Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен Отанымды сүйемін

19 наурыз 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Өзін - өзі тану
Тақырыбы: Мен Отанымды сүйемін.
Мақсаты: Отан туралы түсініктерін кенейту, патриоттық сезімдерін дамыту. Отанын сүюге тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Көрнекі құралдар: Қазақстанның көрікті жерлерінен видео. Саусақ қол моторикасын дамыту құралдары, суреттер.

Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл күйлеріңіз қалай?
Балалар: Жақсы.
Тәрбиеші: Балалар шаттық шеңберге қош келдіңіздер.
Отан деген – атамекен
Отан деген - туған ел
Отан - ана
Отан - үлкен,
Қазақстан - туған ел!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Орнымызға жайғасайық.
Тыныштық сәті
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көзімізді жұмамыз. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздерінің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббатпен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезіңіздер. Үлкенге көмектесіп, кішіге қамқор болып, сыйлап, достарына адал болу - әр баланың адамдық міндеті. Сондықтанда тату болайық. Көздеріңізді ашсаңдар болады.
Тәрбиеші: Балалар тыныштық сәтін орындағанда көз алдарына не елестеді.
Балалар: Еліміз, жеріміз, Отанымыз.
Тәрбиеші: «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» аясында өткізілген оқу қызметіміздің тақырыбы: Мен Отанымды сүйемін.
Біз бүгін сүйікті отанымыз, ауылымыз, қаламыз, өскен ортамыз жайлы әңгімелесеміз.
Әр адамның өз Отаны болады. Отан - ол біздің туған жеріміз, тұратын жеріміз, отбасымыз.
Отан - біздің ата-мекеніміз. Отан біздің табиғатымыз, айнала қоршаған ортамыз.
Біздің еліміз өте бай, өте әдемі. Біздің Отанымыз - Қазақстан.
Қазақ тілінде: Мен Отанымды сүйемін.
Орыс тілінде:
Ағылшын тілінде:
Тәрбиеші: Акерке сен қай қалада тұрасын.
Акерке: Мен Маңғыстау обл, Түпкараған ауданы, Баутин ауылында тұрамын.
Тәрбиеші: Біздің ауылымызда көрікті жерлеріміз бар: Олар: Иса – Досан ескерткіштер, Қуғын - сүргін ескерткіштері, бақшамыз, музейімізбен мақтана аламыз.

Балалардың тақпақтары:

Диас:
Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін
Достым, білгің келеме?

Алихан
Отан - сенің ата - анаң,
Отан - досың, бауырың
Отан - өлкең, астанаң
Отан - аудан, ауылың

Айару
Отан - тарих, отан - тіл
Жасаған елің, өз халқың
Отан - өлкең, отан - жыр
Көтерген көкке ел даңқын.

Ақерке М
Жақсы болу - өзіңнен
Жаман болу - өзіңнен
Өзіңді - өзің ая да
Өзіңнен үйрен өзіңнен

Гүлсезім
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла

Ж. Сабина
Ақылы бар баласың
Айтқан тілді аласың
Намысты болып өссең сен
Нағыз адам боласын.

Әңгімелеу
Жай ғана әжей.
Жолда ұл мен қыз келе жатты. Олардың алдында бір әжей келе жатқан. Жол өте тайғанақ еді. Әжей тайғанап құлап қалады.
Менің кітаптарымды ұстай тұршы – деп ұл, қасындағы қызға сөмкесін ұстата салады.
Ол қайтып келгенде қыз одан;
Ол сенің әжең бе - деп сұрады.
- Жоқ, деп жауап берді бала.
- Анаң ба - деп таңғалды қыз
- Жоқ
- Тәтең бе? Әлде танысың ба?
Олай да емес!- деп жауап қайтарды бала. Ол жай ғана әжей ғой! Үлкен кісілерге көмек беріп, сый - құрмет көрсеткен жөн емес пе?
Тәрбиеші: Міне, балалар, «Отан отбасынан басталады»деген осы.
Саусақ моторикасы арқылы әңгімелеу.

Сергіту сәті.

( Видео бойынша сергіту сәтін жасау.)

Ұжымдық жұмыс
Балалар топқа бөлініп әдемі жерлеріміздің бейнесін құм терапиясы арқылы бейнелеу.
(Бәйтерек, табиғат көрінісі, Пирамида.)

Қорытындылау.
Біз бүгін сүйікті Отанымыз, ауылымыз, қаламыз, өскен ортамыз жайлы әңгімелесеміз.
Әр адамның өз Отаны болады. Отан - ол біздің туған жеріміз, тұратын жеріміз, отбасымыз.
Отан - біздің ата-мекеніміз. Отан біздің табиғатымыз, айнала қоршаған ортамыз.
Біздің еліміз өте бай, өте әдемі. Біздің Отанымыз - Қазақстан. Отанымызды мақтан тұтамыз. Балалар өте жақсы қатыстыңыздар. Балаларға смайликтер таратылады.

Жүректен жүрекке
Тәрбиеші: Балалар орнымыздан тұрып жүректен - жүрекке шеңберіне жиналайық.
Ән: «Атамекен» орындалады.
Тәрбиеші: Балалар келген қонақтарға сау бол айтамыз. Қош сау болыңыз!

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасы
«Өзін - өзі тану мұғалімі: Дощимова Жемисхан

Мен Отанымды сүйемін. жүктеу
5 958
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Махаббат — өмір өзегі
Махаббат — өмір өзегі
Бәрінің бастауы – Махаббат! Жанына нұр сепкен шапағат. Еңбектің рақатын сездірген, Гүлдерге құлпыртып түр берген.
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Қашаған Құржыманұлы атындағы № 8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шегербаева Роза Лесқызы
Табиғат – біздің анамыз!
Табиғат – біздің анамыз!
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі: Мухамбетова Жулдуз
Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Сабырова Светлана Кусайновна
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Избасарова Раушан Тлегенқызы Солтүстік Қазақстан облысы, М Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы
«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан»
«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Қазалы ауылы, №9 "Балауса" балабақша тәрбиешісі Шынар Мүберекова Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық» Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан» Мақсаты: «Құрмет»,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×