Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Р дыбысын қою

30 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
І. Кіріспе бөлімі
Логопед: - Сәлемдесу. Балаларды оқу қызметіне дайындау.
- Мезгіл және ауа райы ерекшелігін сұрау.
- Жұмбақ жасыру:
Гүлге қонады,
Шырынын сорады.
Түр – түсі сары ала
Бұл не?
Балалар: «Ара»
Логопед: - Ара сөзінің ортасында қандай дыбыс орналасқан екен? – сұрақ қойып, жауап алу.
- Дыбыстық талдау жасату
Балалар: - дыбыстық талдау жасайды
Ғажайып сәт!
- «Ара» кіреді.
- Балалармен амандасады, өзінің тілегін және өтінішін айтып, сиқырлы кітап - «Лэпбук» тапсырмасын береді.
- Балалар таң қалып, қуанады.
- Ара балалардан гүлдерге қонып, гүлден нәр, шырын жинауға көмектесуін сұрайды. (Лэпбук тапсырмаларын орындау арқылы)

ІІ. Негізгі бөлім
Балалар: «Р» дыбысы атты лэпбугын ашып, танысады.
1 - тапсырма
Слайд - презентация
- Бүгінгі тақырыппен таныстыру
- [Рр] дыбысына сипаттама беру
- Артикуляциялық қалпы және әріптік таңбасымен таныстыру;

2 - тапсырма
Тілге арналған артикуляциялық жаттығуларды видео - материалдан көру арқылы айна алдында орындату;
Мақсаты: дыбысты дұрыс айтуға қажет сөйлеу мүшелерінің қалпын, қимыл қозғалысын дамыту.
Жаттығулар: «Бақа», «Кесе», « Әткеншек», «Ат шауып келеді», «Саңырауқұлақ»,«Баян тарту» жаттығуы;
Балалар: - Көру арқылы, мұқият тыңдап, тілге арналған жаттығуларды қайталай отырып, айнаға қарап орындайды.

3 - тапсырма Тыныс алу жаттығуы
- «Зымыранды ұшыр» жаттығуы
Мақсаты: Дыбысты айту кезінде тыныстың қалпын сақтау және дұрыс тыныстауға машықтандыру
Шарты: Мұрын арқылы терең тыныс алып, зымыран суретін түтікше көмегімен үрлеп аспанға ұшыру керек.
Балалар: - Тыныс алу жаттығуын орындайды, зымыран суретіне бекітілген түтікшеден үрлейді.
Логопед: - балаларға «Р» дыбысының артикуляциясымен таныстыру

4 - тапсырма «Р» дыбысының әріптік таңбасымен және артикуляциялық қалпымен, айтылуымен таныстыру (сурет арқылы)
Логопед: - Жолбарыс ашуланғанда, аңдарды қорқыту үшін қандай дыбыс шығарады?
- Аудио дыбыс арқылы жолбарыстың дыбыстауы естіледі.
- Қане, бірге қайталап айтайық! - Р - Р - Р - Р - Р
Балалар: Аудио жазбаны мұқият тыңдап, қайталап бірге айтады. Жолбарыстың дауысын салады: - Р - Р - Р - Р - Р
-«Р» дыбысын қайталайды.

5 - тапсырма Буындарды қайталау (слайд арқылы)
«Жаңғырық» ойыны
Ра - ра - ра – ұшып жүр ара!
Ра - ра - ра – көмірдің түсі қара.
Ар - ар - ар – жауды аппақ қар.
Ре - ре - ре – кітап толы сөре.
Ер - ер - ер – тегіс екен жер!
Ры - ры - ры – күннің түсі сары!
Ыр - ыр - ыр – аспаннан жауды жаңбыр!
- Буындардың жалғасын суреттен көру арқылы айтады.

6 - тапсырма «Р» дыбысын сөзде машықтандыру
«Тізбекте!» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Сөздегі «Р» және «Л» дыбысы бар суреттерде дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру.
Шарты: суреттер арасынан «Р» және «Л» дыбысы бар суретті алып, әріптік таңба астындағы жіпке орналастырып, тізбектеу керек.
Балалар: Тапсырманы таратпа суреттер арқылы үстел үстінде және электронды тақта көмегімен орындайды.
-«Р» және «Л» дыбысының әріптік таңбасына суретті тауып, жіпке тізеді.

