Сенбі, 22 Наурыз 2025
  • 05
  • :
  • 35
  • :
  • 09
Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Топта ұшып жүрген түрлі - түсті шарлар

23 маусым 2018, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: Топта ұшып жүрген түрлі - түсті шарлар
Мақсаты: «Кең - тар», «ұзын - қысқа» сөздерін дұрыс қолдану және ретімен санау қабілеттерін тереңдету.
Міндеттері: Дыбысты шығаруға және оны санауға, қортынды санды атауға үйрету.
Ақыл - ойын, зейінділігін, байқағыштығын дамыту.
Достық мерекесі туралы түсініктерін арттыру.
Қажетті құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: Сурет «Достық күні мерекесіне» қалалық паркте, «Аттракционға билет», геометриялық пішіндер, «Ұшақ - кілемше»- геометриялық пішіндер, бубен, сылдырмақ, ширма, шарлар, «ұзын - қысқа» жіптер.

Мотивациялық - қозғаушы
Екі қуыршақ келеді біреу орыс, біреу қазақ?
Тәрбиеші «Достық туралы» тақпақ оқиды...
«Достық күні мерекесіне» қалалық паркте қандай ойын сауықтар болады?
- Қалалық паркке барғыларың келеді ме?
Ендеше екі топқа бөлінейік: І топ - шығармашылық орталығында, қазақ ұлттық тақия әшекелейді, ІІ топ - дамыту орталығына, қалалық паркке барады

Ұйымдастыру іс - әрекеті
Дидактикалық ойын: «Аттракционға билет аламыз»
Балалар аттракционға бару үшін біз билет алуымыз керек, балаларда билетте дөңгелектер бірден үшке дейін, үш түсті (қызыл, сары, жасыл)
- Билеттердің түсі қандай?
- Қанша билетте дөңгелектер болса сонша орындықта дөңгелектер болу керек,
тәрбиеші балалардың тапсырманы орындағаның тексереді.

Дидактикалық ойын: «Сиқыршы»
Мақсаты: геометрикалық пішіндерді сезіп тану
- Балалар, сендер сиқыршы болғыларың келеді ме?
Менде «сиқырлы қалта» бар, оның ішінде әр түрлі геометриялық пішіндер, сендер қолдарыңды «сиқырлы қалтаға салып, мен айтқан пішінді сипаттап алып шығарыңдар деп түсіндіреді.
Мысалы: дөңгелекті алып шығар, түсін айт, солай ойын жалғаса береді

Дидактикалық ойын: «Ұшақ - кілемше»
Мақсаты: зейінділігін дамыту, «кең - тар» сөздерін қолдануды ұсынады
Балалар, сендер ұшақ - кілемшемен ұшқыларың келеді ме?
Бірақ та біздің кілемше жыртылып қалыпты, оны жөндеу керек, жамауларың (геометрикалық пішіндер) тауып алып кілемшеге қою.
Біз ұшақ - кілемшені жамадық, енді ұшып кетуге де болады: « Бір, екі, үш»

Сергіту сәті
«Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз,
Көкке қарап, талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.»
Дидактикалық ойын: «Қанша - сонша»
Үстел астынан ширманың артынан бубен, сылдырмақ соғып, балалар, қанша дыбыс естісе сонша шарлар пішінін көрсету керек.
Дидактикалық ойын: «Шарлар ұшып жүр»
Балалар, бізге қуыршақтар шарлар сыйлап жатыр, бірақ та оларда жіптері жоқ, біз оларға «кең - тар», «ұзын - қысқа» жіптерін түсіне сай тауып берейік.

Топта ұшып жүрген түрлі - түсті шарлар. жүктеу

Жаңалықтар
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.
Сиқырлы жолдар
Сиқырлы жолдар
Қарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын - қысқа заттарды, үлкен - кіші, бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер, түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Қызықты математика
Қызықты математика
Балабақша тәрбиешісі: Меңдәлі Г.С.
Үздік математика
Үздік математика
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі Утегенова Рада Изгабдиевна
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Білім саласы: Таным Бөлім: Матеметика Математика әлеміне саяхат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×