақерке: Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен көркем, неткен сұлу
Осы менің туған өлкем!
Анель: Отан туған еліміз
Отан туған жеріміз
Тек қана, осы Отанға
Арналады әніміз
Ән: «Туған жер»
Би: «Қазақ биі»
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?

- Әнұран, елтаңба, туымыз бар.
- Иә, балалар дұрыс айтасыңдар. Ашық аспандай көгілдір туымыз бар. Айбынды елтаңбамыз бар, мағыналы әнұранымыз бар.
- Ендеше, балалар рәміздер туралы тақпақтар айтып берейік.
Бекзат: Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Мирас: Көк аспанда жас қыран
Көк аспанда қызыл қыран
Естілгендей біздің үн
Сол ғарыштың астынан
Аңсар: Отан –деген атамекен
Отан –деген туған жер
Отан ана, Отан пана
Қазақстан туған ел!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар еліміздің рәміздерін өте жақсы білетіндеріңді байқаттыңдар.
Біз жас ұлан Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы ертеңі
Еліміздің даңқын көкке өрлетіп
Гүлге бөлеп жайнатамыз өлкені –еліміздің, жеріміздің жарқын болашақ жұлдыздары сендерсіңдер, балалар!
- Ендеше, қонақтарға, бір –бірімізге, Отанымызға арнап жылы тілектер айтайық.
Бекзат: Аспанымыз ашық болсын!
Жәнібек: Жеріміз гүлге толсын!
Дильназ: Елбасымыз аман болсын!
Алан: Заманымыз тыныш болсын!
Ислам: Балабақша гүлдене берсін!
Аңсар: Біз сіздерге сәттілік тілейміз!
- Өте жақсы тілектер екен, балалар! Ән: «Біз бақытты баламыз»
57 958
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Ата заңымыз – айбатты
Ата заңымыз – айбатты
Балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеп, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Ата заңым – айбыным! Конституция күні!
Ата заңым – айбыным! Конституция күні!
Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.
30 Тамыз – Конституция күні
30 Тамыз – Конституция күні
30 Тамыз – Конституция күні. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30 - тамызда 1995 жылы өз Ата Заңымыз қабылданды.
Ата  Заңым – айбыным
Ата Заңым – айбыным
Ел тәуелсіздігімнің кепілі, келешегімнің кепілі – Конституция күніне орай
Ата Заңым - ардағым
Ата Заңым - ардағым
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Ата заңым-ардағым
Ата заңым-ардағым
Тақырыбы: «Ата заңым – ардағым» Мақсаты: Ата заң туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×