Сергіту сәтін орындау:
Ракета - зымыран!
Ғарышқа оны ұшырам.
Аспанға қарап ай көрдім.
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға - солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Балалар: Қимыл арқылы көрсетіп, «Р» дыбысын сөзде дұрыс айтады.

7 - тапсырма «Р» дыбысының сөздегі орнын анықтау
«Үйін тап!» тапсырмасы (Флиппчарт технологиясы арқылы орындау)
Мақсаты: «Р» дыбысының сөзде (сөздің басында, ортасында, соңында) орналасуын анықтауға үйрету.
Шарты: Тақта көмегімен «Р» дыбысының сөзде орналасуына қарап, өз үйлеріне суреттерді қойып, сөзді атап беруі керек.
Балалар: алдында орналасқан таратпа суреттермен «Р» дыбысы бар суреттерді үйшікке орналастырады және электронды тақтада орындайды.

8 - тапсырма «Р» дыбысын сөйлемде айтып машықтандыру
«Сөйлем құра» тапсырмасы
Мақсаты: Тізбекті сурет арқылы сөйлем құрап айтуға үйрету.
Шарты: Тақтадағы бірнеше суреттердің тізбегі арқылы сөйлем құрастырады.
- Ара гүлге қонды.
- Айнұр шашын тарақпен тарады.
- Зымыран ғарышқа ұшты.
- Ата домбыра тартты.
- Балалар шарлы ұшырды.
- Балалар теледидар көріп отыр.

Балалар:
- Тізбекті суретке қарап сөйлем құрайды.
- Сөйлемді анық айтуға тырысады.

ІІІ. Қорытынды:
9 - тапсырма Фонематикалық есту қабілетін дамыту
«Сақ құлақ» ойыны
Мақсаты: Тақырыпты меңгерту, «Р» дыбысын есту арқылы «Л» дыбысынан ажыратуын дамыту.
Шарты: Балаға бірнеше сөздер айтылып, сол сөздер арасынан «Р» дыбысы кездесетін сөздерді естігенде балалар қол шапалақтайды, егер «Р» дыбысы жоқ болса аяқтарын қозғап белгі беруі керек.
Балалар: -«Р» дыбысын есту арқылы «Л» дыбысынан ажыратады;
- Балалар сөзді тыңдап түсініп, қайталайды.

Логопед: - Оқу қызметін қорытындылау, бекіту(сұрақ - жауап арқылы).
- Балалар бүгін сендер араның гүлдерден нәр, шырын жинауына көп көмектестіңдер.
- Балаларға алғыс айтып, мадақтау.
- Балаларды ойынға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, қолдарына «Араның сыйы» балды беріп, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Қолдана алады: «Р» дыбысының сөзде нақты, анық айтуды, электронды тақтамен жұмыс жүргізуді;
Түсінеді: Есту арқылы «Р» дыбысын сөздің басында, ортасында, соңында орналасуын анықтай алуы. Суреттегі мәтін мағынасын, сұрақ мазмұнын, ойын, жұмбақ мазмұнын;
Қайталай алады: Дауыс ырғағын дұрыс қалыптасуы. «Р» дыбысының артикуляциясы мен айтылу қалпын. Дидактикалық ойынның әрекетін. «Р» дыбысы кездесетін сөздерді айтуы. Дыбысты басқа дыбыстан ажыратып айту.
10 739
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысының артикуляциялық ерекшеліктерін түсіндіру, айтылу ерекшеліктерін қалыптастыру. Ұ дыбысын дауыстап дұрыс айтуға үйрету.
Н дыбысы
Н дыбысы
Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Балалардың сөздік қорын молайтуға, сөздерді буынға бөліп айтуға дағдыландыру. Диафрагмалды тыныс алуын дамыту.
М дауыссыз дыбысы
М дауыссыз дыбысы
М дыбысына артикуляциялық сипаттама беру, М дыбысы бар байланысты сөздермен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасау. Сөз ішіндегі дыбыстың орнын анықтау, сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Ж әрпі мен дыбысы
Ж әрпі мен дыбысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Горьковский орта мектебі мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Токбаева Хапиза Сайрановна
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Балапан" балабақшасының әдіскері Айнур Мухтаровна
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
«Балапан» балабақшасының әдіскері А.Килибаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×