Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұ дыбысы мен әрпі

15 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Балапан» балабақшасының әдіскері
А.Килибаева
Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы
Мақсаты
Ұ дыбысының артикуляциялық ерекшеліктерін түсіндіру, айтылу ерекшеліктерін қалыптастыру. Ұ дыбысын дауыстап дұрыс айтуға үйрету.
Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін,
фонематикалық есту қабілеттерін жетілдіру. Логикалық ойлау, таным процестерін жетілдіру. Соз қорын молайту, байланыстырп сөйлеу тілін жетілдіру.
Сұраққа толық жауап беруге, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, тыңдауға тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: Заттық суреттер (ұшақ, құлпынай, қарбыз, ұлу), текшелер, айна.
Сөздік жұмыс: ұлу
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Кәне, балалар жарты шеңбер жасап тұрайық!
- Балалар, осы аптада біз не туралы айтып жатырмыз?
- Қысқа тән құбылыстарды айтыңдаршы!
- Мен бастаймын, ал сендер аяқтайсыңдар.
- Қыста күн суық болады. Қар жауады.
- Жарайсыңдар, орнымызға отырайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, кеше сендер қай дыбысты әдемі, дұрыс айтып үйрендіңдер.
* Ш дыбысын барлығымыз бірге айтайықшы.
* Ш дыбысын айтқанда ерніміздің қалпы қандай?
* Тісіміздің қалпы қандай екен?
* Тіліміздің қалпы қандай екен?

III.Сабақтың тақырыбын баяндау.
- Балалар, мен сендерге тақпақ оқимын, соның ішінде қай дыбыс жиі естіледі екен?
«Ұлпабастың басына
Ұлу шықты асыға.
Ұстап алмақ боп оны,
Ұзақ қонды қасына.
Ұмтылғанда ол енді,
Ұлу қашты жөнелді»
- Ұлу дегеніміз жәндік міне мынандай болады. Оның өзінің үйшігі болады. Көбінесе сулы жерлерде тіршілік етеді.
* Балалар қай дыбыс жиі естіледі екен? (Ұ дыбысы)
* Ұ дыбысын бәріміз бірге айтайықшы!
* Ұ-ұ-ұ
* Ұ дыбысы қалай айтылады?
* Иә, әндетіліп, созылып айтылады, екен.
* Ұ дыбысы қандай дыбыс?
* Иә, дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
* Ендеше, балалар бүгін Ұ дыбысын әдемі, дұрыс айтып үйренеміз

IV. Дыбыстың артикуляциясын анықтау.
* Айнамызды алайық.
* Енді, Ұ дыбысын созып, әндетіп айтайық.
* Аузымызбен айтамыз, көзімізбен көреміз, құлағымызбен естиміз, басымызбен ойлаймыз.
* Балалар, ерніміздің қалпы қандай?
* Ерініміз құбырға ұқсап, алға қарай сүйірленіп шығады екен
* Ал, енді тісіміздің қалпына қарайық.
* Тісіміздің қалпы қандай?
* Аузымызбен айтамыз, көзімізбен көреміз, құлағымызбен естиміз, басымызбен ойлаймыз.
* Иә, Үстіңгі және астыңғы тістеріміздің арасы ашық екен.
* Тіліміздің қалпы қандай екен?
* Аузымызбен айтамыз, көзімізбен көреміз, құлағымызбен естиміз, басымызбен ойлаймыз
* Иә, тіліміз ұйықтап жатқан мысыққа ұқсайды.
* Ауа еркін шығады.

V. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
* балалар, кәзір «Зейінді бол» ойының ойнаймыз.
* Мен, сендерге дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтамын, ал сендер, дауысты дыбысты естігенде қызыл текшені, дауыссыз дыбысты естігенде көк текшені көтересіңдер.
* А, Н, Е, В,, С, О, О, О,
* М, Н, Г, Ш, А, Б, А, У, Ұ, Ұ, Ұ
* М, А, Р, О, М, Н, О, Ұ, К
* Жарайсыңдар, балалар!
* Балалар, енді мен сендерге дауысты дыбыстар айтамын, соның ішінде Ұ дыбысын естігенде шапалақтайсыңдар.
* А, Ә, Ұ, Ә, Ү, О, А, О, Ұ,

VI. Оқып жатқан дыбысқа талдау жасау.
- Балалар, қолымызды алдымызға қойып, бойымызды түзу ұстап отырамыз.
- Осы апта бойы не жайлы айтып жатырмыз?
- Қыстан кейін қай жыл мезгілі келеді?
- Көктемде жылы жақтан нелер ұшып келеді?
- Құстар сөзінде ұ дыбысы бар ма?
- Ендеше құстар сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
- кәне, ең алдымен бәріміз бірге құстар сөзін айтайықшы!
- құстар...
- Құстар сөзінде неше дыбыс бар?
- неше дауысты дыбыс бар?
- ережені кім айтады?
- Иә, бір сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады екен.
- Құстар сөзін буынға бөлейік. Құс – тар.
Бәріміз орындадық па?
* бірінші дыбыстың астын сызып көрсетші!
* Екінші дыбыстың астын сызып көрсетші!
* Үшінші дыбысты көрсетші.
* Соңғы дыбысты аташы!

VII. Бекіту.
Балалар, енді «Топтастыр» ойының ойнайық.
Мына суреттердің ішінен Ұ дыбысы бар суретті алып іріктейміз.
* Сен не алдын?
* Ұшақ сөзінде ұ дыбысы қай жерінде тұр?
* Құлпынай сөзінде ұ дыбысы сөздің қай жерінде тұр?
* Қарбыз сөзінде ұ дыбысы бар ма?
* Ал енді ұ дыбысы басында келетін суретті басына қойшы!
VIII. Үйге тапсырма. Ұ дыбысы бар он сөз ойлап келеміз.
XIX. Қорытынды. Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде не үйрендік.
* Иә, ұ дыбысын дұрыс айтуға үйрендік. Ұ дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасадық.
20 128
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысының артикуляциялық ерекшеліктерін түсіндіру, айтылу ерекшеліктерін қалыптастыру. Ұ дыбысын дауыстап дұрыс айтуға үйрету.
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Оқушыларға Ұ дыбысы мен әрпін таныстыру, сөз ішіндегі ұ дыбысының ерекшеліктерін меңгерту.
Ы - І дыбыстарын ажырату
Ы - І дыбыстарын ажырату
[Ы] және [І] дыбыстары қатысты сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту 2. балалардың танымдық қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Фонетика - фонематикалық есту қабілетін арттыру. Өз
С дыбысымен сиқырлы орманға саяхат
С дыбысымен сиқырлы орманға саяхат
Қызылорда қаласы, "Бегім Ана" балабақшасының логопеді Жанат Рахатқызы Есниязова
Ш дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасау
Ш дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасау
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Балапан" балабақшасының әдіскері Айнур Мухтаровна
С дыбысы және әрпі
С дыбысы және әрпі
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы «Балапан» балабақшасының әдіскері А.Килибаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×