Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абайла, бағдаршам!

10 сәуір 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Абайла, бағдаршам!
Жолда жүру ережесін жадыңда ұста.
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ойландыру, іздендіру, сұрақ - жауап, баяндау
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жол ережесіне арналған кітаптар.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал
Кіріспе: «Жол травматизмінің алдын алу».
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір бала « Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті бала көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?
Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.
Балалар мен қазір сендерге жұмбақтар жасырамын, сендер жауабын айтасыңдар:

Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

2. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

4. Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

5. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)
Тәрбиеші: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп алу баршамызға керек.
1. Неге?
Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
3. Жиек жол деген не? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Суреттерде:
Қызыл — Тоқта!
Сары — Сақтан!
Жасыл — Жол ашық!
Сергіту сәті: «Біз әдепті баламыз»
Балаларға суреттердегі жолда жүру ережелері туралы сұрау. Слайд көрсету.
Ойын: «Алғашқы көмек» Мақсаты: Балалар екі топқа бөлініп, жолда апат болған кісіге алғашқы көмегін ұсынады. Бірінші болған топ мадақталады.
Тәрбиеші: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көше, қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол – ортақ!
Үлкен – кіші баршамызға!
Балалар мен қазір сендерге ақ қағаз бен қарындаштар таратамын біз жолда жүру ережелерінен үйренген әрбір кезеңді сурет етіп салуымыз керек. Кім жақсы салға көрмеге қойылады.
Бояғыштарды тарату.
Сабақты қорытындылау. Рефлексия.
Балалар бүгін біз не үйрендік?
Балалар жолда жүру ережелерінен не білдіңдер?
Сендер жол ережелерін сақтауға уәде бересіңдер ме?
Жолда кімнің көмегі қажет болады?
11 807
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру. 2. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту.
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Мақсаты:1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.
Жол тәртібін білейік
Жол тәртібін білейік
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы, №41 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мырзағалиева Айшагүл Есимқызы
Жолда жүру ережесін сақтайық!
Жолда жүру ережесін сақтайық!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Бекова Жамила Асанқызы
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №1 Алға мектеп - бақшада тәрбиешісі Калкаева Адеми Жоламановна
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердешева Жадыра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×