Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рәміздерім - мақтанышым

03 маусым 2018, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
3 сынып
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Рәміздерім - мақтанышым
Мақсаты:
а\ Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ә\Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
б\ Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты видио, слайд,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезең
Әр топқа сурет таратылады. Топ мүшелері мозайка құрады.
Қандай мозайка шықты?
ІІ. Топтық жұмыс
Ендеше құрған мозайка туралы не айтасыңдар?
Ту
Елтаңба
Әнұран
Постер құру
ІІІ. Бүгінгі біз «Рәміздерім - мақтанышым» атты тәрбие сабағымызды өтеміз.

І топ Ту
ІІ топ Елтаңба
ІІІ топ Әнұран
туралы өлеңді мәнерлеп оқу

І топ
Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның,
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.
Еске белгі - ұрандар,
Сары алтындай сақталған,
Күн, шұғыла, қыран да,
Алтын түспен апталған.
Астында оның қалқыған,
Қыран құстың бейнесін,
Азат елдің шалқыған,
Көңілі деп білерсің.
Сол жағында матаның,
Қызыл түсті жолақ тік.
Мұратындай атаның,
Әсем өрнек ол - ұлттық.
Көк байрағы бабаның -
Бүгінгі ұрпақ алауы,
Мияты әке, баланың -
Қазақстан Жалауы!
І топтан кейін:
Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын - қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.
1992 жыл 4 - маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР - ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.

Мұғалімі: Уатаева Қ. С.

Рәміздерім - мақтанышым. жүктеу
3 267
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы
Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
«Рәміздерім – мақтанышым» Шығарма - реферат
«Рәміздерім – мақтанышым» Шығарма - реферат
Бүгінде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылып келеді. Соның бірі жастар, жас өрендер арасында ұлттық нақыштарымыз рәміздерді насихаттау.
Рәміздерім, мақтанышым!
Рәміздерім, мақтанышым!
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің мұғалімі: Берикова Бақытгүл
Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер
Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер
Орал қаласы, М.Б.Ықсанов атындағы № 36 орта жалпы білім беретін мектеп мұғалімі Ильясова Гүлбаршын Шарафудиновна
Рәміздерім-мақтанышым
Рәміздерім-мақтанышым
№35 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Баймуханова Гульназым Куанышевна
Рәміздерім - мақтанышым (тәрбие сағаты)
Рәміздерім - мақтанышым (тәрбие сағаты)
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×