Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балалардың күлкісі - көркі, сәні әлемнің

13 қыркүйек 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Балалардың күлкісі - көркі, сәні әлемнің
Мақсаты: Балаларды қорғау күні балаларға түсіндіру. Балаларды қамқорлыққа, ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шарлар, гүлдер, мерекелік тақырып, тақырыпқа сай суреттер.
Барысы:
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бұл күнде балалар саябақта, түрлі ой – сауық алаңдарында ата - аналарымен қыдырады. 1 - маусым «Балаларды қорғау күні». Бүгін бізге қонақтар келеді. Қане біріміз қарсы алайық.
Ханша:
Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды)
Біз қандай елге келдік.
Балалар: Б? л «Тұмар» балдырғандар елі.
Тәрбиеші: Бұл елде өте әдемі, ақылды, білімпаз, өнерпаз балалар тұрады. Біздің балардын өнерін тамашала Ханша.
(осы сәтте балалар шығады)
Айша
Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай - ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.

Нұрай
Бейбітшілік үніміз
Өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз

Азамат
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша

Еркебұлан
Гүлмен келсін келер күн
Бала - бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
Ханша: Ой, қандай керемет балалар, қандай өнерлі балалар, қандай әдемі балалар.
Тәрбиеші: Бүгінгі тәрбие сағатына «Ертегі әлемінің қонақтары да келіпті, хош келдіңіздер! Төрден орын алыңыздар. Құрметті Ханша
менімен бірге бүлдіршіндер өнерін жүргізуге басшылық жасауға қалайсыз? Келісесіз бе?
Ханша: Жарайды, келісемін мен де соны қалап тұр едім
(Осы кезде Шайтан келеді)
Шайтан: О - О мен сендерді іздеп бар әлемді шарладым ғой. Неге маған айтпай кетіп қалдың а? Неге айтшы Ханша, мен де сенің досың едім ғой.
Тәрбиеші: Сен Ханшаны азғырма. Ол тек әділдік пен адалдықты сүйеді. Сенімен дос болғысы келмейді, сен тек жаманшылыққа бастайсың.
Шайтан: Иә, саған мен де Ханшаның досымын.
Өткенде өзеннен алтын балық ұстап алғанда Ханша оны аяп қайтадан өзенге жібере салғысы келді. Ал, мен болсам Ханшаны үгіттеп 3 тілегіңді орындат дедім.

1 - ші тілегің «Мен әлемдегі ең әдемі ханша болсам»деп айт дедім. Ол тілегі орындалды.
2 - тілегің «Мен әлемдегі ең бай Ханша болсам» деп айт дедім. Ол тілегі де орындалды.
3 - ші тілекті айтқалы жатқанда Періште досын келіп килікті білесің бе, есіңе түсті ме?
Ханша: Саға не болған, қойшы енді. Маған сөз беретін түрің жоқ ғой. Маған Періштенің ақылы ұнады. Үйткені мен осы жасқа келгенше мынадай ғажайып елде болған емеспін. Сондықтан Шайтан сен бұл ғажайыпты бізбен бірге тамашала! Ойыңды сосын айтарсың.
Шайтан: Құп! Ханша.
Тәрбиеші: Өте, тамаша келіңіз менің қасыма. Біздің балаларға қандай тартуыңыз бар. Мүмкін ән айтып не би билеп берерсіз.
Ханша: Әрине менде құр қол келген жоқпын. Шайтан менің әуенімді қосшы.
(«Ертегі әлемі» әнін орындайды)
Тәрбиеші: Нугуманова З. М.
Балалардың күлкісі - көркі, сәні әлемнің. жүктеу
2 506
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 маусым балаларды қорғау күніне арналған тақпақтар
1 маусым балаларды қорғау күніне арналған тақпақтар
Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы Достығымыз жарасқан.
Мен өмірдің гүлімін (1 маусым балалар күні мерекесі)
Мен өмірдің гүлімін (1 маусым балалар күні мерекесі)
«Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Біз өмірдің гүліміз - балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік
Біз өмірдің гүліміз - балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік
1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, б бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Жүздерінен мейірім мен нұр тамар
Халықаралық балаларды қорғау күні
Халықаралық балаларды қорғау күні
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Мақсат балабақшасының мұғалімі Жакеева Алма Маратовна
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ
№5 «Ақбота»МДҰ МКҚК Әдіскер Есжанова С. Т.
«Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің»-мерекелік ертеңгілік
«Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің»-мерекелік ертеңгілік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9"Балауса" балабақша тәрбиешісі Шынар Мүберекова Тыныштыққызы Ханша: Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды) Біз қандай елге келдік,ақылшы періштем? Періште: Бұл «Балауса» балдырғандар елі. Бұл елде
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×