Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік тұғырым

10 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым
Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік мерекесі туралы жалпы түсінік беру. Тіл мәдениетін жетілдіру, білімдерін өлеңдермен, әндермен байыту. Балалардың туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: рәміздер.
Жүргізуші: Балалар оң қолымызды жүрегімізге қойып әнұран айтайық. (балалар ән ұран орындайды).
Жүргізуші: Балалар шеңбер құрып бір - бірімізге жақсы, жылы лебіздерімізді білдірейік. (балалар бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді).
Жүргізуші: Өте жақсы жарайсыңдар!
Жүргізуші: Біздің туған еліміздің, жеріміздің егеменді ел болып, тәуелсіз алғанына міне, 28 жыл толыпты. Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі мерекелік сабағымыз Қазақстан тәуелсіздігіне арналады. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші: Балалар енді бәріміз орындарымызға отырайық.
Жүргізуші: Біздің Отанымыз, туған еліміз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: ҚР - ның елбасы кім?
Балалар: Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы.
Жүргізуші: ҚР - ның бас қаласы қалай аталады?
Балалар: Астана.
Жүргізуші: Балалар Астана қаласы туралы кім тақпақ біледі?
Нұрдәулет: Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қалам - бас қалам!
Жүргізуші: Жарайсың! Балалар, біз ҚР - ның рәміздерін білеміз бе?
Балалар: Елтаңба, Әнұран, Ту.
Жүргізуші: Өте дұрыс.
Жүргізуші: Балалар, осы рәміздеріміздің бірі Елтаңба. Елтаңба - ортасында шаңырақ. Ол еліміздің тұтастығын, жұлдыз – биік, жарық болсын деп биікте орналасқан. Екі жағында тұлпар - биік арманның, қайраттың нышанын білдіреді.
Ақерке: Елтаңбасы елімнің,
Неткен айбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.

Жүргізуші: Өте тамаша! Келесі рәмізіміз көгілдір Ту. Ту - ортасында күн сәулесі береке тыныштықты білдіреді, өрнек зұлымдықтан қорғаған, бүркіт - қазақтың ойының биіктігін білдіреді. Қане, осы Ту туралы кім тақпақ біледі?

Бекбол: Қазақстанның туы,
Көк аспандай көкпеңбек.
Қазақстан жалауы,
Көк емес ол тектен - тек,
Елдің ашық қабағы.

Еңлік: Туымызға көгілдір,
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында
Көгереміз, көктейміз.
Жүргізуші: Жарайсың! Ал балалар біздің келесі рәмізіміз Әнұран. Әнұран - салтанатты мерекелік ән. Оны айтқанда оң қолымызды жүрегімізге қойып айтамыз. Әнұранның сөзін жазған Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев. әнін жазған Ш. Қалдаяқов.
Жүргізуші: Балалар Әнұран туралы кім тақпақ біледі?

Нұрназ: Әнұраным - жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Әнұраным менің Қазақстаным!

Жүргізуші: Өте жақсы.
(есік қағылады)
Жүргізуші: Балалар бізге біреулер қонаққа келген сияқты бұл кімдер болды екен, қарайын.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер аталар!
Аталар: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Жүргізуші: Қане, балалар аталармен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме аталар!
Жүргізуші: Төрлетіңіздер! Балалар бұл аталар Төле би, қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би.
Жүргізуші: Төле би ақылды, әділ адам болған. Қазыбек би - тапқыр, батыл адам
болған. Әйтеке би - шешендігіне қоса ел басқарған адам.
Жүргізуші: ал енді аталарымыздың өсиеттерін тыңдайық.
Қазыбек би: Өркенім өссін десең кекшіл болма,
Кесапатың тиер еліңе.
Елім өссін десең ез болма,
Өскеніңді өшірерсің.

Төле би: Жаңбыр жаумаса - жер жетім,
Басшы болмаса – ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.

Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң жауға найзаң тисін.

Жүргізуші: Рахмет аталар. Аталар, балалар биыл еліміздің тәуелсіздігіне 28 жыл. Осы мерекеге арнап кім тақпақ айтады?

Альфия: Жыр арнадым еліме тебірене,
Үміт артам елімнің ертеңіне.
Тәуелсіздік алғалы 28 жыл міне,
Отаным жылдан жылға көркеюде.
Тілеймін әр адамға бақыт қонсын,
Елімізде, бейбіт, тыныш заман болсын!

Даниял: 16 - шы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекені ел тосқан,
Атаменен барған күн.

Сабина: Гүлмен келсін келер күн,
Бала - бағы бар елдің.
Балалардың күлкісі,
Көркі, сәні әлемнің!

Ақбота: Көк байрақ, көк аспан,
Алтын күн нұр шашқан.
Әлемге танылған,
Тәуелсіз Қазақстан!
Жүргізуші: Өте жақсы. Ал енді балалар осы тәуелсіздік күніне арнап алдарымыздағы тудың суретін ақ қағаз бетіне желіммен жапсырайық. Алдымен барлығың маған қараңдар. Қоңыр түсті қағаздың артына желімді жағамыз содан кейін оны ақ қағазға жабыстырамыз ол туымыздың сабы. Содан соң көк түсті суретін алып оған да желім жағып жабыстырамыз. Қане, енді бәріміз жұмысқа кірісейік. Қане, кім желімдеп жабыстырып болды? (балалардың жұмыстарын қарап шығу) Нұрназ, Альяия, Бекбол, Нұрдәулет өте жақсы желімдепті. Балалар енді бәріміз орындарымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті: Құлпыра берші кең далам,
Аспандағы күнімдей.
Отанымды сүйемін,
Құшағыңа енемін. (2рет қайталау)
Жүргізуші: Орындарыңа отырағойыңдар. Жұмысымызды жалғастырайық. Аталар міне, біздің балалар өте жақсы жапсырған.
Қазыбек би: Балалар өте талантты, өнерлі екен. Өркендерің өссін.
Әйтеке би: Енді біз жол жүрейік тағы да баратын жерлеріміз бар.
Төле би: Сау болыңдар, балалар.
Жүргізуші: Сау болыңыздар аталар! Қане, балалар аталарға сау болыңыз айтайық.
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Балалар бүгін біз ҚР - ның рәміздерімен таныстық. Бізге қонаққа кімдер келді?
Балалар: Аталар. Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке би.
Жүргізуші: Өте дұрыс! Тәуелсіз елдің жарқын болашақ балалары сендерсіңдер. Рахмет сендерге. Балалар енді бізге келген қонақтарға сау болыңыздар айтайық.
Балалар: Сау болыңыздар.
Жүргізуші: Осымен мерекелік оқу - қызметіміз аяқталды.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутин ауылы
"Ақбота"балабақшасының тәрбиешісі
Басжанова Рзахан Калдыбаевна
2 571
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Тәуелсіздік ел – тірегі!
Тәуелсіздік ел – тірегі!
Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Жайнай берсін, Астана!
Жайнай берсін, Астана!
Астана туралы мәлімет беру.
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ
№5 «Ақбота»МДҰ МКҚК Әдіскер Есжанова С. Т.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×