Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұ дыбысы мен әрпі

11 сәуір 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: «Ұұ» дыбысы мен әрпін таныту.
Сабақтың міндеттері: Білімділігі: Ұ дыбысының артикуляциялық ерекшеліктерін түсіндіру, айтылу ерекшеліктерін қалыптастыру. Ұ дыбысын дауыстап дұрыс айтуға үйрету.
Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін, фонематикалық есту қабілеттерін жетілдіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, таным, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру.
Тәрбиелігі: сауаттылыққа, тиянақтылыққа, белсенділікке, әдептілікке, табиғатты қорғауға, құстарға қамқорлық жасауға, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын.
Түрі: дәстүрлі
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: Әліппе оқулығы, Ұұ дыбысының баспа, жазба түрлері, ұ дыбысына байланысты суреттер, буындық кестелер, құстар шаблондары.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Армысың алтын күн!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
2. Жж дыбысы қандай дыбыс?
3. Ж ж дыбысына байланысты қандай сөздер білесің?
4. Ж ж дыбысына сөз ойлап, оны буынға бөл. 5. Өлеңдерді жатқа сұрау. Оқулықтағы 69, 70, 71 - беттегі сөздерді буынға бөліп оқу.

ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Жұмбақ жасыру
Ұя, ұлу, ұшақтың
Басын бастап беремін.
Бұғы, жұмыртқа, бұтақтың
Ортасында келемін.( Ұ дыбысы)

Ұ дыбысын бәріміз бірге айтайықшы!
* Ұ - ұ - ұ
* Ұ дыбысы қалай айтылады?
* Иә, әндетіліп, созылып айтылады, екен.
* Ұ дыбысы қандай дыбыс?
* Иә, дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
* Ендеше, балалар бүгін Ұ дыбысын әдемі, дұрыс айтып үйренеміз
IV. Дыбыстың артикуляциясын анықтау.
* Енді, Ұ дыбысын созып, әндетіп айтайық.
* Аузымызбен айтамыз, көзімізбен көреміз, құлағымызбен естиміз, басымызбен ойлаймыз.
* Балалар, ерніміздің қалпы қандай?
* Ерініміз құбырға ұқсап, алға қарай сүйірленіп шығады екен
* Ал, енді тісіміздің қалпына қарайық.
* Тісіміздің қалпы қандай?
* Иә, үстіңгі және астыңғы тістеріміздің арасы ашық екен.
* Тіліміздің қалпы қандай екен?
* Иә, тіліміз ұйықтап жатқан мысыққа ұқсайды.
* Ауа еркін шығады.

V. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
* балалар, кәзір «Зейінді бол» ойынын ойнаймыз.
* Мен, сендерге дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтамын, ал сендер, дауысты дыбысты естігенде қызыл текшені, дауыссыз дыбысты естігенде көк текшені көтересіңдер.
* А, Н, Қ, Ғ, С, О, Л, О,
* М, Н, У, Ш, А, Б, А, У, Ұ, Ұ, Ұ
* М, А, Р, О, М, Н, О, Ұ, К
* Жарайсыңдар, балалар!* Балалар, енді мен сендерге дауысты дыбыстар айтамын, соның ішінде Ұ дыбысын естігенде шапалақтайсыңдар.
* А, О, Ұ, У, А, О, Ұ, А, О, Ұ,

VІ. Оқулықпен жұмыс: Бағандағы сөздерді оқу, мағынасын түсіндіру.(хормен) Құстардың үнін таспадан тыңдау)«Құстар» мәтінін оқып беру, түсіндіру, талдау.

VII. Дәптермен жұмыс. Ұ дыбысын ауада жазу. Үлгіде берілген Ұ дыбысын көркем етіп жазу.
VIII. Сергіту сәті. Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа
Допты алып, қолыма
Қойдым оның жолына
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады
Тау екен деп ойлады

IX. Семантикалық карта.
X. Сабақты бекіту.
2 504
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Оқушыларға Ұ дыбысы мен әрпін таныстыру, сөз ішіндегі ұ дыбысының ерекшеліктерін меңгерту.
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі ш дыбысының ерекшелігін меңгерту, ш дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру. Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Р дыбысы мен әрпі
Р дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Нәубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Оңайбаева Минаш Нәсіпқалиқызы
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
«Балапан» балабақшасының әдіскері А.Килибаева
Б дыбысы мен әріпі.
Б дыбысы мен әріпі.
Б дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздер ойлату және сөз ішінен «б» дыбысының қай буында тұрғандығын тапқызу, дауыссыз екендігін ажырата білуге үйрету.
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×