Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат бұрышында эксперименталды - тәжірибе жүргізу жұмыстары

23 маусым 2018, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Табиғат бұрышында эксперименталды - тәжірибе жүргізу жұмыстары
Тәрбиешілер: Назымбекова Р. З.
Сыздыкова Р. С.

Түсіндірме жазба
Мектепке дейінгі балалар – туғаннан зерттеушілер десек болады. Бұған дәлел – олардың бір затқа деген құмарлығы, үнемі эксперимент жасауға ұмтылуы, проблемалық жағдайлардың шешімін дербес табуға ниет білдіруі болып табылады. Педагогтың басты міндеті – осындай іс - әрекеттерде балалардың жолын кеспеу, керісінше, белсенді түрде көмектесу.
Танымдық - зерттеу туралы айта отырып, алдымен кез келген заттарды меңгеру, қоршаған әлемдегі құбылыстар арасындағы байланыстарды ретке келтіру және жүйелеу арқылы біз баланың белсенділігін танимыз.
Бұл іс - әрекет ерте балалық шақта пайда болады, басында жай ғана мақсатсыз қарапайым эксперимент сияқты көрінеді, кейін киім-кешектермен эксперимент жасау барысында заттардың түсіне, олардың пішіміне назар аударады.
Мектепке дейінгі «балалар шақ аралы» атты танымдық – зерттеу қызметінде түрлі ойындарды жүргізуге сонымен қатар, кез келген жаңа материалдарды сынап көруге мүмкіндіктері бар.
Мектепке дейінгі ересек жастағы танымдық - зерттеу қызметі баланың танымдық себептерімен, саналы ниетімен жаңа әлемді танумен ерекшеленеді.
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің танымдық - зерттеу қызметі табиғи нысан түрінде заттарға эксперименттер жасаумен және вербалды зерттеу түрінде ересектерге сұрақтар қоюмен көрінеді (неге, не үшін, қалай?).
Н. Н. Поддьяков эксперименттерді шамамен зерттеу (іздеу) қызметінің негізгі түрі ретінде көрсетеді. Іздеу қызметі әр түрлі және интенсивті болса, онда соғұрлым бала жаңа ақпараттарды қабылдап, одан әрі дамуға мүмкіншілігі бар.
Ол шамамен - зерттеу қызметін екі негізгі түрге бөледі.
Бірінші. Қызмет процесіндегі белсенділік, толығымен балаға сүйенеді. Алғашында бала әр түрлі нысандарды адал ниетпен зерттей бастайды, содан кейін өз қызметін дербес ретінде құрып жатқан сияқты оны толық субъект ретінде қабылдайды: мақсат қояды, тәсілдерге қол жеткізу үшін жолдар іздейді. Бұл жағдайда, бала өз қажеттілігін, қызығушылығын, қанағаттандырады.
Екінші. Белгілі іс - әрекеттерді ересек адамдар ұйымдастырады, олар элементтердің елеулі жағдайларын бөледі, балаларға белгілі бір алгоритм іс - қимылын үйретеді. Осылайша, балалар нәтижелер алады.

Апта тақырыбы: «Балабақша», «Детский сад», «Kindergarten»
Оқу іс - әрекеті тақырыбы: «Субұрқақтар»
Мақсаты:
Мақсаты: көңіл - күйді құру, дербестілікті және құмарлықты дамыту.
Сипаттамасы: Балалар серуенге шығады. Тәрбиеші балаларға суретте бейнеленген түрлі түсті фонтандарды әкеледі. Фонтан дегеніміз не? Фонтанды қайдан көрдіңдер? Адамдар қалада фонтандарды не үшін құрады? Фонтанды өзіміз құра аламыз ба? Неден құрастыруға болады? Балалар тәрбиеші әкелген түрлі заттарға шегелерге, бүтілкелерге назар аударады. Мына материалдардан фонтан құруға бола ма? Қалай істеуге болады? Тәрбиеші бүтілкені жан - жағынан тесіп, тесіктерді сіріңкемен жауып қояды да, оны сумен толтырады, кейін сіріңкелерді алып тастайды осыдан фонтан пайда болады.
Бізде фонтан қалай шықты? Бөтелке тесіктері сіріңкемен жабылып тұрғанда неге су ақпайды? Балалар су шашыратып фонтанмен ойнайды.

«Менің қалам»
«Мой город»
«Mytown»
Тақырыбы: Түрлі - түсті шарлар
Мақсаты: негізгі түстерді бір - біріне қосуда, басқа жаңа түстер алу: қызғылт сары, жасыл, күлгін, көгілдір.
Сипаттамасы. Қоян балаларға шарларды бояп беруін сұрайды. Оған қандай түс ұнайды екенін біліп алайық. Біз не істейміз егерде бізде жасыл көгілдір, қызғылт сары, жасыл немесе күлгін түстер жоқ болса?
Оларды қалай жасауға болады екен?
• Балалар қоянмен бірге екі түсті бояуыштарды бір-біріне қосады. Егер бұдан керекті түс шықса, балалар кішкене шарларды сол шыққан түспен бояйды. Осылай түстерді бір - біріне қосып балалар тәжірибе жасайды. Қорытынды: қызыл мен сары түсті араластырсақ
қызғылт сары түс шығады; көкпен сарыны — жасыл, қызылды көкпен — күлгін, көкті ақпен — көгілдір.
Тәжірибенің қорытындысы жұмыс парағында бекітіледі.

«Отбасы», «Семья», «Family».
Тақырыбы: Көбіктен жасалған жастық
Мақсаты: сабынды судың бетінде заттардың қалқуы туралы (заттардың су бетінде қалқуы оның көлеміне емес, тек оның ауырлығына қатысты).
Сипаттамасы.
Миша қонжығы
баларға сабынды көбіктер жасай алатыны жайлы әңгімелейді.
Ол сабын көбігінде барлық заттар бата ма?, әлде жоқ па? екендігін білгісі келіп тұр.
Балалар тамызғыш арқылы сұйық сабынды алып, оны суы бар тегешке құяды.
Көбікті немен шығаруға болады? Көбігіміз қандай болып шықты? Көбік суға түрлі заттарды салып көреді. Не су бетінде қалқып жүр? Не батып жатыр? Суда барлық заттар біркелкі ме? су бетінде қалқып жатқан заттардың көлемі бірдей ме?
Заттардың судың бетіне қалқуы неге қатысты? (Тәжірибе жұмыстары фланелеграфте бекітіледі).

Табиғат бұрышында эксперименталды - тәжірибе жүргізу жұмыстары. жүктеу
2 424
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді.
Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын бейнелеу түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру;
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
«Таным» білім беру саласы бойынша жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып балалардың бойындағы танымдық қабілеттерін дамыту
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент. Физикалық теория
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент. Физикалық теория
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Қазалы гуманитарлы – индустриялдық колледжінің мұғалімі Әшірбекова Ақтолқын
Бидай өсіру
Бидай өсіру
СҚО, Уәлиханов ауданы, Бидайық орта мектебі Жобаның авторы: Ибраева Толқын, Салықбаева Тамила Жетекшісі: Касимова Райхан Баймырзақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×